Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


COVID-19 кезіндегі ғылыми зерттеушілер бейнесі



Pdf көрінісі
бет74/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   165
COVID-19 кезіндегі ғылыми зерттеушілер бейнесі
Қазақстан жаңалықтарында пандемия кезінде маңызды рөлге ие болған 
топтың бірі – ғылыми зерттеушілер тобының бейнесі де дәрігерлер 
мен медицина қызметкерлері бейнесінің қалыптаспағаны сияқты 
толық қалыптасқан жоқ. Ғылыми зерттеушілер жөніндегі жаңалықтар 
(вакцина жасау, кеңестер мен мәлімдемелер, т.б.) жарияланса да, ғылыми 
зерттеушілер бейнесі – Қазақстан жаңалықтарында ең аз қолданылған 
бейнелердің бірі. Сондай-ақ олардың нақты бір бейнесі жоқ, яғни 
фотографиялары тек иллюстратив қызмет қана атқарды.
Tengrinews
жаңалықтарындағы зерттеушілер суреттерінің барлығы 
шетелдік дереккөздерден алынған және иллюстратив. Яғни ол суреттер 
арқылы Қазақстан лабораторияларының да жалған бейнесі қалыптасуы 
мүмкін. Сонымен қатар суреттердің ішінде біреуі ғана нақты адамды 
– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысын бейнелейді. 
Holanews
сайтында да бір суреттің ғана шетелдік дереккөзден алынғаны 
жазылып, басқалары көрсетілмеді. Бірақ олардың да иллюстратив және 
қазақстандық лабораториялардың суреті емес екені сурет арқылы іздеу 
қызметінің көмегімен анықталды.
Жаңалық фотосуреттеріндегі медицина объектілері мен 
вирус бейнесі
Зерттеуге таңдап алынған фотосуреттердің ішінде вирус суреті 
бейнеленген суреттер өте аз болса да, пандемия кезінде таралған 
бейнелердің бірі ретінде вирус бейнесін қарастыруға болады. Зерттеу 
нысаны болған сайттардың екеуінде де коронавирустың иллюстратив 
суреттері әдетте қызыл түспен берілген. Вирус бейнелерінде көп 
ерекшелік болған жоқ, шар тәріздес вирустың сток иллюстрациясы, бір 
мәрте микроскоптан түсірілген фотосурет қолданылды. Дегенмен вирус 
суреттері ішіндегі ерекше болған бейне – вирус пен ұшақ суретінен 
жасалған 
Holanews
сайтындағы коллаж. Коллажда шар тәріздес қызыл 


182
вирус ұшақтан шығып жатқандай болады, бұл көрініс вирустың тек 
сырттан келетіні туралы мағынаны білдіруі мүмкін. Осы коллаждағы 
басқа фотосуреттерге ұқсамайтын тағы бір деталь – суреттің түс пен 
жарықты қолдануы. Сурет сары-қоңыр реңктегі фильтрді қолдану арқылы 
апокалипсис фильмдеріне ұқсас картинаны жаңғыртады.
Пандемия кезіндегі жаңалықтарда қолданылған медициналық 
визуалдарға келер болсақ, қан толтырылған пробиркалар, дәрі-дәрмек, 
бетперде, термометр сияқты нысандарды атап өтуге болады.
Tengrinews
жаңалықтарындағы медициналық нысандар бейнеленген 
суреттердің 17-сі шетелдік дереккөзден, ал 25-інің дереккөзі 
көрсетілмеген, сондай-ақ фотограф 22 фотография түсірген. Бұл 
категориядағы фотографтың өзі түсірген фотосуреттер саны басқа 
категориядағы фотографтың өзі түсірген суреттерінен әлдеқайда көп. 
Осы нәрсе сайттың пандемия бейнесін қалыптастыруда объектілерге ғана 
назар аударғанын көрсетеді. Фотосурет арқылы көрсетілген нысандардың 
ішінде – бетперде, термометрмен температура өлшеу, композиция 
ретінде шашылған дәрілер, медициналық колбалар, шприц пен флакон 
және коронавирус тестіне арналған қан толтырылған пробиркалар жиі 
кездеседі. Сонымен қатар жолда келе жатқан және қозғалыс сезіміне 
бөлейтін жедел жәрдем машиналары бейнеленді. Бірақ олардың ішіндегі 
көбі шетелдік көліктер. Фотограф түсірген фотосуреттердің арасында 
вирус иллюстрациясы жанында дәрі қаптамасындағы соңғы таблетканы 
түсірген фотографияны атап өтуге болады (
Tengrinews
, 14 сәуір 2020, 
11:11). Бұл фотосурет бірнеше адам қайтыс болған және коронавирус 
инфекциясын жұқтырғаны анықталған адамдар саны көрсетілген 
екі жаңалықта қолданылған. Оның түсірілу мақсатын фотограф қана 
білгенмен, қаптамадағы соңғы таблетканы көрсету оқырман бойында 
уайым сезімін тудыруы мүмкін.
Holanews
жаңалықтарында да қолданылған суреттер негізінен 
иллюстратив мағынаға ие. Жаңалықтарда қызыл түсті шар тәріздес 
вирусты бетпердемен жауып жатқан иллюстрациялық коллаж жиі 
кездеседі. Медициналық объектілердің ішінде сайтта жаңа ашылған 
аурухана суреттері де бар. Бірақ жаңалықтағы екі суреттің бірі 
аурухананың сыртынан түсірілген, екіншісінде ақ түсті бос палатада 
тұрған бір медициналық аппарат бейнеленген. Бұдан басқа сайтта 
тағы 2 аурухананың ашылуы жөніндегі жаңалықтарда елдегі шынайы 
ауруханалар бейнеленеді. Дегенмен ол фотосуреттерде де аурухана 
сыртынан, құрылыс басшысын фокусқа ала түсірілген (
Holanews
, 20 сәуір 
2020 11:22 және 24 сәуір 2020 14:40)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет