Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Конспирологиялық сана және қазақ медиасы



Pdf көрінісі
бет82/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Конспирологиялық сана және қазақ медиасы 
«Жас Алаш» газетінде конспирологиялық теорияларды ашықтан-ашық 
қолдайтын бес материал жарияланған. Оның екеуін ҚР Мемлекеттік 
сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті жазушысы, «Құрмет» 
және ІІ дәрежелі «Халықтар достығы» ордендерінің иегері Дулат Исабеков 
жазған. Шығармалары әлемнің әртүрлі тіліне аударылып, отандық 
оқырмандардың ықыласына бөленген жазушының оқырмандары да көп. 
«Жас Алаш» газетінің сайтындағы алғашқы материалы бүгінде сайтта
жоқ. Есесіне, оны көшіріп басқан «Қазақ үні» сайтында әлі тұр (Исабеков, 
2020a). Қаралым саны – 8346. Алайда бұл ақпарат газеттің басылым 
нұсқасында жарияланғандықтан, газетті жаздырып алатын қаншама 
оқырманға жол тапқанын ескерген де жөн (сол кездегі басылымның 
күнделікті таралымы – 15669, апталық тиражы – 31338).
Азаттықтың сайтында бұл мақаланы талдаған және берілген 
ақпараттарының жалған екенін мәлімдеген «Дулат Исабеков ‘Билл Гейтс 
кедей елдерде вакцинамен балаларды өлтіріп жатыр’ дейді. Рас па?» деген 
мақала жариялайды. Мақала авторлары Руслан Меделбек пен Жанара 
Қаңтарбай Дулат Исабековтің «Билл Гейтске қойылып отырған басты 
кінә – коронавирусты лабораторияда ойлап табуды қаржыландырған, 
оған қарсы вакцинацияны да жасауға ең ірі фармацевтік орталыққа 
50 миллиард доллар қаржы құйып, сол вакцинацияны әртүрлі жолмен 
адамдарға егу арқылы жер бетіндегі адамдардың санын азайту (...) Оларды 
осындай тәсілмен емдеген Гана республикасындағы қыздардың көпшілігі 
қайтыс болып, қайтыс болмағандары бала туу қабілетінен айырылғаны 
туралы арнайы комиссия бірауыздан қорытынды шығарды (...) Билл 
Гейтс қорының белсене араласуымен Индияда ВПЧ-ға (вирус папилломы 
человека) қарсы вакцинацияны егу бағдарламасы енгізілді. Тәжірибеден 
14 мың жасөспірім қыз өтті. Бірнеше қыз бірден көз жұмды, біразы 
белгісіз ауруға шалдықты (...) Бүкіл әлем қарсы шығып отырған Билл Гейтс 


191
пен дүниежүзілік фармацевтика компаниясының адамзат денсаулығын 
емес, оларды чиптендіру арқылы құлға айналдыру, бала тууды шектеу 
идеясын бүгінгі таңда ТМД елдері бойынша қызу қолдап отырған жалғыз-
ақ мемлекет бар, ол – Қазақстан» (Меделбек & Қаңтарбай, 2020) деген 
тезистерін сарапқа салып, жалған деген үкім шығарады.
Алайда Дулат Исабеков мұнымен тоқтамайды «Азаттық радиосы» 
сайтындағы мақалаға жауап береді. Шілденің 14-інде «Азаттық кімнің 
сойылын соғып жүр?» деген мақала жарияланған. Мақаланың қаралымы 
– 122. Мақалада автор: «Сол «Азаттық» радиосы кенеттен миллиардер 
Билл Гейтсті қызғыштай қорғап, оны сүттен ақ, судан таза етіп көрсетуге 
барын салыпты. Айналайындар-ау, оны не үшін қорғап отырсыңдар? 
Әлде біреулердің тапсырмасы солай болды ма? Мен ол мақаламда бірде-
бір фактіні ойдан шығарған жоқпын, бәрі де Ресейдің миллиондаған 
таралымы бар «Комсомольская правда» газетінен алынды (10-17 маусым, 
2020 ж)» (Исабеков, 2020b) – дейді.
Демек, «Комсомольская правда» газетінде жарияланды, оған сенуге 
болады деген нық сенімі бар. Ал конспирология теориясының Ресейден 
шығып жатқаны «Deutsche Welle» газетінің интернет ресурсындағы 
Маттиас фон Хайн мен Наталья Позднякованың зерттеулерінде 
баяндалады (Қара., фон Хайн & Позднякова, 2020). Бұл мақалада да, 
айтылып өткендей, EUvsDisinfo сарапшылары Ресейдің және Кремльге 
жақын БАҚ-тан таралатын жалған ақпараттар легін үнемі бақылай 
отырып, фейк жаңалықтардың бір үлгіде құрылғанын байқайды. 
Яғни авторлар: «вирус – АҚШ-тың үстемдігін қорғау мақсатымен 
Пентагонның ойлап тапқаны; оның таралуына әлемдік элита өкілдері 
мүдделі, пандемияның мақсаты тирандыққа негізделген әлемдік тәртіп, 
т.с.с. үлгілердің бар екенін көрсетеді. Автор, әсіресе, «коронавирустың 
таралуына әлемдік элита өкілдері мүдделі және пандемияның мақсаты 
тирандыққа негізделген әлемдік тәртіп» деген шаблондарды көбірек 
қолдайды. Сөйтіп, әлемдік филантроп Билл Гейтске шүйлігеді.
«Жас Алаш» газетінің 14 шілдедегі санында белгілі спорт комментаторы 
Амангелді Сейітханның «Ар мен нәпсі соғысы жүріп жатыр» деп аталатын 
мақаласы жарық көрген. Журналист оқырмандарға саламатты өмір салтын 
насихаттауды мақсат етеді. Дегенмен мақала авторы спортты, таза ауаны 
насихаттай отырып, қымыз бен жылқы етінің коронавирусқа ем екенін, 
сондай-ақ өкпеге тыныс алу гимнастикасын жасау арқылы вирустан 
емделуге болатынын айтқан. Әрине, мақала авторының ешқандай 
конспирологиялық теорияларды әдейі тарату жөнінде ойы болмаса да, 
«коронавирусты халық тағамдары емдейді екен» деген ақпаратты тарату 
арқылы оқырманды адастырып отыр (Қара., Сейітхан, 2020). 
Конспирология теориясы өзінің немесе өз тобы жағдайының 
нашарлығы туралы сезімнен құтылу мақсатында да қолданылады (Douglas 
et al., 2017). Өзін-өзі қорғау мақсатымен қастандық теориясына сену 
нарциссизммен тікелей байланысты, яғни өзіңді зор тұту, сол зорлықты 
өзгелердің де мойындағанын қалау (Cichocka, Marchlewska, & Golec de 
Zavala, 2015). Бұндай теорияларға деген сенім ұжымдық нарциссизмнен 
тууы мүмкін. Яғни өз тобының ерекшелігін немесе артықшылығын 
өзгелер жеткілікті деңгейде бағаламайды деген идеядан пайда болады 
(Cichocka, Marchlewska, Golec de Zavala, & Olechowski, 2015). Осы тұрғыдан 
қарағанда, бүкіл әлемге таралған коронавирусқа арақтың, сарымсақтың 
және ұлттық тағамдардың ем болатыны туралы тұжырымдар ұлттың 


192
ерекшелігін немесе ұлылығын әспеттеуден туып отырғанын байқаймыз 
(Douglas et al., 2017).
Лидс университетінің медиасарапшысы, тарихшы Илья Яблоков 
«Русская культура заговора: конспирологические теории на постсоветском 
пространстве» атты еңбегінде былай дейді: 
«Әлеуметтік психологтардың пайымынша қастандық теориясына 
сену күмән мен сенімсіздіктен туады. Егер әлдекім бір конспирология 
теориясына сенетін болса, тіпті бірін-бірі жоққа шығаратынына 
қарамастан, екіншісіне де сенеді. Сондай ақ оның көбі адамның қандай 
жағдайда екеніне де байланысты» (Яблоков, 2020: 21).
Осы тұрғыдан келгенде, «Жас Алаш» газетіндегі келесі мақала «Ресей 
мен Белоруссия коронавирусты пайдаланып, қазақтарды қырмақ» 
деген пайымын алға тосып, байбаламға салады. Әділ Ақылбайдың 
(2020) «Одақбастар ойынында қазақтың денсаулығы құрбандыққа 
шалынып кетпесін» деген мақалада Ресейде дайындалған «Авифавир» 
(Фавипиравир) дәрісін Қазақстанға таратып, жұртты жаппай қыруды 
мақсат етіп жатқаны айтылады.
Жалған ақпаратпен күрес жүргізетін халықаралық ұйымның 
Қазақстандағы өкілі «Factcheck.kz» сайтында бұл дәрінің Қазақстанда 
коронавирусты емдеу протоколына енгені айтылады. Дегенмен оның 
«денсаулыққа қаншалық зиян немесе коронавируспен күресте пайдасы 
тие ме?» деген сұраққа әлі жауап берілмегенін айтады.
Ал «Жас Алаштың» бұл мақаласында зерттелмеген немесе шындыққа 
жанаспайтын конспирологиялық теориялар өте көп. Мәселен, «Күні кеше 
Қазақстанға Ресей ТЖМ ұшағы қонғанын баспасөз жарыса хабарлады. Бұл 
делегацияның коронавирусқа қарсы ресейлік дәрі мен біздің Денсаулық 
сақтау министрлігі әзірлейін деп отырған вакцинаны қазақстандық 
науқастарға тықпалаумен айналыспайтынына кім кепіл? (...) Енді 
солтүстік көршісімен саяси ойында жеңілген Қазақстан азаматтарының 
денсаулығы құрбандыққа шалынып отыр» (Ақылбай, 2020) деген 
сөйлемдерден саяси манипуляцияны байқауға болады. Манипуляция 
тактикасы жеке тұлғаның немесе артефактінің дереккөзін жасыру немесе 
артефактінің контексі мен мәнін өзгерту, немесе жасыру мақсатымен 
редакциялау, сондай-ақ боттар немесе спамдарды пайдалана отырып, 
жасанды координация арқылы алдау алгоритмдерін қолдану арқылы 
жүзеге асады. Дезинформация медиа – манипуляцияның субжанры әрі 
қандай да бір саяси мақсатпен жалған ақпарат ойлап табады әрі таратады 
(Donovan).
Қазақ медиасындағы коронавирус туралы ақпараттардан ресми түрде 
таратылған фейкті кездестірмесек те, осындай манипуляцияны көптеп 
кездестіруге болады. Атап айтқанда, мемлекеттік ақпарат құралдары 
арқылы ресейлік және отандық вакцинаны жасырын насихаттаудың 
куәсі боламыз. Мәселен, «Егемен Қазақстан» газетінде отандық вакцина 
туралы 8 мақала жарияланған. Солардың бірі – Дина Керімнің мақаласы, 
«Қазақстандық екпе келешегі зор 200 вакцина қатарында» де аталады 
(Керім, 2020a). Алайда бұл ақпараттың да типі манипуляция екенін 
www.factcheck.kz сайты анықтайды. Әрине, «Егемен Қазақстан» газеті 
«The Washington Post» сайтындағы мақалаға сілтеме жасайды. Алайда 
«Factcheck.kz» қазақстандық вакцинаның үміттендірердей екпе емес 
екенін жазады: 


193
«Бүгінде орталық жалпы көлемдегі 203 үміткер вакцинаны бақылап отыр. 
