Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Медиадағы мемлекет бейнесі және сыни дискурс анализ



Pdf көрінісі
бет15/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Медиадағы мемлекет бейнесі және сыни дискурс анализ
Қазақстан үкіметі пандемия кезінде жүзеге асырған әлеуметтік саясатын 
мемлекеттік медиа арқылы халыққа жеткізуге аса зор ынтамен кірісті. 
Медиа арқылы таратылатын ақпаратты бейтарап, шынайы хабар 
ретінде ғана емес, сонымен қатар идеологиялық астары бар, дискурспен 
көмкерілген және белгілі бір шеңбер аясында 
(framing)
таратылған 
хабар ретінде де қарастыруымызға болады. Маркстың идеология 
көзқарастарынан бастау алатын медиа және мәдениет зерттеулеріндегі 
сыни парадигманы ұстанушылар масс медианың үстем мүдделерге қызмет 
ететінін алға тартады. Сыни теорияға тән ұстаным бойынша, масс медиа 
ұсынатын хабарлар билеуші үстем таптың (немесе элитаның) бұқара 
халыққа өктемдігін сақтап қалуына қызмет ететін, оқырман санасын 
қалыптастыратын идеологиялық мәтін болып саналады (Lichter, 2017). 
Яғни медиа арқылы ұсынылған хабарламаның идеологиялық астары бар 
және әрбір хабарлама идеологиялық мазмұнмен байытылған. Ал мұндай 
мазмұндарды медиа қожайындары, медианы қаржыландырушылар 
және ақпарат өндірісіне қатысатын медиа кәсібилері қалыптастырады. 
Олай болса, Эдвард Херман мен Ноам Чомский айтып өткендей, байлық 
пен билік теңсіздігі бұқаралық ақпарат құралдарының мүдделері мен 
таңдауларына қатты әсер етеді. Медиа үстем элитаның мүддесіне қызмет 
етіп, аудиорияға өзін қаржыландырушылардың ойын таңып, көзқарасын 
ұсынады (Herman & Chomsky, 2008, 60-61).
Біздің зерттеу нысанамыз ретінде алынып отырған бұқаралық 
ақпарат құралдары – Telegram-арна, газеттер мен телеарналардың 
барлығы мемлекет тарапынан қаржыланады; олар мемлекет иелігінде 
болғандықтан, мемлекет тарапынан бақыланады. Демек, бұл басылымдар 
таратқан хабарламалар мемлекеттің ұстанымы мен көзқарасынан ауа 
жайылып, шектен шықпайды. Осы басылымдар арқылы мемлекет өз-
өзіне репрезентация жасаған болады. Бұл ретте мына мәселеге назар 
аударуымыз керек: Мемлекет атынан мәлімдеме жасап, мемлекет атынан 
шешім қабылдау құзыреті мемлекетті басқарып отырған саяси элита 
мен атқарушы билік өкілдерінің қолында. Демек, мемлекет ұстанымы 
немесе көзқарасы туралы айтқан сәтте біз саяси элита мүшелерінің 
ұстанымы мен көзқарасы туралы айтқан боламыз. Олай болса, COVID-19 
індеті кезінде Қазақстан атқарушы билік органдары мемлекеттік медиа 
арқылы Қазақстан Республикасын қандай бейнеде қабылдатуға тырысты? 
Қазақстан Республикасы өз-өзін әлеуметтік мемлекет ретінде қалай 
репрезентациялады? Бұл сұрақтарға жауап табу үшін сыни дискурс анализ 
әдісіне жүгінетін боламыз.
Сыни дискурс анализ – Луи Альтюссердің идеология теориясынан, 
Антонио Грамшидің гегемония концепциясынан, сондай-ақ Франкфурт 
мектебі ойшылдарының философиялық көзқарастары мен Мишель 


34
Фуконың дискурс ілімінен, Михаил Бахтиннің жанрға байланысты 
тұжырымдарынан дамып жетілген, XX ғасырдың соңына қарай Норман 
Фэркло, Рут Водак, Теун ван Дейк секілді бір топ зерттеуші өрістеткен, 
жаңа бір бағыт ретінде қалыптасқан анализ түрі (Тичер жб., 2009:195-196). 
Өз аясында түрлі бағытта зерттеу жүргізгенмен, сыни дискурс анализ 
парадигмасын «зерттеу тақырыбының әлеуметтік мәселеге бағытталуы, 
интердисциплинар және эклектикалық, сондай-ақ сыни тұрғыда болуы 
біріктіреді. Макс Хоркхаймер сыни теориядағы «сыни» ұғымын зерттеудің 
қоғамды сынға ала отырып, оны түзетуге бағытталуы ретінде түсіндірген 
. Осылайша ол сыни теорияны қоғамды түсіну немесе түсіндіруді мақсат 
еткен дәстүрлі теорияға қарсы тұжырым ретінде ұсынады (Wodak & Meyer 
2009:3-4). Сыни теориядан бастау алатын сыни дискурс анализ әдісі 
де медиадағы нәсілшілдік, дискриминация, билікті асыра пайдала-ну 
секілді мәселелерді қарастырады. Юрген Хабермастың тұжырымы-мен 
айтар болсақ, зерттеуші қызығушылығын қолдай отырып, идеологиямен 
«ластанған» дискурстарды әшкерелеп, оның орнына рационал дискурстар 
ұсынады. Осының нәтижесінде масс-медиа арқылы жүзеге асатын 
коммуникация Хабаремастың түсінігіндегі утопиялық билік қатынасы 
болып саналатын «идеалды ауызекі жағдаятқа» 
(ideal speech situation)
бір 
табан жақындайды (Тичер жб., 2009:196). 
Сыни дискурс анализ парадигмасы бойынша тілдік қолданыс 
идеологиялық болуы мүмкін, ал оны анықтау үшін мәтінге талдау жасап, 
интерпретациялық зерттеу жүргізу керек. Қарапайым дискурс анализ 
интерпретатив және түсіндірмелі әдіс болса, сыни дискурс анализ 
интерпретациямен қатар, мәтін мен әлеуметтік жағдаят, идеология 
мен билік қатынасын қоса қарастырады. Сыни дискурс анализде билік 
қатынастары дискурспен тікелей байланысты қолданылады. Яғни 
сыни дискурс анализ дискурстағы билік пен дискурс «үстіндегі» билікті 
зерттейді. Норман Фэркло дискурсты «тілдің әлеуметтік тәжірибе ретінде 
қолданылуы» деп сипаттаған (Тичер жб., 2009:198).
Мақаламыздың келесі бөлігінде жоғарыдағы тұжырымдамаларға 
сүйеніп, медиадағы Қазақстан Республикасының бейнесін анықтап 
көрмекпіз. Бұл үшін мәтіннің морфологиялық ерекшелігі мен құрылымына 
(бет нөмірі, жаңалықтағы реті, көлемі, тақырыбы, т.б.), акторларға, тілдік 
риторика мен дискурсив стратегияларға (нақты бір мақсатқа жету 
үшін әлеуметтік акторлар жүзеге асырған манипулятив әдістер), мәтін 
жарияланған сәттегі саяси-әлеуметтік жағдаяттарға (мәтіннің қашан, 
қайда, кімге жарияланғаны) назар аударғымыз келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет