АҚЫН КӨДЕК БАЙШЫҒАНҰЛЫНЫҢ ƏДЕБИ МҰРАСЫ
Б.Ə.Түлкиева -
Абай атындағы ҚазҰПУ, Мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушысы
ХІХ ғасырдың екінші жəне ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүріп, имровизаторлық пен
жазба дəстүрді қатар ұстанған Көдек Байшығанұлының мұрасы алғаш рет ғылыми айналымға қосылып,
жан-жақты қарастырылды.Қытымыр заман, қыңыр саясат кесірінен еңбегі еленбей келген өнер иесінің бірі
– Көдек Байшығанұлы. Көдек артына өлмес мұра қалдырған талантты да танымал ақын. Ол 1988 жылы
қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданы, Шалкөде жайлауында дүниеге келді. Жас кезінде анасы
қайтыс болып, Көдек атасы Маралбайдың қарамағында өседі. Əкесі Байшыған мен атасы Маралбай –
екеуі де қағытпа-қалжыңға ұста, сөзге шешен адамдар болыпты. Əкесі Байшыған өз дəуірінде айтыс
ақыны болған екен. Көдектің болашақ ақын болып қалыптасуына əкесінің де əсері болған. Шағын ғана
шаруасы бар Маралбай атасының тəрбиесінде өскен Көдек жас кезінен-ақ зерек, ақылды болып өседі. Өз
бетімен хат таниды.
Əліпбиді ежіктеп танып алдым.
Бірте-бірте шимайлап қанығармын., - деген жолдар ақынның хат танығанын аңғартса керек.
Халық əдебиетініңнəрлі құнарын бойына сіңіріп, тап басып, тауып сөйлейтін өнерлі ортада өскен
Көдек кез-келген жерде сөз тауып, тура сөйлеуге үйренеді.
Он үшке он екіден адымдадым,
Атымды өзім ерттеп жабындадым.
Той болған соң тамашалы жерге барып,
Өлеңге сол кезімнен ағындадым, -
Деген өлең жолдары осыны дəлелдегендей. Ақын жас кезінде өмірдегі түрлі жағдайларды, той-
думан, алыс-жақын адамдар, жастықты, сүйіспеншілікті өлеңге қосып жырлайды. Мысалы: «Əже», «Ата»,
«Бойжеткен», «Ақсүйек», «Маң төбет», «Ей жеңге», «Телкүрең», «Саумал» т.б. өлеңдерін атауға болады.
Көдек мұрасын шартты түрде жас кезіндегі өлеңдері, екінші 1917 жылдан 1930 жылға дейінгі
туындылары жəне 1930-1937 жылдар аралығындағы өлең-жырлары деп үш кезеңге бөлуге болады.
Өлеңдерін жанрлық жағынан алғанда өлең-толғаулар, арнаулар, жоқтау-дауыстар, дастандар деп жіктеуге
болады. Көдек атақты Бөлтірік жыраудан бата алған. Көдектің жас кезінен қиыншылық, тапшылық көруі
болашақ ақынның өмірге деген көзқарасының ерте қалыптасуына əсер етеді. Ақынның тағы бір қыры сын-
сықаққа бейімділігінде. «Қата» атты өлеңінде патша өкіметінің жансызы ретінде халықты аямаған
Қатаның іс-əрекетін мысқылға айналдырады.
Меньшевиктен алды мандатты,
ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г.
86
Бірімтайға замғатты.
Бөбетайдың үйінен
Бес тайтұяқ жамбы атты.
Қайтіп келе жатқанда
Кедейлер мұны қармапты ...
Осылай халықты сүлікше сорған адамдарға өзінің сын семсерін қарсы сілтейді, əшкерелейді. «Бір
болысқа» атты өлеңінде болыстың іс-əрекетін сынап, сықаққа айналдырады.
Болыстың бөркі жақсы шашақтаған
Атына шөбі тұрып, қашақ салған.
Берді ғой бидай майлап қонағына,
Бола ма бұдан артық аш аттанған?!
«Құртқа - Мамай» атты өлеңінде былай келтіреді:
Құртқа – Мамай,
Отырмын ақ суыңды ұрттай алмай.
Жүз үйден бір қайнатым шай шықпады,
Жүр едің қайтіп байғұс жұртта қалмай.
Сонымен қатар Көдек Байшығанұлы көзі тірі замандастарына арнау өлеңдер жазған. Мысалы:
«Əлияға», «Ырсалдыға», «Сембайға» т.б. Ескіліктен қалған тарихи, əдеби жəдігерліктерді өзгеше əсем
жеткізетін ақыл-ой, мінезге бай «Жансерке əжеге» атты шығармада былай жазылған:
Жолға шыққан шынар ағаш,
Биіктеген аспандай.
Самал тисе бір бұтағы,
Маңына ұрық шашқандай.
Нөсер төккен ақ жауындай,
Жерге сіңіп батқандай.
Сөз сарыны ой тартады,
Інжу-маржан шашқандай.
Бұл жерде ұлы жазушы М.Əуезовтың Көдек туралы «Стилистикалық тұрғыдан ол батырлық аңыз
эпостарындағы төкпе өлеңнің əуендете айтылатын ойнақы тəсілін мирас еткен» дейтін толғамы оралады.
Батырлық əрекет немесе Тайбуырылдың шабысы суреттелмеседе, эпостағы аңыздау дəстүріне ұқсас
екпінмен бейнелеуші тұлғаны дəріптеу үрдісін жаңғыртқаны байқалады. Автор – баяндаушы алғашқы екі
жолда астарлау əдісі мен теңеуді (шынар ағаш) теңеуге (аспандай) ұластыру арқылы кейіпкерінің қасиет-
қадірін градация үлгісінде сипаттаған. Сонымен қатар ақын 1916-1930 жылдар аралығындағы ел
өміріндегі өзгерістерді, заман шындығын тап басып айтып, халық мүддесін жоқтайды. 1916 жылдың
ойранына өкініш білдіреді. Мысалы «Бостандық заман» , «Өкімет жайы» т.б. өлеңдерін атауға болады.
Көдек - жоқтау-дауыстауды көп жазған ақынның бірі. Берісі түркі, арысы əлем халықтарының
өмірінде кездесетін жоқтау өлең күні бүгінге дейін айтылып келеді. Мысалы, «Солтанқұлға арнаған
жоқтауда» қырық тоғыз жасында қайтыс болған Солтанқұлға арнаған жоқтауда да алдымен ата-тегінен
мəлімет береді
... үзілмеген мейманы,
Мама ағаш пен кермеден.
Жүйрік аты кетпеген,
Белдеуінен терлеген, - дейді.
Сонымен қатар «Диқанбайға дауыс», «Сəрсенбайға дауыс» т.б. өлеңдерінде осы адамдардың көзі
тірісінде жасап кеткен істері мен мінез-құлықтарына мінездеме береді.
... мінезінде бар еді,
Солмайтұғын сабырлық.
Толған айдай халқына,
Əрқашан түскен жарығың, - деген жоқтау өлеңінде Сəрсенбайдың қандай адам болғандығын
бірден аңғаруға болады. Аз сөзге көп мағына сиғыза білген Көдектің ақындық шеберлігін аңғаруға
болады.
Көдек Байшығанұлы шығармашылығының бір саласы – дастандары. Оның алғашқы эпикалық
туындысы «Қайынға барғанда» деп аталатын шағын дастаны. Дастанда жастардың бас еркіндігі, ескі салт
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж.
87
пен сана тартысы көрініс табады. Жас балаға бойжеткен қызды айттырған ескі қоғам қайшылығын
сынайды. Ал, «Үркін» - тарихи тақырыпқа жазылған туынды. Шығарма желісі 1916-1918 жылдар
аралығындағы оқиғаларға құрылған. Ақын жиырмасыншы жылдары іске аса бастаған ұжымға біріктіру,
бай адамдарды тəркілеу кезіндегі шолақ белсенділердің асыра сілтеген іс-əрекетін сынаған өлеңдері үшін
қуғынға ұшырайды. Бір жағынан алапат аштық қысады. 1930 жылы елмен бірге ата-қонысын тастауға
мəжбүр болады. Ақын «Қоштасып қалдырдым да Албан елін» деген өлеңінде шетке кетудің себебін
айтады.
Ет пен сүт салығынан шошыған жұрт,
Қарасу кешіп жерден ауған едің.
Жазықсыз халық жауы атанған соң,
Мекенін тастап шықты аумағы елдің, - деген жолдар растай түседі.
Шекара шебінен өткен ақын Іле аймағына қарасты Мұңғылкүре ауданының Ақдала деген жеріне
келіп қоныстанады. Өз жерінде ақпа-төкпе ақын ретінде кеңінен танылған ақын 1937 жылы Мыс деген
жерде қайтыс болады. Көдек ақынды халықтың мұрат-мүддесін жоқтап, бостандық-тəуелсіздікті
жырлаған үлкен талант иесі деп білеміз.
1.
Байшығанұлы К. Қайтейін жалған дүние. – Алматы, 2008.
2.
Қирабаев С. Əдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім, 1995.
3.
Базарбаев М. Əдебиет жəне дəуір. – Алматы: Жазушы, 1966.
4.
Ахметов З. Поэзия шыңы –даналық кітабы. – Астана, 2002.
5.
Сейітжанұлы З. Көдек – ұлтазаттық жыршысы. //Əдебиет жəне өнер мəселелері. –
Алматы, 2001.
Резюме
В статье рассматривается литературное наследие талантливого акына Кодека Байшыганулы.
Summary
In this article are cjnsidered heritage of the talented poet Kodek Baishiganuli.
«ҚУ БАС, ЖЕТІМ ҰЛ – АҚАН ЖАЛҒЫЗ...» НЕМЕСЕ «ҚҰЛАГЕР» ПОЭМАСЫНДАҒЫ
АҚАН ТРАГЕДИЯСЫ
Ш.Е.Оразбаев -
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Талдықорған қаласы
Қазақ топырағында өнер туын көтерген алғашқы туындылар Ілияс қаламынан шықты. Соның
ішінде ең биігі – «Құлагер» поэмасы. Ол ақын поэзиясының биігі ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының
асқары. М.Қаратаев «Əуелде тастан шыққан бұлақ тəрізді сылдырап басталса, бара-бара ол «Күй»,
«Күйші» поэмасына құйды да, тау өзені тəрізді сарқырап ақты, ақырында «Құлагер» поэмасының
аңғарына құлап, кемерімен теңелген жылым дариядай ұлы арнада терең тұңғиығы теңселе шалқыды»-
деген екен [1, 25].
«Құлагер» поэмасы 1936 жылы жазылып, сол кездегі «Социалды Қазақстан» газеті арқылы
оқырманға жетті. «Құлагер» сол газетте шыққан бойда оқырман жұртшылықтың ілтипатын өзіне бұрып
əкетті [2, 124]. «Мұндағы ұмытылмас сұлу картиналар, демі айқын образдар, шындықтан туған
романтикалық леп, бұлақша сылдыраған нəзік лирикалық сезім, серпінді кең эпикалық құлаш, балы
сорғалаған құнарлы бай тіл, ұйқасы сыңғырлаған кəдімгі он бір буынды қара өлеңнің мінсіз, мүлтіксіз
үлгілері» [2, 128] қалың жұртшылықты ыстық ықыласына бөлегенімен, 1957 жылдарға дейін шын
мəнісіндегі өз бағасын ала алмады... Қап түбінде қын жатпас дегендей, «Құлагер» поэмасы кеш те болса
өзіне тиісті əділ бағасын алған поэма. М.Əуезов, Е.Ысмайылов, Т.Нұртазин, Б.Кенжебаев, М.Қаратаев,
Қ.Жұмалиев жəне өзге де сыншы-ғалымдар тарапынан «өлмейтін алтын ескерткіш», поэзияның «сұлу
сарайы» деп мойындалған поэма.
ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г.
88
Ақын, əнші, композитор Ақанның басындағы ауыр трагедия оны көркем шығарманың кейіпкеріне
айналдырды. «Құлагер» поэмасы Ақан сері сынды өнер адамын дəріптеуге арналған.
Жалпы алғанда І.Жансүгіровтің өзі асқан домбырашы, күйші болғандықтан ба, шығармаларында
музыкалық сазды үнді көркем сөз арқылы əсем эстетикаға айналдыруда ерекше орны бар. Ол музыканың
əсем сазды үнін, тілін шын жанымен сүйсіне ұғады да, халқына да тандандыра тыңдата білетін ақын.
«Күй» поэмасы соның куəсі.
...Кейде күй қыран болып қылмаңдаған,
Алдынан қызыл оттай бұлаңдаған.
Саңқылдап домбырадан бір құмар күй,
Сағынып сар балақты жұмырлаған [3, 211] – деп, музыканың сан құбылған əсем сазды үнін сөз
образы арқылы өрнектеген «Күй»», «Күйші», поэмамыздың шоқтығы саналатын «Құлагер» поэмалары
біздегі поэзия мəдениетін жаңа түр, жаңа сапамен байытып, белгілі бір деңгейге көтерді. Ілиястың
«Құлагер» поэмасы өзінің тақырыбы, көтерген проблемасы жағынан қазақ топырағындағы тың туынды.
«Құлагер» поэмасы – ақын туралы, ақын трагедиясы туралы дастан. Сұм заманның құрбаны
болған үлкен өнер иесі - əрі ақын, əрі сазгер, əрі əнші, əрі сері, əрі сал, өнер тарланы, асыл арман иесі Ақан
туралы дастан. Ақын Ілияс үшін Құлагер – Ақан символы, ал Ақан – Құлагер символы. Екеуі де –
жүйріктің, дүлділіктің белгісі. Поэманың ішіне терең үңілсек, Ілиястың эстетикалық мұраты – Ақан
тағдыры екенін айқын аңғарамыз. «Құлагер – ат жүйрігі болса, Ақан – ақын жүйрігі» [1, 26] - деп
М.Қаратаев айтқандай, Ақан шынымен де биік адамгершілік, асқақ мұраттардың иесі, халықтың рухани
дүниесін байытқан, халық қызметшісі. Ақан трагедиясының сыры, түптеп келгенде, Құлагердің
өліміненде де емес, ғашық болған қыздың күйігіненде емес. Ақан трагедиясы – «қара күш, қаңқу сөзде»,
оның трагедиясы – «жүрегін жаралап, жанын шаққан, жылан өмірде», оның трагедиясы – пасық жандарға
бас ие алмаған асыл жанның ерлігінде. Ақан трагедиясы – теңсіздік жайлаған заман трагедиясы. Өйткені
ақын басына бүкіл замана шермесі сыйып тұрғандай. Ал, Ақан мұраты не? – деген сауалдың жауабын
Ілиястың өзі төмендегі екі жол арқылы терең ашқан.
Текті құс тазалықты қолына ұстап,
Арманы-ақ сұлулықты сүю деген [3, 218].
Ал поэмада Ақан мен Батыраш образын ақын бір заманда, бір ортада өскен екі жанды түйістіреді.
Ақан жəне Батыраш. Екеуі екі жағалауда. Екі өмір. Өнер мен өктемдік, кісілік пен надандық,
сұлулық пен сұмдық, зиялылық пен бейпілдік, парасат пен топастық. Ақан тағдырын, оның қайғылы
өмірін, ортасынан көрген өгейлігін, оның пəктікті, əділеттілікті аңсаған арманын, өнер өміршеңдігін паш
етуге арналған. Ілияс қап-қара түнек дүниесі мен аппақ нұрдай адамгершілік дүниесін салыстыра береді.
Озбыр қара күш дүниесімен сол озбырлыққа қарсы пəк өмір іздеген ілгері арманшыл Ақан дүниесі.
Қайсысы озбақ? Ал со заманда байлық иықтап, қара күш, топас надандық, өктемдік жасаған заманда
жүйрік озар ма? Өнер өрге баса алар ма? Олар озыққа, өнерге, жүйрікке жол берер ме? Бүкіл шығарма
арқауы, бейнелі құрылымы осы мұратқа бағындырылған.
Ілияс «табиғат – сұлулық, махаббат - адамгершілік» деп еңіреп өткен Ақанды көз алдымызға
əкелді. Əсем үні бір күнде аспан өрлеген Ақан сері енді кісі танымастай, тірі өлік. Оны осы халге
жеткізген сұм заман, əділетсіз ортаның тепкісі. Мойынға түскен зіл батпан азаптың біреуі – Құлагердің
мерт болуы. Құлагер – Ақан серінің сұлулық, əсемдік идеялы, құлагерді өлтіру, ақын, əншінің көркемдік
мұратын өлтіру. Осы поэмада Ақан образын толықтыратын тағы бір мəселе – ол Құлагердің бейнесі.
Поэмадағы Құлагер бейнесіне тоқталмай Ақан образын толық танытуға, түсіндіруге болмайды.
Өйткені Құлагер – щындық өмірде де, Ілияс поэмасында да Ақанның жан серігі. Құлагер Ақанның жары
да, жалғызы да, жолдасы да. Жан серігі, алданары сол Құлагер ғана. Енді, міне, сол бөрік астындағы
мейірімсіз жаудың қолынан қаза тапты. Ақанның бар үміті кесілгендей. Құлагерге жұмсалған айбалта –
Ақанға жұмсалған айбалта. Сұм дүниенің, озбыр қара күш дүниесінің ақынға атқан оғы. Құлагер өлді,
Ақан жаны жараланды. Бірақ өнер өлмеді. «Құлагер» əні дүниеге келді. І.Жансүгіров поэмасындағы тағы
бір ортақ ерекшелік – трагедияны табиғат суреттерімен байланыстыра беру шеберлігі.
Ілияс Ақан қайғысының тереңдігін білдіру үшін бүкіл табиғатты Ақанмен бірге егілдіреді. Бүкіл
тірі табиғат Ақан мен Құлагер деп күрсінеді.
Жел жылап, көл күрсініп жатқаны не?..
...Арқаның аяулы аты өлгеніне
Аспан, жер аза тартып тұрған шығар!.. [3, 218] –
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж.
89
деп, ақын табиғатты адам кейпінде алып, оларды да «ой бауырымдатып» селкілдете «сергелдеңге
салып», «егілдіріп, күйіндіріп », олардың барлығы Құлагер өліміне аза тұтады. Олар «қашаннан көңілі
қаяу сері Ақан» қайғысына елжірейді. Ақын осы жерде табиғатты тамаша сөйлете білген. Табиғаттың осы
көрінісі оқиғаны, Ақан трагедиясын қоюлата түскен. Бұл Ілиястың шебер суреткерлігіне қоса сезімтал
психолог екендігін аңғартады. Мысалы, жетім ұл, қу басты өңгеріп алып, Ақан да еліне қайтты. Қу бас,
жетім ұл – Ақан жалғыз. Күштілер дүниесі өнер тарланы Ақанды осылайша соққыға жықтырады, өксітеді.
Бүкіл тау-тасты, аспан мен жерді, ой мен қырды, тоғайы мен орманын күңіренте «Құлагер» əнін
байбалатып келеді.
Керең түн, кең даланы күңірентіп,
Бай-байлап «Құлагерге» бара жатты...
Тау мен тас жоқтағандай кер құла атты,
Бар бұлақ көлге суын бауырымдатты [3, 221], - деп, «Керең қыр, керең түн» ішінде «Құлагер» əні
жалпақ сахараға қанат қақты. «Құлагер - Ақан» қазақ сахарасына самғады.
«Құлагер» поэмасы - Ілиястың саңлақ өнер иесі екенін анық танытқан шоқтығы биік шығарма.
Мұнда ақынның нəзік сыршылдығы, «Ұзаққа жүгіретін өмір жүйріктігі, жез таңдай бұлбұл ақындығы»
бой көрсетті. Ақын – «сөздердің асыл, көркем тасын қалай», сөз маржанын «бір сұлу сарай» тұрғызып
кетті. Мұхтар Əуезов «Құлагер – бас-аяғы жұмыр, əдемі шыққан еңбек, қазақ əдебиетіне үлкен табыс» [4,
64] деген.
І.Жансүгіровтің «Құлагерін» оқи отырып, Ақанмен бірге қуанып, Ақанмен бірге қайғыланамыз.
Бізді осындай күйге жеткізген сөз өнері, сөз өнерін өзінше өрнектеген Ілияс ақын, ақынның ақындығы.
Ақан «Құлагер» əнімен мəңгі жасайды, өнер өміршең.
1.
Қаратаев М. І.Жансүгіров. – Алматы, 1961. 25 б.б
2.
Дүйсенов М. І.Жансүгіов. – Алматы, 1975. 124-128 б.б
3.
Жансүгіров І. Құлагер. – Алматы, 1994. 211-221 б.б.
4.
Ақшолақов Т. Шығарманың көркемдік айшықтарын таныту. – Алматы, 1990
Резюме
В данной статьe рассматривается трагедия главного героя Акана в поэме И.Жансугурова
«Кулагер».
Summary
The tragedy of the main character Akan on the basis I. Shansugirovs poem «Kulager» has been
considered in this article.
ҚАЛИХАН ЫСҚАҚОВ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ӨМІР ШЫНДЫҒЫ
М.Шындалиева -
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика кафедрасының
профессоры, филология ғылымдарының докторы
Бүгінгі таңда қазақ əдебиеті өрлеу, даму процесін басынан кешіріп отыр десек те, 1960-1970
жылдары əдебиетке келген ұрпақ əртүрлі тақырыпқа терең барлау жасап, батыл еніп, ғасырлар бойғы
қазақ халқының басынан кешкен санқилы оқиғаларды өз шығармаларына арқау етіп, сол заманалардың
қалың қатпарларын ашып, өзі өмір сүріп отырған ортаның шындығын барынша жайып салуға күш
жұмсағанына куə боламыз.
Қазақ əдебиетіне өз қолтаңбасымен келген жазушы Қалихан Ысқақов бірнеше роман жазған, əр
шығармасында соны тақырып, дара тəсіл пайдаланған, тың образдар мен көркемдік ізденістерін, əр алуан
бейнелер жасай алған бірегей жазушыларымыздың бірі. Алпысыншы-жетпісінші жылдары қазақ
əдебиетінің қасиетті табалдырығын аттаған жазушы қазақ əдебиетінің алтын қорына тек роман жазып
қана үлес қосқан жоқ, ірілі-ұсақты көптеген əңгіме-повесть, публицистикалық, ғылыми-зерттеу макалалар
да жазып мыңдаған оқушыларына тарту етті.
Тарихи тақырыппен қатар бүгінгі күн туралы айтуға ұмтылу, кез-келген елдің əдебиетінің талап-
ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г.
90
тілектерінен туындап отырады. Қазақ əдебиетінде жазушы Қ.Ысқақовтың қаламынан туған əрбір
шығармасы барлық уақытта да оқырман қауым назарын аударған елеулі оқиға болып отырды.
Жазушы Қалихан Ысқақовтың шығармаларында көтерген проблемалар мен қоғамдық қомақты
мəселелер бір күнде, бір жылда шешіле салмайтын, кешегі арқылы бүгінгі ұрпақты ойландыруға
жетелейтін терең философиялық ойларға апаратын тағлымды туындылар. Жазушының əрбір шығармасын
оқығанда онда суреттелетін өмір шындығына көңіл аударып қана қоймайсың, адамдардың мұңы мен
мұқтажына еріксіз ортақтасып, терең толғанысқа, сағынышты балалық шаққа, басыңнан өткен қимас
сезімдерге орала бересің. Бұл жазушының шығармашылығындағы халықтық сипаттың əсері, əдеби
кейіпкерінің жақын болуының себебі де өзіміздей қарапайым адамдардың өмірінен алынғандығы,
олардың психологиясын өзгеше өрнектеуінен десе болғандай.
Жазушы шығармаларын оқу барысында оның ізденімпаздығы, білімпаздығы мен тағампаздығын
атап айтуға болады. Қазақ жазушыларының ішінде əлемдік əдебиеттің үрдістерін меңгерген, өз ұлтының
қыр-сыры мол қалтарыстарын нəзік игерген Қ.Ысқақов деуге толық болады. Өзі өмір сүрген қоғам қалай
құбылса да, саясат желі қай жақтан соқса да Ысқақов туындыларының діттеген мақсаты мен темірқазығы
– адам жəне өмірі мен тіршілігі. Оған бір мысал келтіру арқылы көз жеткізуімізге болады.
Əдебиет туралы түсініктердің құйылар сағасы, ең басты проблемасы, объектісі – адам. Яғни,
көркем шығарманың негізгі нысаны – адам өмірі, оның қоршаған ортасы болып табылады. Өмірдің
шындығы қай өнерде болса да адамның іс-əрекеті, мінез-құлқы арқылы берілетіндіктен, Қ,.Ысқақов
шығармашылығындағы образ мəселесіне жан-жақты тоқтап, саралау - басты мақсаттардың бірі.
Басқа əдебиет шығармаларындағыдай, Қ.Ысқақов көркем шығармаларында да адам образының
небір керемет үлгілері жасалған, образдардың қызық та, қиын тағдырлары оқырманды бей-жай қалдыра
алмайды. Қ.Ысқақов туындыларында ой-сезімді тұтқындап, баурап алатын, тебірентетін образдар бар
жəне ол образдардың өресі мен өрісі де кең. Осы шеберліктің сыры мен əдісі көп қырлылықты талап
ететіні белгілі. Сюжеттік желі, композициялық бітім, образ, деталь, тіл мен стиль ерекшеліктері
шеберлікті қамтиды, бұл компоненттер бір-бірімен жымдасқанда ғана, яғни қарым-қатынасқа түскенде
шығарманың тынысы кеңейетіні аян.
Замана келбетін суреттеу, адамдардың тұлғасын мүсіндеу – жазушының ізгі мұраты. Əрқашан
өмірмен өкшелесіп отыратын қаламгер ұлы дүбірден шет қала алмайды. Қаламгердің қырағы көзі өзінің
ата-бабасының өмір сүрген дəуірі мен өз кезеңінің оқиғаларының жаршысы болуды, соларды ардақтауды
өзіне мақсат тұтуы да – заңды құбылыс. Қ.Ысқақов көркем шығармаларына тəн сипат - өмірдің ақиқатын
жинақтап, қорыта білу шеберлігі. Бұл тұста қазақтың тұрмыс-салты мен оның тұлғалары, дəстүрлері
туралы көпшілік түсінетін, жатық тілмен жазылған ғылыми-танымдық мəні бар ой қорытулары туралы да
айта кеткен жөн.
Əрбір жазушының əдебиет тарихындағы орнын белгілейтін өзіне тəн ерекшелігі, ол ерекшеліктің
əдебиеттен міндетті түрде орын алып, мəңгілік берік негізге айналуы заңды. Қ.Ысқақовтың қазақ
əдебиетіне қосқан үлесі зор жəне ол өз шығармаларында шын өмірде болған оқиғалар мен құбылыстарды
арқау ететінімен ерекшеленеді. Өмір шындығын бұлжытпай, дəл беруімен қатар, қазақ халқының өз
топырағының, өз өмірінің, өз əдебиетінің, өз ғылымының белді мүшелерін басты қаһарман етіп алады.
Қ.Ысқақов шығармалары ішінде повесть жанрында жазылғандары басым көпшілігі болып келеді.
Өз повестерінде білім мен ғылым саласындағы ардақты адамдарды тақырып етіп ала отырып, ол адамның
балалық шағынан бастап сол күнге дейінгі жеткен жетістіктеріне кеңінен тоқталады. Осылай кеңінен
толғауға повесть жанрының əлі келеді екен. Повесть пен роман арасындағы айырмашылық туралы
айтқанда олардың арасына шек қоймай Г.Н.Белинский: «... көлемі кішірек демесең, повесть те роман» [1,
269-б],- дейді. Оқиғаны кең қамту, персонаждарды көп алу жағынан əрине романның артықшылықтары
бар. Бірақ, повесть өмір шындығының деталдарын азырақ атқарады.
Кез келген көркем шығарманы алып қарасақ, негізгі идеясын анықтау үшін сол туындыны оқып,
автордың өзіндік талғам-түсінігін таразылап барып көз жеткіземіз.
„Шындық – күрделі болса, одан туған шығарма да – күрделі. Өмірдегі оқиғалар шым-шытырық
болса, оны суреттеген шығарманың мазмұны да əр алуан. Тіршілік жалғасып жатқан мəселелерге толы
болса, суреткердің ой өзегі де біреу емес, бірнешеу” [2, 165-б], - дейді академик З.Қабдолов.
«Əдебиеттің көкейкесті міндеті – «адамтану» [3, 484-б], - дейді М.Горький. Бұл ойды М.Əуезов
былай сабақтайды: «Əдебиет адамды тану өнері деп танылғанда, əр шақта, əр дəуірде адамды оның жан
дүниесінің, жаратылысының барынша шарқына жеткен шағына апара түсіп суреттеу керек болатын» [4,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж.
91
395-б]. Оның себебін академик М.Қаратаев былай түсіндіреді: «Адам - əдебиеттің жүрегі, адам өмірін
бейнелеу - əдебиеттің түбегейлі мақсаты.... Сондықтан əдебиеттің дүниетанытқыш жəне тəрбиелік құны
адам өмірін қаншалықты толық, терең, нəзік суреттеуімен өлшенбек» [5, 194-б]. Қай дəуірдегі əдебиетте
болсын адамды аса биік көркемдік дəрежеде суреттеген ғана сол уақытта өмір сүрген адамдардың жан
дүниесі, адамгершілігі, құнды қасиеттері айқын ашылып, жан-жақты танылады. Осы ойымызды нақтылай
түскен М.Базарбаевтың мына пікірінің маңызы ерекше: «Бұл күнде ... «замандас» деген ұғымның да
атқарар қызметі ұлғайды. Осы сөзден бүгінгі ойлы, ақылды, саналы күрескер адам ұғылады. Оның
қоғамдық, саяси, мемлекеттік сипаты аңғарылады. Қазіргі заман ұлы мақсаттың заманы болса,
замандастар сол биік нысананың күрескерлері» [6, 69-б].
«Қоңыр күз еді» атты алғашқы повесі 1963 жылы жарық көреді. Бұл повесінен жазушының
шығармашылық бағытындағы оң беталысты сонау ерте кезден аңғарғанына куə боламыз. Мұнда
жазушының қарапайым халық арасынан шыққан Қасым атты кейіпкерінің балалық шағы, алғашқы жақсы
көру сезімдерінің ұнамды жақтарын баяндауға ден қойғанын, басты бейненің бойындағы жақсы белгілерді
көрсетумен бірге автор оның ой-санасындағы шектелушілікті де жасырмайды. Жазушы өз кезеңіндегі
өмір шындығына иек арта отырып, Қасым атты кейіпкері арқылы сол кездегі жастардың сүйіспеншілігі,
бір-бірімен қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының басынан кешкен əрқилы оқиғаларын қиюластыра
келе, бір мектепте болған жастар арасындағы қызғылықты жайларды жай ғана баян етпей, олардың
шынайы сезімдерін жеріне жеткізе суреттеуінен Қалихан Ысқақовтың реалистік қырын тереңнен танимыз.
Бұл повесте адам бойындағы, мінезіндегі мінді мінеу жағы басым шығып та жатқан тұстары бар. Мысалы,
мектеп директоры Қалматай – лақап аты Маймұрын, оның əйелінің поддиректор аталуының себептері,
интернат завхозының шын аты Зейнолланың - Беликов аталу себептерін тəптіштеп көрсеткен автор бұл
кейіпкерлердің моральдық тағдырларын тартымды бейнелейді жəне астарлы юмаристік жолмен хал-
қасиеттерін нанымды ашқан. Жазушының майдақоңыр юморы ара-тұра еріксіз күлкіге үйіреді. Мысалы,
повестегі Қыдырханның Бүкір аталу себептері, тəрбиеші, мұғалім, ұстаздарға жағынып жүретін
қылықтары өзіне ғана тиесілі сияқты. Қыдырхан сияқты оқушы əр мектепте де кездеседі, бірақ Қ.Ысқақов
повесіндегі Қыдырхан əрбір қылығымен жағымпаз оқушылардың жинақты бейнесі есепті. Оны жазушы
былай бейнелейді:
«- Сен оның айтқанына көне берме. Əрі-беріден соң төбеңе шығып алады да, ананы өйт, мынаны
бүйт деп қу жаныңа қоныс таптырмайды. Есімі Қыдырхан, бүкірі біздің қосқанымыз ғой, - деп бір қойды.
– Оның үстіне тəрбиеші, мұғалім, аспаз дегендерге жағынып, бірді-бірге шатыстырып қойып, майға
батырған ыстық қасықша жылпылдап сумаң етіп əр жерден сүңгіп шығып жүргені» [7, 26-б]. Бұл
Қыдырхан бейнесін автор оның іс-əрекетін реалистік жағдайда суреттеген жəне кейіпкерінің рухани
əлемін, кейінгі тағдырын да жорамалдауы байқалады.
Қасым өз əкесінің туған ағасын «Шалым» деп атайды, шын аты – Ыбырай өз баласы жоқ
болғандықтан Қасымға үйірсектей береді жəне сырттай қамқорлық танытып, тілектес ниетпен көмектесіп,
қол ұшын беріп көмектесіп отырады. Повестің жалпы мазмұны достық, адамгершілік жайындағы мектеп
ұстаздарының өсиеттеріне, интернат ұлдары мен қыздарының балғын жүректеріндегі сезімге, көңілде
тұтанбай қалған оттың қалғанына, адам көңілінің қысы, жазы, көктемі мен шуағы бар екеніне арналған
десе болғандай, бір сөзбен айтқанда бұл жайларды жазушы өзінің суреткерлік шеберлігі арқылы ашып
бере алған.
Балалық шаққа біршама саяхат жасаған жазушы көңілінде көп сұрақ қалғанын мына жолдардан
аңғарамыз: «...Болашақтың жағасы бұлдырап қана елестейді өзіме. Қомшабай мен Алтын ше? Хал-
ахуалдары қалай, тіршілігі қалай, осынау жалпақ өмірдегі аяқ алыстары қалай, өмірдегі жаңалықтары
қандай, бұл жағынан хабарсызбын. Қомшабай Алтынға деген соңғы бір көңіліндегі түйткілін айта алды
ма, айта алмады ма, ол да маған беймəлім»,- деген сауалдармен аяқтаған автор оқушыны ойлануға
жетелейді.
Қалихан Ысқақтың «Бұқтырма сарыны» повесінің мазмұны Бұқтырманың əсем табиғатының
аясында өмір сүріп жатқан адамдардың тағдырын арқау еткен. Бұл повестің кейіпкерлері де санаулы.
Олар: орыс шал Жəгөр, оның немере қызы Дунька, қазақ жігіті Аян төңірегіндегі оқиғаларға негізделген.
Бұқтырманың айналасындағы самаладай қалың ағаш, аспаннан түскен күн сəулесі, шапшыған ақ көбікті
өзен суы келісті əрі адам характерлерімен орайластырыла суреттелген тұстары нанымды əрі шебер деуге
болады.
Айдалада орман ішінде тірлік кешіп жатқан шал мен оның немересі Дуньканың өмірі басқа
ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г.
92
қарапайым адамдардан өзгеше жəне қазақ өміріне беймəлім сырлары бар екенін, келіп-кетіп жүрген
шопыр жігіт Аянның орыс қызына ұнап қалуын, оған шал тарапынан көрсетілген қарсылықтар, орыс
шалының өткен өмірінің суреттері қызғылықты баяндалады. Өзінің фамилиясын жаза алмаймын
Дуньканың аңқаулығы, кісікиіктігі, табиғи мінезі нанымды беріледі. Орыс қызының бар арманы бала
кезінен арғы жағаға өту. Өлмелі шалдың бакенге байланып қалған несі бар деген сұрақ қызды да
мазалайды. Сол өңірдегі өзгермейтін осы бакен мен өзінің атасы екеніне қыз сенімді болып өседі. Ені
жалпақ, суы мол Бұқтырманың, міз бақпайтын қалың орманы мен мұздай көкшағыр құздар ертеректе қыз
көзіне биік сияқты көрінгенімен кейінгі кезде қыздың көңілі бұзылады. Əсіресе жазушы оқымаған орыс
қызының психологиясын терең ашады: «Оның он алты жасына дейін өмірден бар тірнектеп түйгені,
білгені – адамдардың үш-ақ сорты: бір сорты – атасы, екінші сорты – мылқаулар, үшінші сорты – бəдіктер.
Əрине оның ішінде атасы ақылдылар тобына жатады да, қалған екі сорты – һарам дүниенің «құдайдан
безген» пенделері. Ал, бар қиналатыны, Аянды осы екі топтың қайсысына сыйғызарын білмей
дал...»[7,49-б]. Қыздың қазақ жігітіне ғашық болуы, оның ауылына Дуньканың өзі іздеп баруы, екеуінің
повесть соңында қосылуы оқушысының көңіліне қонымды əсер етеді. Повестегі көтерілген үлкен
проблема қарапайым адамдардың табиғатқа деген қарым-қатынасының күн санап өзгеріп келе жатқаны,
оны қорғау мен аялау адамдардың ғана қолынан келеді деген идеяға бағындырады. Соңғы жылдары орман
қоры азайып, адамдардың жұмыс нарқы арзандап, елдің де өмірі тұрақсызданып, бірі бұғы савхоздарына,
бірі алтын рудасын қазатын рудниктерге көшіп жатқанына жазушы көңілі алаңдап, өзі өмір сүріп отырған
ортадағы өмір шындығына алаңдаушылықпен қарайтынын байқаймыз.
Қорыта айтқанда Қ.Ысқақов көркем шығармаларындағы көркемдік тəсілдер диалог арқылы жүзеге
аса отырып, өмірлік шындықты жан-жақты терең ашып көрсетуге септігін тигізеді. Кейіпкердің ішкі жəне
сыртқы сырының ашылуы, сөз саптауын, ой-толғанысын, өресі мен мінез-құлқын да диалогтардан көруге
болады. Жазушы табиғат суретін кейіпкер басындағы қуанышты, шаттықты, шерлі күйлерге ыңғайлап
орнымен суреттей отырып, шығарманың ішкі мазмұнын, идеялық сапасын байытады. Қ.Ысқақовтың тілі
мен стиліне тəн шығармашылық ерекшелігі бар қаламгер. Оған жазушының тілі, сөйлем құрауы, мəнері,
оқиға дамыту үрдістері, тақырып таңдаудағы ізденісі т.б. компоненттер кіреді жəне автордың оқиғалар
мен құбылыстарға берген бағасы мен оны сезіп-түюінен келіп, өзіндік ерекшелік туады.
1. Белинский Г. Полное собрание сочинений. Т.4.- М.: АН СССР, 1954. - 354 С.
2. Қабдолов З. Сөз өнері. Екі томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1982.
3. Горький М. О литературе. – М.: Советская литература, 1984.
4.Əуезов М. Уақыт жəне əдебиет. – Алматы: Жазушы, 1962.
5.
Қаратаев М. Таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1974.
6.
Базарбаев М. Əдебиет жəне дəуір. – Алматы: Жазушы, 1966.
7.
Ысқақов Қ. Қоңыр күз еді. – Алматы: Атамұра, 2003.
Резюме
В этой статье рассматриваются использованные в произведениях К.Искакова художественные
приемы: диалог, описания внешности и внутреннего мира, мировидение и особенности характера героев.
Кроме того, выявляются особенности языка и стиля, поиски темы, словотворчества писателя.
Summary
In this article the artistic methods such as the dialogue, the description of the appearance and internal
world, the world vision and peculiarities of characters used in the works of K.Iskakov are considered. Besides
peculiarities of the language and style, searching of themes, the writer’s word creation reveal.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж.
93
Достарыңызбен бөлісу: |