Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Пандемия кезіндегі қазақстандық БАҚ талдауы: денсаулық



Pdf көрінісі
бет47/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Пандемия кезіндегі қазақстандық БАҚ талдауы: денсаулық 
сақтау жүйесінің коммерциялануы мен мемлекеттік 
функциялардың коммерциялануын сынайтын дискурстар
А. Медиаматериалдарды жалпы және алдын ала бағалау мен 
дискурс талдаудың таңдалу себебі
Пандемия кезеңіндегі қазақстандық БАҚ-тардың контентін талдау және 
дискурс талдау денсаулық сақтау саласы мен мемлекеттік функциялардың 
коммерциялануы туралы сыни материалдар мен посттардың көп 
жарияланғанын көрсетті. Денсаулық сақтау жүйесі ахуалын талдау 
тұрғысынан олардың кейбірінің сапасы жоғары. Дегенмен Данияр 
Әшімбаев, Мағбат Спанов сияқты санаулы сарапшылар мақалалары мен 
сұхбаттарын есепке алмағанда, коммерциялизация мен жекешелендіруді 
сынаған мақалалар мен посттардың басым бөлігі жүйелі және нақты емес. 
Бұл жағдай Қазақстанда, жалпы алғанда, 
мемлекеттік
функциялардың 
коммерциялануы мен неолиберал капитализмге қатысты интеллектуал 
сын қалыптаса қоймағанын көрсетсе керек.
Дегенмен наурыз-сәуірдегі карантин кезіндегі тауар нарығы мен 
маусым-шілдедегі COVID-19 пандемиясының шарықтауы кезіндегі 
дәрі-дәрмек нарығындағы спекуляция туралы қазақстандық БАҚ пен 
әлеуметтік медиадағы қазақ және орыс тіліндегі материалдар мен 
посттардың қатты сыни сипатқа ие болғаны анық байқалды. Сапалық 
контентке жасалған талдау спекуляция туралы мыңдаған жаңалық пен 
басқа да медиаматериалдар жарияланғанын көрсетіп отыр. У сарымсақ, 
зімбір, адыраспан сияқты тауар, әсіресе аса қажет дәрі-дәрмек бағасының 
шарықтап кетуіне азаматтар, журналистер, сарапшылар мен шенеуніктер 
айрықша негатив реакция көрсетті. Алайда спекуляцияны талдауда (немесе 
спекуляцияны «сананың коммерциялануы» және «неолиберализммен» 
байланыстыра талдау үшін) «сананың коммерциялануы», «Қазақстандағы 
неолиберализм және тауар мен дәрі-дәрмек нарығындағы спекуляция» 
деген тіркестермен іздеу жасағанда, қысқа немесе жүйесіз жазылған 
бірен-саран әлеуметтік медиапостынан өзге мардымды нәтиже шықпады.
Біріншіден, қарапайым азаматтарды былай қойғанда, журналистер, 
сарапшылар мен зерттеушілердің жекешелендіру және денсаулық сақтау 
жүйесінің коммерциялану құбылысын тудыратын неолиберал капитализм 
(немесе неолиберализм) концепциясымен таныс емес екенін айта кеткен 
жөн. Сонымен қатар денсаулық сақтау құқығын қорғауға қажет ортақ не 
қоғам игілігі деген сияқты концепциялар Қазақстанда әлі күнге дейін 
көп қолданылмайды. Екіншіден, коммерциялизация ұғымы өте позитив 
мағынада (бір нәрсені жақсы бағаға сатылатындай ету) – не «ғылыми 
зерттеу, не ауыл шаруашылығы қызметтерінің коммерциялануы» 
деген сияқты біздің зерттеу сұрағымыз контексінен өзгеше мағынада 
қолданылады. Сондықтан зерттеу сұрағына қатысты мәлімет табу үшін 


118
жаңалық, сұхбат пен өзге де медиаматериал контексі, жалпы мағынасы 
және ондағы сөздердің қолданылу мағынасына үңілу керек. Осылайша 
пандемия кезінде қазақстандық БАҚ-та денсаулық сақтау саласының 
коммерциялануы мен мемлекеттік функциялардың коммерциялануын 
сынайтын мықты дискурс болған-болмағанын зерттеу үшін негізгі зерттеу 
әдісі ретінде дискурс талдау таңдалды.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы медиада сананың коммерциялануы және 
денсаулық сақтау жүйесінің коммерциялануының қалай жазылғанына 
сандық контент-талдау сияқты сандық тұрғыдан зерттеу біршама қиын 
болды. Мысалы, 2020 жылдың қазан айының ортасында Google және 
Yandex сайттарына денсаулық сақтау саласының жекешелендірілуі мен 
коммерциялануы және сананың коммерциялануына қатысты қазақ 
тіліндегі нақты сөздер мен тіркестерді енгізгенде нәтиже шыққан жоқ. 
Алдын ала жасалған қорытынды бойынша, қазақ тіліндегі медиа, 
жалпы алғанда, неолиберал капитализм мен денсаулық сақтау жүйесінің 
коммерциялануын сынайтын салмақты материал басқан емес. Жалпы 
алғанда, қазақ тілінде неолиберал капитализм туралы санаулы ғана 
материал бар (мысалы, Сомжүрек, 2010). 2020 жылдың қазан айының 
ортасында Google сайтында «неолиберал капитализм» тіркестерін енгізіп, 
іздеу жасағанда, жеті нәтиже ғана шықты. Қалай болғанда да, орыс 
тілінде ғылыми және баршаға арналған материал көп, бірақ олардың дені 
қазақстандық емес дереккөздерден.
Қазақстандық медианы алдын ала сараптау денсаулық сақтау 
секторындағы коммерцияланудың негатив ықпалдары (немесе 
неолиберал капитализмнің салдары) туралы ең көрнекі мақалаларды 
Vlast.kz, 365info.kz сайттары жариялағанын көрсетті.
Негізінен, денсаулық сақтау құқығын қорғауда адам құқықтары 
түсінігіне жүгіну туралы дискурстар Қазақстанда аз. Ал орыс тілінде жеке 
жағдайлар туралы санаулы материал жарияланған, мысалы, обыр дертіне 
шалдыққан қарағандылық журналист өз денсаулығына қауіп төндіргені 
үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен «СК-Фармация» компаниясын 
сотқа берген (Журналист, 2020; Муканова, 2020). Жалпы алғанда, кешенді 
материал табылған жоқ. Қалай болғанда да, қазақ тілінде азаматтардың 
денсаулығын қорғауға қатысты адам құқығы түсінігін көтерген жеке кейс 
түріндегі материал да таба алмадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет