«Лингвистика ілімінің тарихы» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы (2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М057 – Лингвистика
3. Тест мазмұны: «Лингвистика ілімінің тарихы» пәні бойынша тақырыптарды қамтиды. Тапсырмалар қазақ тілінде берілген.
№
Тақырыптыңмазмұны
Қиындықдеңгейі
Тапсыр малар саны
1
Лингвистика ілімі пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері. Лингвистикалық дәстүрлердің қалыптасу тарихы. Пәннің зерттеу нысаны және басқа ғылымдармен байланысы. Тіл біліміне кіріспе, Жалпы тіл білімі пәндерімен өзара байланысы. Лингвистика ілімі пәнінің қалыптасып дамуының алғышарттары. Лингвистика ілімін зерттеудің дереккөздері. Көне лингвистикалық дәстүрлер: қалыптасуы мен дамуы.
A
2
2
Көне ғасырлық шығыс мәдениетіндегі лингвистикалық білім (б.з. 3-1-мыңжылдықтағы) Ежелгі Египеттегі тіл білімінің нышандары. Месопотамия, Вавилондағы тіл білімінің нышандары. Көне таяу шығыс мәдениетіндегі тіл туралы танымы. Көне Үндістаңдағы тіл білімі. Көне Қытайдағы тіл білімі. Үнді тіл білімі.