Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет6/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Youth Study 2021
) жақында жүргізген зерттеуі бойынша, 
жастардың 13,8%-ы ғана саяси көшбасшыларға толық сенеді екен, ал 
басым көбі – 56,1% оларға мүлдем сенбейді. Сондықтан пандемия мен 
үкіметтің оны тежеуге бағытталған іс-шарасы жайлы түрлі қауесет, жалған 
ақпарат пен өтірік Қазақстандағы әлеуметтік желіде көрініс бергеніне 
таңданудың керегі жоқ. 
Ондай дақпыртқа «АҚШ үкіметі азаматтардың біразын өлтіру үшін 


9
ковидті әдейі ойлап тапты, енді үкімет билікті Билл Гейтс пен АҚШ-қа 
беру үшін астыртын келісім жасасқан» және «вакциналау адамдарды 
толық бақылауда ұстау үшін жасалды» деген пікірлер жатады. Қазақстан 
Республикасындағы жалған ақпарат пен астыртын теориялар басқа 
елдерде тараған пікірден ерекшеленбейді. Қазақстанның пандемияға 
қарсы атқарған шарасына қатысты жалған ақпарат пен бұрмалау да өзге 
елдердегіге ұқсайды. Шындап келгенде, COVID-19 туралы жалған ақпарат 
тарату, вакциналауға қарсы науқандар мен фейк жаңалықтар індетпен 
күрестің тиімділігіне кедергі келтіреді, экономикалық қиындықтар 
тудырып, адамдардың опат болуына жол ашады. 
Осы кітапты жазу арқылы үкіметтерге, адамдар мен денсаулық 
сақтау жүйесіне сын болған (әлі болып келе жатқан) пандемияның 
әлеуметтік желідегі рөліне жан-жақты, айқын әрі терең үңілуге тырыстық. 
Мәселеге барынша кеңінен қарай отырып, жаһандық ауқымдағы қазіргі 
пікірталасқа қатысты түрлі көзқарасты келтіреміз.
Ұлы дала елінің ұстанымы берілген материалды қызық әрі ақпаратқа 
бай санарсыз деп үміттенеміз. 
2021 жыл, сәуір. 


10
КІРІСПЕ
Молдияр Ергебеков & Жанар Темірбекова
Бұл жобаға 2020 жылдың тамыз айында Қазақстандағы Фридрих Эберт 
атындағы қордың зерттеу жүргізуге ұсыныс жасауы түрткі болды. Зерттеу 
COVID-19 пандемиясы кезіндегі Қазақстан медиасындағы конспирология 
теориясы жайында болуға тиіс еді. Ұсынысты қуана қабыл ала отырып, 
өзара ақылдаса келе, Қорға пандемия кезеңіндегі Қазақстан медиасының 
жалпы жағдайын зерделейтін кең көлемді зерттеу жүргізуді ұсындық. 
Өйткені елімізде бір жағдай болғанда, мейлі, тәуелсіздік алу сияқты 
қоғамда қуаныш сезімін тудырған жағдай болсын, мейлі, COVID-19 
секілді келеңсіз, ауыр жағдай болсын, сол сәтте сол сәтті зерттеу дәстүрі 
қалыптаспаған. Бірақ мұның өте маңызды екенін ешкімнің жоққа шығара 
алмасы анық. Қоғамдық жадты өшірмеу, адам, қоғам және үкіметтің сол 
сәттегі реакциялары, сезімдері мен берген бағаларын жазып алу және 
бұларға ғылыми көзқарас тұрғысынан баға беру өте маңызды. Қор біздің 
бұл ұсынысымызды құптады. 
Артынша тамыз айында «Қазақстан медиасындағы COVID-19» 
деген тақырыпты алға тарта отырып, зерттеумен айналысқысы келетін 
ғалымдар мен зерттеушілерге арналған Ақпараттық хат, ағылшын тілінде 
айтар болсақ, 
Call for papers
жарияладық және ғылым саласында жүрген 
зерттеушілермен қатар ғылыми зерттеу жасауға ықыластанып жүрген 
өзге сала мамандарын да (журналистер, әлеуметтанушылар, қоғамдық 
денсаулық сақтау мамандары және т.б.) шақырдық. Мақсатымыз 
тақырыпты әртүрлі сала зерттеушілері және мамандарымен бірге жан-
жақты талқылау еді. Өйткені 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың 
Хубэй провинциясының астанасы Ухань қаласында пайда болып, қазіргі 
кезде бүкіл дүниежүзіне жайылған COVID-19 вирусының әлеуметтік, 
экономикалық, саяси және мәдени тұрғыдан жаһандық мәселеге айналуы 
аса ауыр, келеңсіз оқиға еді. Медиа COVID-19 пандемиясы мәселесінің дәл 
ортасында қалған болатын. Әлемдегі барлық елде карантин жарияланған 
сәттен бастап, сезімдер ақпарат медиасы арқылы таралды; түрлі мамандық 
иелерінің сан түрлі көзқарасы медиа арқылы бір арнада тоғысты; медиа, 
тура мағынасында, білім беру және ағартушылық функциясын атқарды.
Үкіметтер төтенше жағдай кезінде баспасөз бостандығы мен 
журналистика қызметіне шектеу қоюға кірісті. Бұған қарсы тұру 
мақсатында әлемдегі ұлттық және халықаралық журналистика ұйымдары 
мен медиа еркіндігін жақтаушылар үкіметтердің цензурасына қарсы 
тұрып, қажет болған жағдайда балама ақпарат көздері арқылы ақпарат 
тарату ісін бастады. Тіпті бұл жөнінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы 
қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Америкааралық адам 
құқықтары комиссиясы ортақ үндеу (OSCE, 2020) жариялады. Шектеусіз 
репортерлер ұйымы коронавирус пандемиясының журналистика мен сөз 
бостандығына әсерін бақылау, бағалау және ақпараттың қолжетімдігін 
насихаттау үшін Tracker-19 қосымшасын іске қосты (RSF, 2020). 
Халықаралық баспасөз институты COVID-19 пандемиясына байланысты 
баспасөз бостандығының бұзылуын қатаң қадағалай бастады (IPI, 2020). 


11
Журналистерді қорғау комитеті коронавирус өршіген кезеңде жұмыс 
істейтін журналистердің тән және психологиялық саулығын сақтауға 
бағытталған қорғау шаралары туралы нұсқаулық дайындап, оны үнемі 
жаңартып отырды (CPJ, 2020).
Дегенмен пандемия кезеңіндегі медианың ең басты проблемасы 
COVID-19 вирусына байланысты жалған ақпараттың барлық медиа 
түрінде таралуы болды. Өсек-аяң таратушы медианы айтпағанның 
өзінде, дәстүрлі, ең байсалды саналатын медианың да жалған ақпарат 
таратқан жағдайлары кездесті. Сонымен қатар COVID-19 туралы түрлі 
конспирологиялық көзқарастар да медиа арқылы тарап, әсіресе әлеуметтік 
медианың негізгі күн тәртібін қалыптастырды.
Наурыз айынан бастап дүниежүзінде газет-журналдар таралымы 
едәуір кеміді. Жарнама берушілер азайып, медиа карантин кезінде 
«жұмыс істеген» сала болғанына қарамастан, индустрия ретінде үлкен 
экономикалық дағдарысқа ұшырады.
Аталған жайттарды назарға ала отырып, Қазақстандағы Фридрих 
Эберт атындағы қордың қолдауымен жөнелтілген Ақпараттық хатымызға 
жауап беріп, зерттеу жобаларын ұсынғандардың саны елуден асты. 
Олардың ішінен жиырма бесін таңдап алып, жобаны іске асыруға кірістік. 
Алайда бес зерттеу жобасы зерттеу кезеңі барысында белгілі және белгісіз 
себептермен аяқсыз қалды. Қалған жиырма зерттеу осы кітапқа енді. Бұл 
зерттеулерде:
• Қазақстан медиасының COVID-19 пандемиясы кезіндегі ақпарат 
тарату тәсілдері;
• COVID-19 кезінде Қазақстан медиасы мен Қазақстандағы саяси 
билік дискурстарының қарым-қатынасы;
• Дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық тапшылығы дағдарысының медиада 
көрініс табуы;
• COVID-19 сарапшыларының медиадағы бейнесі; 
• Медиадағы коронавирус туралы мәдени жосық насихаты мен қоғам 
денсаулығы мәселелері және қоғам денсаулығын сақтау мәселелерін 
тақырып ету түрлері мен тәсілдері;
• Медиадағы денсаулыққа байланысты жалған ақпараттар, зиянды 
кеңестер және жалған «ем шаралары»;
• Үкімет шешімдері мен әрекеті және медиадағы қоғамдық пікір;
• Медиадағы COVID-19 індетіне байланысты конспирология 
теориялары, дезинформация мәселелері;
• Медиададағы COVID-19 контексінде қамтылған кедейлік, көші-қон, 
нәсілшілдік, дін және ксенофобия туралы дискурстар;
Медиадағы пандемия риторикасы
• COVID-19 науқастарына бағытталған кибербуллинг, кемсіту 
(дискриминация) және стигматизация мәселелерінің медиада 
көрініс табуы;
• COVID-19 кезеңінде көбейе түскен тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа 
медианың назар аударуы;


12
• COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі өнер және тағы басқа тақырыптар 
қамтылды.
Ұжымдық зерттеуімізде ғылыми негіздеменің, сұрақтар мен 
гипотезалардың, зерттеу әдістерінің болуына баса назар аудардық. 
Дегенмен әртүрлі кемшін тұстардың болары анық. Кейін байқалған 
кемшін тұстар бізден кейін жүргізілетін зерттеулер арқылы жойылады 
деп үміттенеміз. Ендеше кез келген мәтінді тәмамдалған мәтін деп 
қабылдамау керек. 
Бір жыл бойы істелген еңбектің нәтижелеріне қарап, оны сипаттар 
жақсы бір сөз қолданар болсақ, «аза тұту» дер едік. Басқаша айтсақ, 
осыншама ғалым, зерттеуші, университет студенттері жиналып, 
COVID-19 кезінде қайтыс болған, үй ішінде зорлық көрген әйелдер мен 
балалар, дәрі-дәрмек таба алмаған, жалғыз қалған адамдар үшін «аза 
тұттық». Заманымыздың көшбасшы ойшылдарының бірі Джүдид Батлер 
тіршілік иесінен ажырап қалу және оның артынша келетін аза тұтудың 
адамзат баласын біріктіретінін, сондықтан да аза тұтудың өте маңызды 
екенін айтады (Butler, 2003). Бұл тұтқан азамыздың оқырмандарға, 
журналистер мен медиа мамандарына, үкімет мүшелері мен мемлекеттік 
қызметкерлерге, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері мен қоғам 
белсенділеріне ой тастауға, жаңаша көзқарас қалыптастыруына және 
кеткен қателерден сабақ алуына, осылайша дұрыс коммуникацияның 
құрылуына себеп болатын еңбек болуын тілейміз.
Алматы-Түркістан, 2021.


13
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Butler, Judith (2003). “Violence, Mourning, Politics.” Studies in Gender and 
Sexuality, 4(1):9–37.
2. CPJ (2020). Меры предосторожности от КЗЖ: Вспышка коронавируса. https://cpj.
org/ru/2020/03/post-130/
3. IPI (2020). COVID-19: Number of Media Freedom Violations by Region. https://ipi.
media/ipi-covid-19-media-resource-toolbox/
4. OSCE (2020). COVID-19: Governments must promote and protect access to and free 
flow of information during pandemic, say international media freedom experts. 
19-наурыз, https://www.osce.org/representative-on-freedom-of-media/448849 
5. RSF (2020). RSF launches Tracker 19 to track Covid-19’s impact on press freedom. 
31-наурыз, https://rsf.org/en/news/rsf-launches-tracker-19-track-covid-19s-
impact-press-freedom


14


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет