Тақырыптың негізгі сұрақтары
"Лимфома" ұғымдарының анықтамасын білу.
Лимфома – лимфа жүйесінің қатерлі ісік ауруы.
Лимфа жүйесі – ағзалардың, тіндер мен жасушалардың кешені, олардың жұмысы организмді түрлі аурулардан қорғауға бағытталған. Бұл жүйеге айыршабез, көк бауыр, бадамша бездер, лимфа түйіндері кіреді. Айыршабез балаларда қызмет ете бастайды, 40 жасқа таман өзінің белсенділігін жоғалтады. Лимфа жүйесінде 2 түрлі жасушалар болады: Т және В-лимфоциттері, олар бөгде организмдерді жоюға жауап береді. Олардың шексіз бөлінуінде лимфома пайда болады.
Көбінесе, лимфомалар лимфа жүйесіндегі немесе ішкі ағзалардағы қаттылау ісіктер, ауырсынбайтын, ұлғайған лимфа түйіндері секілді көрініс береді. Лимфома жасушалары бүкіл организмге өтіп, таралуы мүмкін. Лимфомалардың ішінде лимфогранулематозды (Ходжкин лимфомасы) бөледі, лимфомалардың басқа түрлері – ходжкиндік емес лимфомалар. Лимфома төмен (баяу өсетін), орташа және жоғары дәрежелі болады. мысалы, Буркитт лимфомасы – ауыр дәрежелі, фолликулярлық лимфома – төмен дәрежелі.
Жалпы симптомдары:
Мойын аумағындағы, қолтық астында немесе шаптың аумағында лимфа түйіндерінің ауырсынбайтын ісінуі
Қызба (температураның артуы) және қалтырау
Түнгі терлеу
Салмақ жоғалту
Тәбет жоғалту
Терінің қышуы
Басқа симптомдары:
Терідегі қызыл дақтар
Жүрек айнуы, құсу, іштегі ауырсыну
Жөтел немесе ентігу.
Кейбір адамдарда B-симптомдары пайда болады, олар:
Түнгі терлеу
Салмақты кенет жоғалту, әдетте, дене салмағынан 10%-дан астам
Дене температурасының артуы, пайда болып, жойылады, әсіресе, кешкі уақытта
Терінің қышуы, әдетте, бөріткенсіз
Әдеттен тыс, күшті шаршау.
Лимфомалардың жіктелуін, сондай-ақ лимфогрануломатоз және лимфосаркомадағы патоморфологиялық өзгерістерді біліңіз.
Ходжкин Лимфомасы, немесе лимфогранулематоз, лимфа түйіндерінде, көк бауырда, бауырда, сүйек кемігінде ісік жасушаларының болуымен сипатталады. Пайда болу себебі белгісіз.
Микробейнесі. Ісіктің алғашқы ошақтары (эдетте, лимфалық түйіндер)
мен метастаздарында лимфоциттер, гистиоциттер, ретикулалық жасушалар көбейіп, оларға алып жасушалар, эозинофилдер, плазмациттер мен нейтрофилді лейкоциттер араласады. Полиморф-жасушалы элементтер көбейіп, түйіндер түзеді, склерозды, некрозды (кейде казеозды) ошақтар қалыптасады. Лимфогранулематозға тэн нышан — атипиялы жасушалар. Ол жасушалардыц мынадай түрлері бар: 1) Ходжкиннің кіші жасушалары (лимфобласт тэрізді); 2) жалғызядролы алып жасушалар, яғни Ходжкиннің ірі жасушалары; 3) Рид-Березовский-Штернбергтің копядролы жасушалары (эдетте, олар алып көлемді). Бүл жасушалар лимфоциттерден немесе макрофагтардан өнетін сияқты; өйткені құрамында макрофагтарға тән қышқыл фосфатаза мен бейспецификалық эстераза болады
Ходжкиндік емес лимфомалардың көпшілігі лимфа түйіндерінде немесе лимфа ағзаларында (көкбауыр, тимус (айыршабез), бадамшабез) пайда болады. лимфа түйіндері мен жасушалары бүкіл организм бойында орналасады, сондықтан, лимфома бауырда, асқазанда, жүйке жүйесінде немесе басқа ішкі ағзаларда дамуы мүмкін.
Лимфосаркома — лимфоцит текті жасушалардан өрбитін қатерлі ісік. Бүл ісік көбіне кеуде қуысындағы, іш пердесінің сыртындағы, кейде шаптағы жэне қолтық астындағы лимфалық түйіндерде өседі. Ол асқазан мен ішектің лимфалық тінінен, талақта, басқа да мүшелерде дамуы мүмкін. Алғашқы кезде ісік шектеліп, локальді қалыптасады. Ол жердегі лимфалық түйіндер күртүлғайьш, бірігіп, ірі түйіндер түзіп, төңірегіндегі тіндерді ығыстырады. Некроз бен қан бшақтары пайда болып, түйіндер қатайып, бозғылт тартады. Кейін үдеріс лимфа және қан арнасы арқылы организмге жайылып, басқа түйіндерге, өкпеге, теріге, сүйектерге жэне басқа да мүшелерге метастаз шашады. Лимфалық түйіндерде В- жэне Т-лимфоцит, пролимфоцит пен лимфобласт, иммунбласт текті ісіктік жасушалар көбейеді. Осы тұрғыдан, лимфомалар лимфоцитті, пролимфоцитті, пролимфобластты, иммунбластты, лимфа-плазмацитті жэне африкалыц лимфома (Беркитт ісігі) деп алты гисто(цито)логиялың вариантка жіктеледі. Жетілген лимфоциттер мен пролимфоциттерден құрылган лимфомалар лимфоцитомалар деп, ал лимфобластылар мен иммунбластылардан түзілген ісіктер лимфосаркома деп аталады (Воробьев А.И.,1985). Лимфосаркомалардың ішінде ерекше көңіл аударарлығы — африкалық лимфома (Беркитт ісігі).
Лимфомалардағы асқынулар мен өлімнің негізгі себептерін атай білу.
Диагностика. Науқас лимфа түйіндерінің ұлғаюын немесе лимфоманың басқа симптомдарын байқаса, дәрігер толық медициналық тексеру өткізуі тиіс. Оған мойынның, қолтық асты мен шаптың аумағындағы лимфа түйіндерін қарау жатады. Сондай-ақ, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюын тексеру қажет. Дәрігерге жақында болған инфекциялық және басқа аурулар туралы, денсаулық жағдайы туралы айту қажет.
Дәрігер ауруды келесі тексерулерден кейін анықтай алады:
Лимфа түйіндерінің биопсиясы – лимфа түйіндерін тесу және тіннің бөліктерін микроскоппен зерттеу
Сүйек кемігінің биопсиясы.
Қанның жалпы талдауы
Қанның биохимиялық талдауы – ақуыз, несеп қышқылының және басқа зерттеулер, бауыр мен бүйрек қызметін тексеру үшін
Кеуде қуысының, іш қуысы мен жамбас қуысының компьютерлік томографиясы
Галлиймен сканерлеу (өкпенің немесе лимфа түйіндерінің қабыну ауруларын анықтау үшін)
ПЭТ (позитрондық-эмиссиялық томография) сканерлеу – адамның ішкі ағзаларының зерттеудің радионуклидтік томографиялық әдісі.
Талдаулар лимфоманың болуын анықтаса, қосымша тестілер арқылы оның таралуын білуге болады. бұл үрдіс лимфоманың сатысын анықтау аталады, бұл әрі қарай емдеуді анықтауға көмектеседі.
Емдеу келесілерге байланысты:
Лимфоманың түріне
Лимфоманың сатысына, қашан алған анықталуына
Науқастың жасы мен денсаулық жағдайына
Симптомдардың болуына, оның ішінде, салмақ жоғалтуға, қызбаға және түнгі терлеуге.
Емдеу түрлері:
Химиялық емдеу – емдеудің негізгі түрі. Көбінесе, бірнеше препараттың бірігуі қолданылады. В-жасушалық ходжкиндік емес лимфомада жиі қолданылатын препараттың әрекет етуші заттегі - ритуксимаб (Rituxan).
Сәулемен емдеу сәулеленуге қол жетімді лимфомада қолданылады. Радио- иммундық емдеу сирек қолданылады. Бұл ісік жасушаларын жою үшін радиоактивті заттектерді антиденелермен бірге қолдану.
Сүйек кемігін алмастыру.
Ару кезін де асқынулары:
Аутоиммундық гемолитикалық анемия
Иммунитеттің төмендеуі және жұқпаларға бейімділік.
Химиялық емдеу препараттарының жанама әсерлері.
Алдын алу. Лимфоманың алдын алу бойынша қазіргі кезеңге дейін әдістер анықталмаған.