279
6) Сөз саны.
7) *Пікір саны, мүмкіндігінше.
8) *Оқылым саны, мүмкіндігінше.
Зерттеу жұмысы бір-біріне ұқсас екі зерттеу жобасының жиынтығы
түрінде жүргізілді. Челси Ли мен Дженнифер С. Уонгтың
еңбегінде
Канада газеттеріндегі жаңалықтардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық
жөніндегі материалдарға мән берілген (Lee & Wong, 2019). Олар жүзден
аса материалды сараптап, 4 тақырыпқа бөлген. Бұл
зерттеу жұмысында
4 тақырып емес, 5 тақырып алдық және оларды жоғарыдағы зерттеу
сұрақтары бойынша таңдадық: «Пандемия және гендерлік зорлық-
зомбылық», «Тағы бір күш көрсету оқиғасы», «Әйелдің өз кінәсі/
жәбірленушіні кінәлау», «Жаңалыққа жарамды болса ғана
проблема етіп
көрсетуі», «Журналистің іс-әрекетке шақыруы».
Сараптама техникасының екінші элементі – мәліметті
абстракциялаудың стандартты формасы, оны журналистер Сандхия
Кажепита, Кара Ноеснер, Эдуард Хилл қолданған (Kajeepeta et al., 2016). Бұл
сараптамада сұрақтардың саны жиырмаға жетті. Мәліметті
абстракциялау
формасы мәліметті жүйелі түрде жинаған кезде қолданылады. Авторлар
іріктеп алынған материалдардан мәлімет алған соң жоғарыда аталған 5
санат бойынша дескриптив және елдерді салыстыру бойынша сараптама
жүргізген.
Мәліметті абстракциялаудың стандарт формасында мына санаттағы
сұрақтар қолданылды:
Достарыңызбен бөлісу: