Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫНА АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ



Pdf көрінісі
бет5/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫНА АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИАДИСКУРСТЫ 
ҚАМТУ СЕБЕБІ
Қысқа қайырып айтсақ, бүкіл әлемдегі әлеуметтік медианың COVID-19 
инфодемиясына (ақпараттың тым көп болуы) қосқан айтарлықтай 
үлесінен Қазақстан Республикасы да тыс қалмады. 
Толық жауап беруге тырыссақ, бірқатар күрделі мәселені қозғаймыз. 
Жаһандық экономикалық жүйе мен жаһандану интеграция мен ғаламдық 
бәсекені күшейте бермек, сондықтан кейбір қоғам өкілдері технологиялық 
трансформациядан пайда көрсе, енді бірі көшке ілесе алмайды. Шын 
мәнінде, жаһандық деңгейде ақпарат алып, пікір алмасу мүмкіндігі 
туды, одан ұтатындар да, ұтылатындар да болады. Пандемия кезінде оны 
өмірдің барлық саласынан байқадық, дегенмен әлеуметтік медиадан 
айрықша байқалды. 
Бірнеше ай бойы COVID-19 дерті туралы түрлі қауесет мың құбылып, 
қоғамдық дискурстың басты тақырыбына айналды; соның салдарынан 
адамдар арасында үрей, күмән және мемлекеттік мекемелерге деген 
сенімнің жоғалуы белең алды. Пандемия адамдардың өмір салтын 
түбегейлі өзгертті. Әлемнің барлық аумағындағы қауымның тұрмысы 
жаңа арнаға бұрылды: оқушылардың білім алуы, қоғамдық кездесулер, 
жұмыс, демалыс, тіпті саяхаттау талабы қайта қаралды. 
Жер шарының әр тұрғыны түрлі шектеуге тап болды, соның бәрі 
қоғамның іс-әрекетін тежеп тастады. Оқушылардың көбі сабағын онлайн 
оқуға мәжбүр, сондықтан үлкен топқа мүше екенін ұмыта бастады. Жеке 
немесе іскерлік мақсатта адамдармен кездесу де онлайн форматқа ауысты. 
Егде жастағы адамдар оқшауланып, отбасымен қарым-қатынасын үзіп 
алды. Компаниялар, отбасылық кәсіпорындар, жас кәсіпкерлер немесе 
көшедегі саудагерлердің жұмысы тоқтап, табыс көзінен айырылды. 
Әлемнің бар елінде мамандар жұмыс ауыстырды немесе бұрынғы жұмыс 
орнында жалақысы азайды, тіпті жұмыстан шығып қалды. Әлі күнге дейін 
пандемия тұтынушылар, бизнес иелері мен түрлі қауымдастық өкілдеріне 
экономикалық залал келтіріп, қатты алаңдатып отыр. 
Көп адам індет құрбаны болды.
Азаматтардың түсінігінде үкіметтің жұмысы көбіне күнделікті 
ауру жұқтырғандар санын тіркеу, атқарылған шараларды түсіндіру 
мен насихаттау және вакциналау науқанын бастау, оны жүргізу сынды 


7
шаралардан көрінеді; мұның бәрі әлеуметтік желілерде жан-жақты 
талқыланды. Нәтиженің легитимдігіне қатты мән беру елдің бәрі еркін 
қолданатын әлеуметтік желіде сөз болды, оның өзі тиімді басқарудың 
қоғамдық пікірге тікелей қатысты екенін байқатады. 
Сол себепті COVID-19 (осындай платформаларда шектен тыс әсірелеуге 
ұшыраған) демократиялық шешімге қатер төндірді, төндіріп те келеді
қоғам болып вирусқа қарсы күресуге де кесірін тигізеді, себебі әлеуметтік 
медиадағы жалған ақпарат, фейк жаңалық пен астыртын келісім 
теориялары індетті ауыздықтау шарасына кедергі болады. Танзания мен 
Бразилия сынды мемлекеттерде саяси көшбасшылар жалған ақпарат пен 
фейк жаңалықтарды қолдан жасап, үкіметтің сәтсіз жұмысына пандемия 
себеп болды деп сылтауратуға тырысты. 
Сөйте тұра, әлеуметтік медиа әлем халқының індетке қарсы күш 
біріктіріп, ұжымдасуына да ықпал етті. Шекаралар мен тіл кедергісін 
елең қылмаған қоғамдық рух цифрлық ортада қатты сезілді. Бір сәт 
жаһанданған әлем микроскоппен көруге болатын дұшпанға бір кісідей 
жұмылды. Алайда мұндай шынайы жаһандық оқиға көзді ашып-жұмғанша 
өте шықты, себебі саяси шешімнің бәрі ұлттық мемлекет деңгейінде 
қабылданды. Вакциналау науқаны дүниежүзілік ынтымақтастық пен 
жаһандық мәселені жан-жақты шешуде шектеу бар екенін көрсетті.
Facebook, Twitter, TikTok, Telegram мен Instagram сияқты желілер 
ғылыми зерттеулер мен тұжырымдарды терістеп, балама фактілер 
ұсынушылардың «жаңғырық-камерасына» айналды. Әлеуметтік желідегі 
дискурс көбіне «біз оларға қарсымыз» дегенді қайталап, қоғамды жеке 
топтарға бөліп жіберді.
Сіз қарайтын әлеуметтік желіде кейбір посттар былай жазылады:
...«COVID-19 деп аталған пандемия – елді дүрліктіріп, қоғамды 
бақылауда ұстап, сайлауда дауыс ұрлауды көздейтін ойдан 
шығарылған хикая»...
«Шын мәнінде, COVID-19 тұмаудан қауіпті емес. Өтірік 
жаңалықпен күн көретін медианың індет қарқын алып барады 
деген дақпыртына сенудің керегі жоқ».
Әлбетте, мұндай сөйлем жазатындарды түсіну қиын. Бірақ дәл 
осындай баяндама мен пікірлерді таратушылар көп. Шындық, бұлтартпас 
дәлел мен ғылыми зерттеу бұдан былай маңызды емес сияқты. YouTube 
желісінен бірнеше видео көріп, блогерлерді оқу «ақпарат алу» болып 
саналатын әлемде әр адам сарапшыға айналып кеткендей. Платформалар 
әркімнің өз шындығын біреуге тықпалауына мүмкіндік береді. Біреу оны 
Twitter-ге 280 қаріп жазып білдіреді, енді бірі видеоблог түсіреді, сурет 
салады, әңгіме жариялайды немесе сайт жасайды. Оны жеке тұлғалар, 
топтар немесе тіпті мемлекеттік құрылымдар жасауы мүмкін; оларды 
ешкім тексермейді немесе үстірт тексерген болады. 
Әу баста әлеуметтік медиа платформасын жасау туралы идея 
демократиялық тұрғыда ойластырылған және нарыққа бейімделген 
қисынға сүйенген еді: кез келген адамның пікірі пікірталас ортасында лайк 
пен ретуитке таласады. Қазір де оның мәні бар, бірақ, түптеп келгенде, 
бәсекенің құрбаны болып кетеді. Әлеуметтік медиа платформасы 
«пікірдің онлайн агорасы болады» деген идеалистік сенімнен біртіндеп 


8
алшақтап, жеккөрініш, бұрмаланған дерек пен өз пікірін тықпалау 
ортасына айналды. 
Бүкіл әлемдегі реттеуші мекемелер ақпарат арқылы алдап-арбау, 
сайлаушыларға ықпал ету сияқты түнек экономиканың «қара жүрегіне» 
үңілуді енді бастаған еді, пандемия кезінде оның бәрі ушығып кетті.
Боттар армиясы, ұтымды стратегиялар мен қаржыландырылған контент, 
жалған дерек (жаңылдыру мақсатында әдейі тарататын ақпарат) желдей 
гулеп, тарап жатыр. 
Қолданушылар жайлы ауқымды мәлімет жинауға мүмкіндік беретін 
технологиялар жарнама берушілердің қажет нысанды дәл табуына 
көмектеседі, сөйтіп, оларға рас-өтірігі аралас ақпарат таратады. 
Адамдардың, жалпы қоғамның мінез-құлқын анықтай алу қабілеті АҚШ-
та 2016 жылғы президент сайлауы кезінде қатты көрінді; отандық және 
шетелдік насихатшылар әлеуметтік медианы жалған дерек қолдануға 
пайдаланып, өзіне өзін қарсы қойды.
Қазіргі пандемия кезінде жалған ақпарат, фейк жаңалықтар мен 
астыртын теориялар өмірдің барлық аспектісіне елеулі ықпал етеді, 
әсіресе психикалық тұрғыда зор ықпал етіп жыыатыр. Бұл жағынан 
алғанда ұзақ мерзімді салдары қандай болары әлі белгісіз. 
COVID-19 пандемиясы кезіндегі жалған дерекке «Қытай вирусы» 
туралы хикая мен сырқатты «емдеу» үшін ағартқыш құралдар қолдану 
сияқты оқиғаларды жатқызуға болады. Жалған хикаяның бәрі ойдан 
шығарылған, оны таратушылар сапасына да, ойлап тапқан адамның жеке 
басына да мән бермейді. Негізгі пікірталасқа жалған ақпарат элементтері 
жиі араласып кетеді, сондықтан дискурсқа бөліну күшейе түседі. 
SARS-CoV-19 барлық аспектісі қате немесе жалған ақпаратқа толы: 
өлген адамдар саны, вирустың таралуы, инфекцияның алдын алу 
немесе оны емдеу жолы мен шығу тегі т.б. Кейде мұндай жалған ақпарат 
адамдардың мінез-құлқын, көзқарасы мен қарым-қатынасын өзгертеді, 
түбінде оның салдары ауыр болмақ. Жалған ақпараттың «мәңгілік 
қозғалысы» мен пандемияның өршуі көп адамға зиян келтіреді, жаһандық 
денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы мен ауқымына қатер төндіреді.
Бұл пандемия эпидемиологиялық тұрғыда ғана емес, жалған ақпарат 
ауқымы мен оның саясаткерлерге, үкіметтер мен адамдарға әсері 
жағынан да бірегей жағдай болды. Сондықтан бұрынғыдан бетер жік-
жікке бөлінген әлемде барлық (әлеуметтік) медиа құралдары COVID-19 
пандемиясына қатысты деректі таратуда фактіге сүйенетін, адамдардың 
мүддесіне бағытталған, қоғамдық жауапкершілігі бар дерекке жүгінуі 
қажетін баса айту керек. 
Бұл мәселе Қазақстан Республикасына да қатысты. 
Мекемелерге сенім азайған елде COVID-19 туралы қауесеттер еркін 
тарайды. Қазақстандағы Фридрих Эберт қоры (Friedrich-Ebert-Foundation 
Kazakhstan) (


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет