203
аралығында зерттеуге таңдап алынған телеарналардың эфиріне
шыққан сарапшылардың 339 рет шығып сөйлеген сөзіне сапалы
контент-анализ жасалды. Әрбір телекомментарий туралы ақпарат
арнаулы кестеге енгізіліп, оның шыққан күні, гиперсілтемесі, маман
сөз сөйлей бастағандағы таймкод, сарапшының аты-жөні, оны эфирде
қалай таныстырғаны мен айтқан сөзінің қысқаша мазмұны көрсетілді.
Содан кейін сарапшылар түсініктемесі (комментарий) 14 тақырыпқа
топтастырылды: «Инфодемия», «Экономика/Әл-ауқат», «Дәріханалар/
Дәрі-дәрмек», «Білім беру», «Денсаулық сақтау», «Психология/Денсаулық»,
«Құқықтық тәртіп/Адам құқығы», «Туризм», «Экология», «Жұмыспен
қамту», «COVID-19 вакцинасы», «COVID-19-дың екінші толқыны»,
«Саясат/Мемлекеттік басқару», «Елбасы сөзіне реакция». «Инфодемия»
деген шартты атау берілген топқа қоғамда тараған коронавирус туралы
мифтерді жоққа шығаратын не растайтын сарапшылардың пікірлері
жинақталған.
Зерттеудің қорытынды кезеңінде сарапшылар түсініктемесінде
белгіленген тақырыптардың сөз болғанының салыстырмалы үлестері
есептеліп, «Инфодемия» деген тақырыптық топқа біріктірілген сөздердің
мазмұнына жан-жақты талдау жасалды. Бұл талдау теледидар экранында
сөз сөйлеп, пікір білдірген сарапшылардың коронавирус туралы жалған
мәліметтің таралуына қарсы тұрудағы шынайы әлеуетін анықтау үшін
жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: