Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


 теңге дискурсы: анықтамасы және негізгі сипаттары



Pdf көрінісі
бет62/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

42 500 теңге дискурсы: анықтамасы және негізгі сипаттары
Алдымен, саяси коммуникация және саяси дискурс ұғымдарын анықтап 
алғанымыз жөн, себебі бұл жұмысымызда 42 500 теңге дискурсын дәл осы 
ұғымдармен бірлікте қарастырамыз.
Саяси коммуникация мен саяси дискурс өзара тығыз байланысты, 
дегенмен екеуінің түсіндірмесі айтарлықтай өзгеше. Шварценберг (1992: 
174) саяси коммуникация деп «саяси жүйенің элементтері арасындағы, 
сондай-ақ саяси және әлеуметтік жүйелер арасындағы саяси ақпаратты 
жеткізу процесін» атаған. Ол саяси ақпарат алмасудағы бұл процесс барлық 
деңгейдегі индивидтер мен топтар арасында болатынын түсіндірген. 
Грачев те (2004: 288) саяси коммуникацияны «саясат саласындағы 
саяси субъектілердің өзара байланысын қоғамды тиімді саяси басқару 
шеңберінде қолдау және дамыту мақсатындағы ақпараттық ықпал мен 
өзара әрекет процесі» деп атаған. Ал Кузьмина саяси дискурсқа мынадай 
анықтама береді: «Саяси дискурс» дегеніміз – әлеуметтік шындықты 
саясаттың (ең алдымен, биліктің) басты терминдерімен түсіндіру тәсілі. 
Саяси дискурс – қандай да бір мәтін (ұғым, тұжырымдама) бойынша 
құрылған және саяси процеске қызмет ететін практикалық сөйлеу 
әрекетінің белгілі бір түрі» (2011: 55). Кузьминаның көзқарасы бойынша, 
саяси коммуникация саяси ақпараттың айналымы үшін қажет тікелей 
саяси дискурс арқылы жүзеге асады. Біз Никифороваға (2014: 39) сүйене 
отырып саяси дискурс пен саяси коммуникация тұжырымдамаларын 
бөлмейміз, саяси қарым-қатынасты әлеуметтік, мәдени, тарихи 


158
алғышарттар, сөйлеу кезіндегі мән-жай және саясаткерлердің жеке 
басының ерекшеліктері сияқты экстралингвистикалық факторлармен 
бірге қараймыз.
Субъект-адресант қатынасына сүйеніп саяси коммуникацияның 
мынадай желілерін бөліп көрсетуге болады (Шейгал, 2000: 59-62): 
«институт-қоғам» желісі (Үкімет қаулысы, заң, үндеу, ұран, Президент 
жарлығы), «қоғам-институт» желісі (петиция, үндеу, үнқағаз, 
сайлаушылардың үндеуі, митингідегі сөздер); «азамат-институт» желісі 
(азаматтардың саясаткерлер мен институттарға хаты, сайлауда дауыс 
беру); «институт-институт» желісі (жария коммуникация: келіссөз, саяси 
қайраткерлердің кездесуі, парламент талқылауы, премьер-министрдің 
Үкімет отырысындағы сөзі, партия бағдарламасы; ішкі коммуникация: 
қызметтік хат алмасу, кулуардағы пікір алмасу, жабық отырыс және 
т.б.). Саяси дискурсты жанрларға жіктеудің тағы бір жүйесі бар, онда 
жанрларды институттық осі бойынша, яғни барынша институттық 
жанрдан барынша бейресми жанрға орналастырады. Сөйлеушінің 
коммуникациялық ниетіне қарай тағы үш жанрға бөледі (Шейгал 2000): 
рәсімдік (инаугурациядағы сөз, мерейтойдағы сөз, дәстүрлі радиоүндеу), 
бағыттық (партия бағдарламасы, манифест, Конституция, Президенттің 
елдегі жағдай туралы жолдауы, есеп баяндамасы, жарлық, келісім) және 
агональ (лозунг, жарнама сөзі, сайлау алды дебаты, парламент дебаты).
Шейгалдың (2004: 34), Кузьминаның (2011: 55) және Семкинаның (2012: 
95) еңбектеріне сүйенсек, саяси дискурстың негізгі қызметі адресаттың 
санасына «саяси дұрыс» көзқарас пен ұстанымды қалыптастыру 
мақсатында ықпал ету және адресатты белгілі бір реакция мен әрекетке 
ынталандыру. Сондай-ақ саяси дискурстың идеологиялық сипатын 
да атап өткен жөн (Степанов 1995; Генералова 2010). Коммуниканттар 
пайдаланатын тіл құралдары, стратегиялар мен тактикалар қоғамға 
басым идеологияны, мысалы, консерватизмді, либерализмді, фашизмді, 
анархизмді және т.б. сіңіруге бағытталған.
Сөйлеу әсерінің кең тараған түрлерінің бірі – манипуляция, яғни 
адресатты, саналы түрде емес немесе өз пікіріне қайшы келетін 
реакциясын көрсетуге мәжбүрлейтін жасырын ықпал. Сөйлеу 
манипуляциясы деп тілді пайдаланудың қандай да бір ерекшелігін 
мақсатты түрде қолдануды айтамыз (Радюк 2013: 181). Саяси дискурстағы 
сөйлеу тактикасы мен стратегиясы дәл осы негізде құрылады. Паршина 
(2007) саяси коммуникация процесіндегі стратегия мен оны жүзеге 
асырудың тактикаларын былайша жүйелеуді ұсынған: 
1) Cендіру стратегиясы:
- үгіттеу стратегиясы: шақыру тактикасы мен уәде беру тактикасы
- иллюстрация және салыстырмалы талдау тактикасының перспектива 
мен жүйелі бағасын көрсетудің негізінде жүзеге асатын 
аргументативтік стратегия;
2) Билікті сақтап қалу стратегиясы: 
- адресаттың эмоциялық көңіл-күйін қалыптастыру стратегиясы: бірігу 
тактикасы, адресаттың эмоциясы мен құндылығын ескеру; 
- қиындықтың бар екенін мойындау, жағымды ақпаратқа екпін беру, 


159
түсіндіру, пікір білдіру тактикасы, сондай-ақ қиындыққа жаңа 
көзқараспен қарау және оны шешудің жолын көрсету түріндегі 
ақпараттық-түсіндірме стратегиясы; 
3) Билік үшін күрес стратегиясы: 
- сынау, даулау және ақталу тактикаларының негізінде қалыптасатын 
өзін-өзі қорғау стратегиясы;
- манипулятив стратегия: манипулятив тактикалар және демагогикалық 
әдістер;
- шабуылдау мен дискредитация стратегиялары тіл тигізу мен айыптау 
тактикаларында көрініс тапқан;
4) Наразылық білдіру, ниеттесу, теңестіру тактикаларының көмегімен 
жүзеге асатын өзін-өзі көрсету стратегиясы.
Сөз әсері діттеген мақсатына жету үшін адресант саяси дискурста бағалау 
сөзін, сұрақ-жауап конструкциясын, риторикалық сұрақтарды, «біз» 
есімдігін, негатив коннотациялы және эвфемистикалық лексиканы, 
келер шақ конструкциясын, бұйрық рай, жеке емес конструкция
редупликация тәсілін, салыстыру, синтакистік параллелизм, қарсы қою, 
түсіндіру, метафора, метонимия, синекдоха, эпитет, кекесін, кейіптеу 
сияқты әртүрлі тіл құралдарын қолданады (Семкин, 2012; Tepavčević, 
2014; Рюкова и Филимонова, 2016; Стригина и Лазарев, 2017; Звада, 2018). 
Сонымен қатар Звада айтып өткендей (2018: 25), «кез келген прецедент 
құбылыс әдейі ашық түрде қолданылады және адресатқа әсер ету үшін 
(яғни манипуляциялау) үшін ойлап табылады».
Жоғарыда айтылғандардың бәрін ескере отырып, 42 500 теңге 
дискурсын саяси дискурсқа жатқызу негізсіз деп санаймыз. Алдымен, 
Шейгалдың (2004: 18-32) саяси дискурсқа саясат саласындағы мынадай 
үш түрлі құрамдас бөліктің кемінде біреуіне ие қатынас формасы жатады 
дегенінен бастайық: субъект, адресат немесе хабарламаның мазмұны. 
Осы орайда біз талдап отырған дискурс осы үш критерийдің екеуіне 
сай келеді: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз 
конференциясында институттық билік өкілдері (саясатқа қатысы 
бар субъектілер) мен Қазақстан халқының арасында саяси ақпарат 
алмасады. Сондай-ақ баспасөз конференциясындағы мәлімдеменің 
мәні мемлекеттік билік органдарының коронавирус індетінің ел 
экономикасына тигізген салдарын жою жолындағы жұмысы екенін байқау 
да қиын емес. Басқаша айтқанда, 42 500 теңге саяси дискурсы елдегі 
маңызды саяси жағдаймен байланысты қарастырылып отыр. Оның үстіне, 
саяси дискурс манипуляциямен тығыз байланысты екенін және біз талдау 
жасап отырған саяси коммуникация қазақстандықтардың санасында 
ерекше идеологиялық ұстанымды қалыптастыруға бағытталғанын да 
атап өткен жөн. Мұның идеологиялық мәнін сөйлеу әсерінің мақсаты – 
билік пен халық арасындағы қатынасты қолдау мен жақсарту екенінен 
көріп отырмыз. 42 500 теңге дискурсының мақсаты – азаматтарды 
мемлекет халыққа қамқор болып отырғанына және мұқтаждарға 
қаржылай көмек көрсететініне сендіру арқылы қоғамда тыныштық пен 
сенім атмосферасын қалыптастыру. 
Дегенмен осы зерттеу жұмысымыздағы 42 500 теңге дискурсы бұдан да 
кеңірек 42 500 теңге дискурсы ұғымының «ерекше түрі» болып саналады. 


160
Себебі бұл дискурс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 
баспасөз конференциясы аясында субъект-адресат қатынасымен, атап 
айтқанда, «институт-қоғам» саяси коммуникациясымен ерекшеленеді. 
Зерттеу жұмысымыздағы 42 500 дискурсы дегеніміз – Министрлік 
өкілдерінің Қазақстан қоғамына төлем алу туралы және биліктің көмек 
көрсету уәдесі туралы тікелей айтқан мәліметтерінің, жария мәлімдеме 
актілерінің, солардан туындаған эмоциялық әсерін қоса алғандағы 
жиынтығы. Саяси контекстің басқа желілерін (мысалы, әлеуметтік төлем 
туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату) осы 
контексте қарау, тұтастай алғанда, «42 500 теңге дискурсы» ұғымы мәнінің 
толық екенін көрсетеді. 42 500 теңге дискурсы ұғымын анықтап алсақ, 
енді зерттеудің әдіснамасы бөліміне тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет