Лимфа түзілу процессі капиллярлардан тіндерге қан плазмасында еріген заттар мен судың өтуіне,ал өз кезегінде тіндерден лимфа капиллярларына өтуіне байланысты...
Лимфаның көзі болып тін сұйықтығы саналады. Ол клеткааралық кеңістікті толтырып,қан мен жасуша арасындағы өтпелі орта болып табылады.
Тін сұйықтығы арқылы жасушалар өз тіршілігіне қажеттті қоректік заттар мен оттегіні алады. Сондай-ақ өз кезегінде алмасу заттары мен көмірқышқыл газын осы сұйықтық арқылы шығарады.
Лимфа капиллярлардан лимфангиондарға ағып жатқанда, оның ішіндегі қысым дистальды клапанды жабу үшін және проксимальды ашуға жеткілікті деңгейге дейін артады.
Нәтижесінде лимфа келесі (үстінен) лимфангияға көшеді. Лимфангиялардың мұндай дәйектілігі лимфа қозғалысына әкеледі.