Қазіргі таңда олардың 26-ы клинкалық сынақтың әртүрлі кезеңінде. 
Зерттеушілер 10 үміткер вакцинаны «жетекші вакциналар» ретінде 
бөлектеп отыр. Олар – басқаларға қарағанда клиникалық сынақта алға 
жылжығандар. Үміткерлер «рейтингісін» III кезеңге өткендер бастап тұр. 
Бұл тізімде қазақстандық вакциналар жоқ» (Бочарова, 2020).
Дәл осындай материалдар легін Қазақстанның басты телеарнасы 
«Қазақстан ұлттық телеарнасынан» да жиі кездестіреміз. Яғни 
Қазақстанның басты басылымдары оқырман санасына отандық және 
ресейлік вакцинаның ең үздік екенін сіңіруді көздейді. Мәселен, аталған 
телеарна 25 тамыздағы «Ақпарат» бағдарламасында «COVID-19-ға қарсы 
қазақстандық вакцина әлемдегі үздік 200 екпенің қатарына қосылды», 29 
тамыздағы шығарылымында «ДДСҰ бас-аяғы 19 мемлекеттің 33 екпесін 
клиникалық сынақ кезеңіне өткізген. Айта кетейік, халықаралық ұйымның 
рұқсатын алған мемлекеттердің ішінде ТМД елдерінен Қазақстан мен 
Ресей ғана бар» деп сүйіншілейді (Сейітхан, 2020b). Осылайша «Қазақстан 
ұлттық телеарнасы» да, «Егемен Қазақстан» газеті секілді, ресейлік және 
отандық вакцинаның ерекшелігіне көбірек назар аударған деп айтуға 
болады.
«Егемен Қазақстан» газетінде 17 маусымда Гүлбаршын 
Айтжанбайқызы «Коронавирустың емі табылды» деп ақпарат жариялай 
отырып, дексаматазонның коронавирусты емдейтін дәрі ретінде 
тіркелгенін жазады. Өкінішке қарай, коронавирустың емі әлі табылған 
жоқ. «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі, сондай-ақ ғалымдардың 
әлемнің ешқандай елінде жоқ әдісті ойлап тапқаны туралы да айтып өтеді 
(Айтжанбайқызы, 2020). Алайда бұл құрылғының коронавирусты емдеуге 
әлі пайдаланылмағаны айтылады. Демек, құрылғының вирусты емдеуде 
тиімді тәсіл болатыны әлі дәлелденбеген. Дәл осындай ақпараттарды 
«Қазақстан ұлттық телеарнасынан» да табамыз. Мәселен, Махамбет 
Бейбітшілік дайындаған репортажда қазақ ғалымы Ерлан Сүлейменовтің 
коронавирустың алдын алатын жақпамай ойлап тапқаны айтылады 
(Бейбітшілік, 2020). Алайда қазақ ғалымының ойлап тапқан жаңалығының 
қаншалық дәлелді екені нақтыланбайды. Сонымен қатар авторы белгісіз 
тағы бір репортажда короновирустан емдеуге қымыздың ем ретінде 
ұсынылып жатқаны айтылады (ҚҰТ, 2020a).
Коронавирус өршіген маусым-шілде айларында Қазақстандағы 
эпидемиялық ахуалға қарсы қолға алынған шаралар өте әлсіз болды: 
Ауруханаларда орын жоқ, өкпені жасанды желдету аппараттары 
жетіспейді, дәрі-дәрмек тапшы, азық-түлік бағасы қымбаттаған. Өкінішке 
қарай, мемлекет тарапынан қаржыландырылатын басылымдарда елдегі 
жағдайды нақты суреттейтін мақалалар өте аз жарияланған немесе 
мүлдем жарияланбады деуге болады. Біз нысанаға алған «Егемен 
Қазақстан» газеті мен «Қазақстан ұлттық телеарнасы» жағдайды керісінше 
сипаттағаны, яғни ақпарат арқылы манипуляция жасағандары байқалады. 
Дәл осы айларда дәріханаларда дәрі тапшы, бары қымбаттап кеткен еді. 
Тәуелсіз басылымдар мен әлеуметтік желілерде осы жайттар туралы 
материалдар қаптап кеткеніне қарамастан, ресми басылымдар мұндай 
проблемаларға көз жұма қарады. Керісінше, Қазақстанның коронавирус 
пандемиясына дайын екені, дәріханалар дәріге толып, азық-түлік бағасы 
бақылауда екені үнемі ескертіліп отырды. Мәселен, «Елордаға 2,5 млн 
қорап дәрі жеткізілді» (Керім, 2020b), «Дәріханаларға еріктілер бекітілген» 
(Елшібай, 2020), «Ералы Тоғжанов Атыраудағы эпидемиологиялық 


194
жағдайды тексерді» (Көшербайұлы, 2020), «Нұротандықтар Павлодардағы 
ауруханаларға Бобров аппараттары мен дәрі-дәрмек жіберді» (Керім, 
2020c) секілді қысқа ақпараттар арқылы елдегі ахуалдың бақылауда 
екеніне оқырмандарын сендіруге тырысқаны байқалады.
Дегенмен «Егемен Қазақстан» газетінде 2 шілдеде «Ауру асқынды: 
дәрі жоқ, маска қымбат» (Есаман, 2020) деген мақала жарияланған. 
Онда Жамбыл облысында дәрі-дәрмектің тапшылығы жазылған. Алайда 
жағдай талданып, журналистік зерттеу жүргізілмеген. Тек ресми билік 
дәрі-дәрмектің жетіспей жатқанын мойындағаннан кейін ғана дәрі-
дәрмекті жасырып сатқан немесе заңсыз сатқан фактілер анықталғаны 
баяндалады. Ал пандемия белең алған кездегі шынайы жағдай ресми 
БАҚ-тың бетінде мүлдем байқалмайды.
Дәл осындай ақпараттар сериясы «Қазақстан ұлттық телеарнасында» 
да көрсетілді. Мәселен, «3 миллион қораптан астам дәрі жеткізіледі» 
(Маратұлы, 2020), «Емдеу мекемелері дәрі-дәрмекпен толық қамтылады» 
(Ығыл, 2020), «Алматыда дәрі-дәрмек тапшылығы шешімін тапты» 
(Нұрақын, 2020), «Дәрі-дәрмектің негізсіз қымбаттауына жол берілмейді» 
(ҚҰТ, 2020b), «Дәріханаларға қажетті дәрі жеткізіліп жатыр» (ҚҰТ, 2020c) 
деген ақпараттар жарияланған. Бұдан шығатын қорытынды: ресми 
ақпарат құралдарында елдегі шынайы ахуал көрсетілмеген.
Біз нысанаға алып отырған келесі ақпарат құралдары «31 арна» 
мен «Malim.kz» сайтында жағдай басқаша. Аталған БАҚ-тар елдегі 
шынайы жағдайды көрсету мақсатымен тұрғындардың ақпараттарына 
көбірек иек артады. «31 арнадағы» Ирина Советжанқызы «Сөздің шыны 
керек» авторлық бағдарламасында Алматыда коронавирустан қайтыс 
болғандарды арнайы жерлеуге арналған зираттың шындығын зерттеуге 
тырысады. 21 мамырда «Коронавирус зиратының шындығы қандай?» 
деген шығарылымында «алматылық дәрігерлердің ауруханаға жатып, 
өзге диагнозбен қайтыс болғандарды да коронавирус деп жерлеуінің 
астарында не жатыр?» деген сауал қояды. Ел арасына коронавирус 
туралы түрлі қауесеттің таралуына дәрігерлердің осындай пациенттердің 
жағдайынан толық хабар бермеуі себеп болып жатқанын айта келіп, 
аталған зиратта 30 адам жерленгенін, алайда ресми статистика бойынша 
қайтыс болғандар саны он екенін алға тартады. Биліктің осындай 
әрекеттері салдарынан халық арасында күмән күшейіп келе жатқанына 
алаңдайды (Советжанқызы, 2020).
28 мамырда «Коронавирустан қайтыс болғандарды қайтіп жерлейді?» 
тақырыбындағы шығарылымында коронавирустан қайтыс болған адамды 
«статистика құрбаны болды» дейді. Дәл осы «статистика құрбаны» деген 
сөзді «Malim.kz» сайты да қолданады. «Malim.kz» интернет басылымында 
бұл мақала сәуірдің 25-інде «Коронавирустан қайтқандардың санын 
жасанды түрде көбейтіп отыр ма?» (Malim, 2020a) деген атпен жарық 
көрген. Екі ақпарат құралы да бір оқиғаны баяндап отыр. Ләззат 
Дүйсембекованың бауырының жұмбақ өлімі оның туысқандарын 
күмәндандырады. Оның коронавирустан қайтыс болғанына сенбеген 
ағайындары «статистика үшін» деген тіркесті қолданған. Бұл тіркесті кейін 
ақпарат құралдары да қолданады. Алайда бұл ақпаратты растайтын нақты 
деректер берілмеген. Өйткені ресми органның жауаптары жалпылама, ал 
жеке оқиғаға нақты жауап жоқ. Осы оқиғаны баяндау арқылы ақпарат 
құралдары жұрттың коронавирус туралы күдігін одан әрі қоюлата түседі.
«Malim.kz» сайты кей ақпараттарын әлеуметтік желідегі ақпаратқа 


195
сүйеніп жазады. Әрине, әлеуметтік желі ақпарат көзі бола алады, алайда 
оның шынайылығы тексерілуі керек. Алайда сайт кейбір ақпараттарды 
тексеріп, ресми органдарға сұрау салуды қажет деп таппайды. Мәселен, 
«Ақтөбеде мәйітханалар толып кетті» (Қожанова, 2020) атты мақала желі 
қолданушысының ақпаратына сүйеніп жазылған. Бірақ бұл ақпараттың рас 
екенін тексеру үшін мәйітханаға барып тексеру немесе сол мәйітхананың 
ресми жауабын беру көзделмеген. Ресми пікір ретінде Ақтөбе облысы 
әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиевтің маусым айында облыста пневмониядан 
47 адамның қайтыс болғаны туралы мәлімдемесін келтіреді. Демек, бұл 
ақпаратқа сенімді дереккөздерден жариялап тұрмағандықтан сену қиын. 
Әрі оқырманды адастыруы мүмкін.
Дәл осындай күмәнді ақпарат «Қызылордада коронавирусты емдейтін 
емші шықты» (Нұржанұлы, 2020) деген тақырыппен жарық көрген. Шағын 
ақпаратта «емші коронавирус пен пневмонияны қатар емдеп, бүкіл 
Қазақстанды шарлап, қатерлі дертті жеңбек ниетте» деген жолдар бар. 
Әзірге коронавирусқа қарсы вакцина да, дәрі де, амал да табылған жоқ. 
Алайда біздің ақпарат құралдары мұндай ақпараттарға соққы берудің 
орнына, отқа май құя түседі. 
Сондай-ақ «Malim.kz» сайтында «Коронавирус Қытай мен АҚШ 
бәсекесінен пайда болған» (Malim, 2020b) деген ресейлік ТАСС агенттігінің 
ақпараты аударылып басылған. ТАСС агенттігі Fox News-тің вирус Қытайда 
лабораторияда ойлап табылған деген мәлімдемесін жариялай отырып, 
осы ақпаратқа қатысты Трамптың пікірін сұраған. Трамп бұл ақпаратты 
растамайды, теріске де шығармайды. Басылымның бұл материалды 
берудегі мақсаты түсініксіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет