Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Төтенше жағдай аяқталған сәттегі медиа ұсынған әлеуметтік



Pdf көрінісі
бет18/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

2. Төтенше жағдай аяқталған сәттегі медиа ұсынған әлеуметтік 
Қазақстан бейнесі
Қазақстандағы төтенше жағдай 11 мамыр күні аяқталып, карантин 
талаптары жеңілдетіле бастады. Біз төтенше жағдай аяқталған кезең 
ретінде 7-15 мамыр аралығындағы медиа хабарламаларын қарастырдық. 
Бұл кезеңде Қазақстанда пандемиямен бірге басқа да мәселе туған еді. 
Соның бірі – Мақтааралдағы су тасқыны. Сондай-ақ 7 мамыр – Отан 
қорғаушылар күні, 9 мамыр – Ұлы жеңіс мерекесі бас тақырыпқа айналды. 
Сондықтан да болар осы апталарда індет туралы көп айтылмай, аяқасты 
туған мәселе мен ұлық мейрамдарға назар аударғаны байқалады.
Мемлекеттік газеттер – Егемен Қазақстан, Казахстанская Правда, 
мемлекеттік телеарналар – Qazaqstan және Khabar TV телеарналарының 
осы кезеңдегі хабарларында жергілікті атқарушы билік өкілдерінің 
эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғаны жөніндегі есептері, 
мемлекет өмірінің төтенше жағдайдан қалыпты өмірге көшіп жатқаны 
туралы жаңалықтар бірінен соң бірі беріліп жатты. Мысалы, «Жағдай 
тұрақталып келеді» (Qazaqstan телеарнасы қорытынды жаңалықтары, 5 
мамыр), «Предприятия региона, которым разрешили работать в условиях 
ЧП постепенно входят в рабочий ритм» (Төтенше жағдай кезінде жұмыс 
істеуге рұқсат берілген өндіріс мекемелері біртіндеп жұмыс ритміне 
көшіп келеді) (Казахстанская правда, 6 мамыр). Президент, премьер-
министр, т.б. атқарушы билік өкілдері төтенше жағдай кезінде істелген 
жұмыстарды тізбелеп көрсетіп жатты (қанша адамның жәрдемақы алғаны, 
салықтан босату, несие жеңілдіктері т.б.). «МВК по нераспространению 
COVID-19» Telegram-арнасы елдегі науқастар мен аурудан жазылып 
шыққан адамдар туралы ақпаратты сәт сайын жариялаумен болды. Бұл 
кезеңді мемлекеттің азаматтарға есеп беріп, төтенше жағдай басталған 
сәтте берген «уәделерін» орындағанын дәлелдеген кезең деп қарастырсақ 
та болады.
Мемлекеттің дұрыс әлеуметтік саясат ұстанғаны төтенше жағдай 
кезіндегі іс-әрекеттерді түсіндіру арқылы ғана емес, көрші мемлекет 
басшыларының жылы лебізі арқылы да айтылып жатты: Егемен Қазақстан 
газетінің 9 мамыр күнгі санында РФ президенті Путин мен Тоқаевтың 
телефон арқылы әңгімелескені, Путиннің Қазақстан үкіметінің жұмысына 
(халыққа, бизнеске қолдау көрсету, дер кезінде шешім қабылдау) оң 
баға бергені жазылған. Ал 14 мамыр күнгі нөмірде Қазақстанның дер 
кезінде көрсеткен көмегі үшін Қырғызстан президентінің алғыс айтқаны 
жарияланды. Бұл сәтте мемлекеттік медиада экономика саласындағы 
әлеуметтік саясат: төтенше жағдайдан кейінгі экономиканы қалпына 


38
келтіру бағдарламалары, жұмыссыздықпен күрес жобалары, бизнесті 
қолдау шаралары көбірек таныстырылды (Егемен Қазақстан, 14 мамыр).
Төтенше жағдай аяқталатын тұста Qazaqstan және Khabar TV эфирлерінде 
санитария талабын бұзған азаматтар туралы бірнеше сюжет көрсетілді. 
Егемен Қазақстан газетіндегі 11 мамыр күнгі «Аурудан айыққандар 
қатары 2 мыңға таяды» атты хабарламада тілші «...Денсаулық сақтау 
министрлігінің коронавирусқа байланысты жасаған болжамдары үнемі 
дəлме-дəл келіп жатпаса да, мемлекет қабылдаған нақты шаралардың 
нəтижесінде жалпы ахуалдың салыстырмалы түрде қанағаттанарлық 
екенін айта кеткен жөн… ...Инфекцияның таралу жылдамдығының 
бəсеңдегені көңіл қуантса да, бұл індеттің 11 мамырдан кейінгі тағдыры 
енді біздің тəртібімізге байланысты болады, ағайын» деп аяқтайды. 
Бұл мәтінде автор мынадай ой ұсынып отыр: олар – мемлекет, үкімет, 
билік осы уақытқа дейін жағдайды бақылап, жақсы еңбек етті. Олар 
өз жауапкершілігі үдесінен шыға білді. Енді біз – халық, қарапайым 
азаматтар, бағынушылар кейінгі жағдаятқа жауаптымыз. Осылайша 
медиада індетпен тиімді күресіп, жағдайды бақылауда ұстай алған, 
халқына жәрдемескен қуатты мемлекет образы қалыптастырылып, 
төтенше жағдай басталғалы бері арқалап келген жауапкершіліктің бір 
бөлігі бұдан әрі (азаматтардың карантин талаптарын сақтап, денсаулы-
ғын күту арқылы) халықтың өзіне артылатыны түсіндірілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет