ӨНДІРІСТІК УЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕР, АҒЗАҒА ӘСЕРІ, КӘСІБИ УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Адамзаттың айналасында оның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне зиянды әсерін тигізетін химиялық қосындылардың мыңдаған түрлері белгілі. МЕМСТ 12.1.005-88 бойынша зиянды улы зат деп адам ағзасымен қатынасқа түскенде қауіпсіздік талаптарын сақтамағанда, жұмыс істеп жүрген кезінде және кейінгі өмірінде диагностикалық әдістермен анықталатын денсаулық жағдайында ауытқулар немесе улану, кәсіби аурулар тудыратын химиялық заттар.
Токсикология – зиянды заттардың физиологиялық активтілігін зерттейтін ғылым. Токсикологияда у деген термин қолданылады ол дегеніміз – организмге аз мөлшерде енгізгенде оған белгілі бір жағдайларда химиялық немесе физико-химиялық әсер ете отырып ауруға немесе өлімге әкелетін химиялық қосынды.
Адам организміне зиянды заттар белгіленген нормадан жоғары мөлшерде түскенде жедел немесе созылмалы уланулар пайда болады.
Жедел улану әдетте апат нәтижесінде болады, қондырғы сынғанда және қауіпсіздік техникасы өрескел бұзылғанда, жедел улану әсерінің қысқалығы мен зиянды заттың концентрациясының жоғарылығымен сипатталады. Улану симптомдары бірден немесе бірнеше сағаттан соң білінеді.
Созылмалы улану біртіндеп, зиянды заттардың ұзақ, жүйелі түрде әсер етуінен, адам организміне салыстырмалы түрде аз мөлшерде енуінен пайда болады. Организмде зиянды заттар жинақталып қалуынан матералды кумуляция болады ал, пайда болған өзгерістерден функционалды кумуляция болып бөлінеді.
Уланудың кез келген формасында зиянды заттың әсер ету сипаты оның физиологиялық белсенділігінің дәрежесімен анықталады – улылық деп аталады. Адам организміне әсер ету дәрежесіне байланысты зиянды заттар 4 класқа бөлінеді: 1 класс - улылығы өте жоғары аса қауіпті топ: ванадий және оның қосындылары, кадмий оксиді, никельдің карбонилі, сынап, қорғасын және оның қосындылары, терефтал қышқылы, тетраэтилқорғасын, сары фосфор т.б.
2 класс – қауіптілігі жоғары заттар: азот оксиді, дтхлорэтан, карбофос, марганец, мыс, мышьяк сутегі, пиридин, күкірт және тұз қышқылы, күкірт сутегі, күкірт көміртегі, тиурам, формальдегид, фторлы сутек, хлор, күшті сілтілер ерітінділері.
3 класс – орташа қауіпті заттар: камфара, капролактам, ксилол, нитрофоска, күкіртті ангидрид, метил спирті, толуол, фенол, фурфурол т.б.
4 класс – қауіптілігі төмен заттар: аммиак, ацетон, бензин, керосин, нафталин, скипидар, этил спирті, көміртегі оксиді, уайт-спирит, доломит, магнезит т.б.
Өндірістік улардың қауіптілік класы нормалар мен көрсеткіштерге байланысты бекітіледі (кесте 4).
.
Кесте 4 - Өндірістік улардың қауіптілік класы
Көрсеткіштер
|
Қауіптілік кластары үшін норма
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Жұмыс орнындағы ауадағы зиянды заттардың ШРК, мг/м3
|
0,1 аз
|
0,1-1,0
|
1,1-10,0
|
10 көп
|
Асқазанға енгізгенде орташа өлімге әкелетін доза мг/кг
|
15 аз
|
15-150
|
151-5000
|
5000 көп
|
Тері арқылы орташа өлімге әкелетін доза мг/кг
|
100 аз
|
100-500
|
501-2500
|
2500 көп
|
Ауадағы орташа өлімге әкелетін концентрация, мг/м3
|
500 аз
|
500-5000
|
5001-50000
|
50000 көп
|
Ингаляциялық улануға әкелуі мүмкін коэффициент
|
300 көп
|
300-30
|
29-3
|
3 аз
|
Жедел әсер ету зонасы
|
6,0 аз
|
6,0-18,0
|
18,1-54,0
|
54,0 көп
|
Созылмалы әсер ету зонасы
|
10,0 көп
|
10,05,0
|
4,9-2,5
|
2,5 аз
|
Асқазан арқылы енгізілгендегі орташа өлімге әкелетін доза дегеніміз асқазанға бір рет енгізгенде эксперименттік жануарлардың 50%-ында өлім тудыратын зиянды заттың дозасы - (ЛД50) леталді доза 50 мг/кг.
Теріге жаққандағы орташа өлімге әкелетін доза – теріге бір рет жаққанда эксперименттік жануарлардың 50%-ында өлім тудыратын зиянды заттың дозасы немесе мөлшері (ЛД50) мг/кг.
Ауадағы орташа өлімге әкелетін концентрация – 2-4 сағаттық ингаляциялық әсер еткенде эксперименттік жануарлардың 50%-ында өлім тудыратын зиянды заттың концентрациясы мг/м3.
Ингаляциялық улану мүмкіндігі коэффицинті (ИУМК) - 20ºС кезінде ауадағы зиянды заттың максимальді концентрациясының тышқандарға эксперименталді жануарларға 2 сағ әсер етуінде орташа өлімге әкелетін зиянды зат концентрациясына қатынасы. ИУМК жедел уланудың қауіптілігінің 2 маңызды көрсеткішін біріктіреді: зиянды заттың ұшқыштығы мен организмде өлім тудыратын дозасы.
Жедел әсер ету зонасы – заттың орташа өлім тудыратын концентрациясының минимальді концентрацияға қатынасы бейімделушілік физиологиялық реакциялардың шегінен шығатын организмнің бүтіндігі деңгейінде биологиялық көрсеткіштердің өзгеруін тудырады. Созылмалы әсер ету зонасы – заттың орташа өлім тудыратын концентрациясының табалдырықтық концентрацияға қатынасы бейімделушілік физиологиялық реакциялардың шегінен шығатын организмнің бүтіндігі деңгейінде биологиялық көрсеткіштердің өзгеруін тудыратын минимальді концентрацияның созылмалы экспериментте (4 айдан кем емес уақыт ішінде аптасына 5 рет 4 сағатттан) зиянды әсер көрсететін минимальді концентрацияға қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |