Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет33/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Жұлдыздардың үйлену тойлары 
Ендігі бір қызық жайт халықтың медиамен қарым-қатынасында жатыр. 
Бұл әдетте Instagram, Facebook сияқты әлеуметтік медиада көрінген. 


83
Instagram қолданушылары басқалардың, әсіресе танымал әнші сияқты 
қоғамдық тұлғалардың тойын бақылауға тырысқан. Мысалы, Instagram 
желісінде танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасының ұзату 
тойының фотосуреттері мен видеосы тараған. Жұлдыздардың үйлену 
тойы туралы постқа пікір жазған жұртшылық «Біз тіпті жаназа шығара 
алмай отырсақ, бұлар үйлену тойын тойлап жүр» деп ашу білдірген (nur.
kz, stan.kz, tengrinews.kz, @juldyzdar_alemi). 
Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбаеваның тойында да осыған ұқсас 
жағдай қайталанған. Бастапқыда Атыраудағы ұзату тойынан жас 
жұбайлар мен олардың аналары тұрған бір фото жарияланған. Ол 
суреттен құда түсу рәсімі қалай өткені көрінбейді. Кейін Instagram 
платформасында үйлену тойында кәсіби фотограф түсірген 
фотосуреттер жарияланып, онда жас жұбайлар той киімінде тұрғаны 
және мейрамханада екені көрініп тұрды (@todaykz_news). 
Осы екі жағдайда да полиция мен жергілікті әкімдік қызметкерлері шұғыл 
шара қолданған. Мысалы, 24-тамызда Денсаулық сақтау министрлігінің 
ресми өкілі Б.Қожахметовтың осы тойларды өткізгендер жазаға тартыла 
ма деген журналистің сұрағына жауабы (@todaykz_news) жарияланған: 
Денсаулық сақтау министрінің тікелей қадағалауында. Министр бүгін 
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Бекшинге телефон соқты. 
Қазіргі сәтте ішкі істер департаменті тойға кім қатысқанын, 
той қайда өткенін анықтап жатыр. Той шынында карантин 
кезінде жасалған ба? Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 
нормаларына сай шара қолдану үшін санитарлық талаптарды бұзған 
ба? Осы мәселелерді анықтап жатыр.
Кейінірек 29 тамызда @shymkent_news_ Instagram парақшасында Тауар 
мен қызметтің сапасы және қауіпсіздігін қадағалау департаментінің 
Т.Төреәлі қарындасын ұзату тойына қатысты деген ресми жауабын 
жариялаған. Айтуынша, той далада өткен, санитарлық талаптар 
бұзылмаған. Сондай-ақ басы бәлеге қалған мейрамхана иесі видеолар 
мен суреттер бұл мейрамханада түсірілмегенін айтқанын, Т.Төреәлі басқа 
қалада жүргенін жазған. 
Сосын 9-қыркүйекте Instagram жаңалық платформасынан Атырау 
облыстық Тауар мен қызметтің сапасы және қауіпсіздігін қадағалау 
департаментінің есебіне сілтеме жасай отырып, Бүркітбаеваның ұзату 
тойын ұйымдастырушыларға 41 мың теңге айыппұл салынғаны жазылған 
(@juldyzdar_alemi 04.09.2020 post). 
Аталған түсініктемелерге қарамастан, негатив пікір жалғаса берді. 
«Жұлдыздарға айыппұл төлеу түк те емес», «41 мың теңге төлеп, той 
өткізуге болады екен», «Байларға заң жоқ» деген сияқты пікірлер болды. 
Мұндай ашу-ызаны халықтың көбі өз жиын-тойын кейінге қалдыруға 
мәжбүр болғанымен түсіндіруге болады, себебі тойды жасырын жасау 
пандемияның да, заң шектеулерінің тұрғысынан да қауіпті еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет