Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Тиімді коммуникациялар: медианың рөлі мен орны



Pdf көрінісі
бет9/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Тиімді коммуникациялар: медианың рөлі мен орны
Нәтижелі, тиімді коммуникация мәселесі осы мақаланың тақырыбында 
көрсетілген. Дағдарыс жайлаған алмағайып заманда коммуникациялар 
билік пен қоғамның өзара әрекеттесуіне, дер кезінде ақпарат 
алмасуына, кедергілер мен қиындықты айқындап, олардың шешімін 
табуға мүмкіндік беретін арнаға айналды. Пандемия тұсында елімізде 
коммуникацияның нашар екені, дұрыс ойластырылмағаны байқалды. 
Мемлекеттік басқару органдары ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын 
жүргізбейді, ал қоғамға ұсынылатын ақпаратты әзірлеу сапасы төмен, 
дұрыс жеткізілмейді, салдарынан ресми ақпарат көздеріне деген сенім 
жоғалып, барған сайын шиеленісе берді.
Қазіргі кезде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару 
академиясында тиімді коммуникация құру стратегиясы жөнінде ұсыныс 
беруді көздейтін салыстырмалы зерттеулер жүргізілуде. Бұл мақала – 
5 ай бойы атқарылған жұмыстардың нәтижесін баяндайтын алғашқы 
жарияланым.
Коммуникация стратегияларының тиімділігі ақпарат тарату 
жолдарының қолжетімді әрі ыңғайлы болуына тәуелді екені мәлім. Осы 
орайда ақпараттар ағынын реттеудегі медианың рөлі ерекше.


20
Зерттеу әдістемесі социологиялық сауалнама арқылы дерек жинап, оларды 
өңдеп, Power BI жүйесінде модельдеу сияқты амалдарды пайдаланады. 
Мынадай қорытындыларды атап өтсек болады. Ақпаратқа қанағаттану 
деңгейі мен мемлекеттік органдардың эпидемиологиялық ахуалды 
тұрақтандыру үшін іске асырып жатқан шараларын нәтижелі деп тану 
және елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы мемлекеттік органдар 
тарапынан берілген ақпараттың қолжетімді болуы арасында оң тәуелділік 
бар.
Ақпаратқа қанағаттану деңгейі мен пандемия кезінде билік тарапынан 
жеткізілетін қарама-қарсы хабарламалардың жиілігі, мемлекеттік 
органдардың эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған 
шараларының нәтижелі болуы, елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы 
мемлекеттік органдар тарапынан шығатын ақпаратты іздеп табудың қиын 
болмауы сынды факторлар арасында тәуелділік бар екені анықталды.
Сондай-ақ мемлекеттік органдардың эпидемиологиялық жағдайды 
тұрақтандыруға бағытталған шараларын нәтижелі деп тану мен ақпаратқа 
қанағаттану деңгейінің жоғары болуы арасында да өзара байланыс бар.
1-сурет. Ақпаратқа қанағаттану деңгейі
1
Диаграммадан байқағанымыздай, пандемия кезіндегі ақпаратқа 30–45 
жас аралығындағы респонденттердің көңілі толады. 18–29 жас пен 56–65 
жас аралығындағы жауап берушілер – ақпаратқа қанағаттану деңгейі 
төмен респонденттер.
Сонымен қатар зерттеу әдістемесіне ақпаратқа қанағаттану деңгейін 
бағалаудың жеткілікті, уақытында және қолжетімді болу сияқты 
критерийлері де кіреді.
Ауру-сырқау жөнінде толымды ақпарат таратудың ыңғайлы жолдарына 
интернет порталдары, мемлекеттік органдардың сайттары, мемлекеттік 
1 Ескертпе: жаппай сауалнама нәтижелеріне сәйкес жасалды.


21
құрылымдардың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары, ақпарат-
тық бюллетендер, SMS-хабарландырулар жатады.
Осы ретте дереу ақпарат тарату үшін интернет-порталдар, мемлекеттік 
органдардың сайттары, баспасөз конференциялары мен брифингтер, 
билік органдары жетекшілерінің блогтары, мемлекеттік құрылымдардың 
ресми парақшалары сияқты арналарды қолданған ыңғайлы.
Интернет порталдар, мемлекеттік органдардың сайттары, мемлекеттік 
құрылымдардың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары сияқты 
арналар – сырқат деңгейі мен аурудың алдын алу шаралары туралы 
жеткілікті әрі уақытында ақпарат таратудың ең оңтайлы жолдары.
2-сурет. Пандемия жағдайында ақпарат арналары арқылы хабардар болудың 
ыңғайлылығын бағалау деңгейі
2
Ауру-сырқат, алдын алу шаралары мен қауіп-қатер жайында толымды 
және уақытында (дереу) ақпарат тарататын арналардың ішіндегі 
интернет порталдарына 18 бен 29 жас аралығындағы респонденттер, 
мемлекеттік органдардың сайттарына 18–45 жастағылар, мемлекеттік 
органдардың әлеуметтік желілердегі парақшаларына 18–29 жастағылар 
көп кіреді, ал телевизияны 18–45 жас аралығындағы респонденттер көп 
көреді. Интернет порталдарын 56–65 жас аралығындағы респонденттер 
көп пайдаланбайды, ал мемлекеттік органдардың сайттары, телевизия 
2 Ескертпе: жаппай сауалнама нәтижелеріне сай жасалды.


22
мен мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі парақшалары 18–
29 және 56–65 жастағылар арасында аса танымал емес.
Жалпы, жастар, 18–29 жас аралығындағылар мемлекеттік органдардың 
сайттарын, мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі 
парақшаларын көп қарамайды және теледидарды көп көрмейді. Егде 
жастағы азаматтар болса, интернет порталдары мен мемлекеттік 
органдардың сайттарын көп пайдаланбайды.
Бұған қоса, ақпараттық арналарды ыңғайлы көру-көрмеу 
респонденттердің қызмет саласына да байланысты. Мәселен, мемлекеттік 
органдардың сайттарын, негізінен, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік 
сала жұмысшылары ыңғайлы көреді, берген бағалары: 5 және 4, үлесі 30%-
дан астам. Айта кетер жайт, интернет порталдарына келгенде, барлық 
қызмет саласындағы респонденттердің 40%-ынан астамының берген 
бағасы 5 балл болған.
Мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі парақшаларына 
ауыл шаруашылығы жұмысшылары, мемлекеттік қызметкерлер, 
жекеменшік компаниялардың қызметкерлері мен БАҚ өкілдері көп кіреді, 
ал жұмыссыздар оларды ақпарат алудың ыңғайлы жолы деп санамайды
осы категорияда мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі 
парақшаларына қатысты сұраққа жауап бермеген респонденттер 
көп болған. Билік органдарының бірінші басшыларының блогтарына 
жүгінгенді ауыл шаруашылығы жұмысшылары мен жұмыссыздар 
ыңғайлы санайды, ал қызмет көрсету саласы жұмысшылары мен үй 
шаруасындағы әйелдер үшін олар ыңғайсыз.
Сауда және қызмет көрсету саласында, ауыл шаруашылығында жұмыс 
істейтіндер, студенттер мен оқушылар газет-журналдарды ақпарат 
таратудың ыңғайлы жолы деп танымайды.
Ауру-сырқау жөнінде дер кезінде ақпарат жариялау деңгейін бағалауда 
Viber, Skype, Microsoft Teams, YouTube, Telegram сияқты ақпарат тарату 
арналарының көрсеткіші 30%-дан асқан. Ал Email Instagram арналары
WhatsApp, ұялы телефондар, Zoom, E-gov.kz арналарының көрсеткіші 40-
41% аралығында. Алдын алу шаралары туралы дереу ақпарат жариялау 
мен Viber, Skype, Zoom, Email, Microsoft Teams, YouTube, Telegram арналары 
арасындағы корреляция деңгейі 30%-дан асады. Ал E-gov.kz, Instagram, 
ұялы телефондар, WhatsApp арналарында бұл көрсеткіш 41–43%. Қауіп-
қатер туралы дереу ақпарат тарату мен Viber, Skype, Microsoft Teams, 
YouTube, Telegram арналары арасындағы корреляция коэффициенттері 
30%-дан асады. Zoom, Email, E-gov.kz, Instagram, ұялы телефондар, 
WhatsApp бойынша 40%-дан көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет