Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет75/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

COVID-19 науқасының бейнесі
Пандемия кезеңінде 
Tengrinews
жаңалықтарында жарияланған науқас 
суреттерінің ішіндегі 16 фотосурет – шетелдік дереккөзден немесе 
дереккөзі көрсетілмеген суреттер; 4 фотосурет қазақстандық басқа 
ақпарат құралдарына немесе редакцияның өзіне тиесілі. Науқастанған 
адамдардың фотосуреттері де иллюстратив. Вирустық инфекцияның 
зардабын айтқан науқас туралы жаңалық пен аурудың жаңа белгілері 
анықталғаны жөніндегі жаңалықта адам мүшесінің нақты суреті 
қолданылған. Аурудан жазылып шыққан қазақстандық қыздың өз 
оқиғасын баяндайтын хабарламада суреті де жарияланды. Сонымен 


183
қатар бір жаңалықта аурухана пациенті аурухана ішін түсіріп жариялаған 
видеоның скриншоттары қолданылды. Бұл – Қазақстан ауруханаларының 
ішін көрсеткен және ауруханада жатқан адамдарға тікелей қатысты елдегі 
жалғыз сурет (
Tengrinews
, 19 маусым 2020, 18:20). Одан бөлек, айтып 
өткеніміздей, жаңа аурухана ашылғанда ғана аурухана іші түсірілген 
бір сурет болатын. Әдетте пандемия кезінде науқас адамның аурухана 
төсегінде жатқан немесе жедел жәрдем немесе аурухана ішінде санитар 
зембілінде жатқан суреті түсірілген. Науқас адам суреттерінің басым 
бөлігінде фото кейіпкерінің жанында аурухана немесе жедел жәрдем 
қызметкерлері бар. Сонымен қатар осы кезде жарияланған тағы бір 
басты фотосуреттер – инелер, шприц пен арнайы құрал қойылған науқас 
адамның қолы. Қайтыс болған адам туралы жаңалықтарда осы бейне 
жиі қолданылды. Дегенмен науқас бейнесінде де шетелдік ауруханалар 
мен құрылғылар көрінгендіктен мұны біздің ауруханаларда түсірілген 
деп айта алмаймыз. Елдегі науқастардың жағдайы желі қолданушылары 
жариялаған видео скриншоттарынан ғана білінеді. Бұл скриншоттардағы 
науқас адам бейнесі басқа науқас бейнелеріне ұқсамайды.
Holanews
жаңалықтарында да барлық суреттер иллюстратив. Бірақ 
бұл жерде қазақстандық жедел жәрдем көлігінің ішіндегі фельдшер мен 
бетперде таққан науқас адам бейнесі бар. Бұл – сайтта таралған жергілікті 
науқастың, иллюстратив болса да, аз бейнелерінің бірі еді.
Жалпы алғанда, жаңалықтардағы пандемия басында таралған науқас 
бейнелері де вирус инфекциясын қауіпті етіп көрсеткенмен, өзге елдердің 
суреттері екенін анық айта аламыз (қазақстандықтарға тиесілі емес). Яғни 
шетелдік суреттер өзімізде түсірген сурет секілді, біздің жағдайымызды 
бейнелеген суреттер ретінде қолданылды. Алайда науқас адам бейнесімен 
бірге таралған аурухана көріністері, оның ішіндегі дамыған, заманауи 
медициналық аппараттар, адам денесіне қадалып тұрған инелер мен 
басқа құрылғылар науқас адамдардың қатты қиналып жатқан бейнесін 
қалыптастыруға үлес қосты.
Бірақ зерттеудің соңғы кезеңі, яғни, мамыр айларында науқас 
бейнелері бұрынғыдай ауыр жағдайда көрсетілмей, аз қолданылған. Осы 
бейнелер коронавирус пандемиясы туралы қатаң көзқарастың әлсіреуіне 
алып келген болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет