Сфералық аберрация (лат. aberratio — ауытку) — жалпақ параллелъ сәулелер шоғын қолданғанда линзада бір фокустың орнына бірнеше фокустың пайда болуы. Сфералық аберрацияны жою үшін арнайы линзалар, диафрагма және линзалар жүйесі қолданылады.
Хроматтық аберрация дегеніміз — линзалар жарық сәулелерін фокусқа жинағанда түске боялган дақтардың пайда болуы. Жарық толкындарының сынуы олардың ұзындықтарына тәуелді (толқынның үзындығы үлкен болған сайын оның сынуы кіші) болғандықтан аталған кемшілік байқалады. Хроматтық аберрацияны арнайы лиызалар жүйелерінің (ахроматтар мен анахроматтар) көмегімен түзетеді.
Дисторсия (лат. distorsio — қисаю) дегеніміз — кескінніц қисаюы. Бұл қисаю көру аймағы шегінде линзаның көлденең үлғаюының бірдей болмауынан туады. Осы жағдайда нәрсе мен оның кескінінің геометриялық ұқсастығы бұзылады. Мысалы, линза берген квадраттың кескіні көпшік немесе бөшке тәріздес болып шығуы мүмкін. Геодезия мен ұшақтан суретке түсірген кезде дисторсияны болдырмауға ерекше назар аударылады.
ЛИНЗАЛАР
Линзалар. Жарықтың шағылуы мен сынуын және сәуле бағытын өзгерту үшін қолданылады. Лупа, микроскоп, фотоаппарат және т. б. құралдар мен қондырғыларды пайдалану осыған негізделген. Осылардың көпшілігінің басты бөлігі линза болып табылады. Линза (лат. Lens - чечевица) деп мөлдір (көбінесе шыны екі сфералық беттен шектелген) денені айтады. Ортасы шетінен қалың болатын дөңес линза және ортасы шетінен жіңішке болатын ойыс линза болып ажыратылады. Осы линза түрлерін 89 а (дөңес) және 89 б (ойыс) суреттерде кескінделген және олардың шартты белгісі бейнеленген. Сфералық беттердің с1 және с2 центрлері арқылы өтетін түзу сызық линзаның бас оптикалық осі деп аталады. Осы осьтегі о нүктесі линзаның оптика центр деп аталады. Дөңес және ойық линзалардағы сәулелер жолы әр - түрлі. Дөңес шыны линзалар ауада параллель жарық шоқтарын бір нүктеде түйістіреді, сол себепті оларды жинағыш деп атайды. Ойыс шыны линзалар бұл жағдайда жарық шоғын шашыратады, сол себепті оларды шашыратқыш линзалар деп атайды. Жинағыш линзада линзадан сынғаннан кейін жарық сәулесінің созындылары қиылысатын F нүктесі линзаның бас фокусы деп аталады. Жинағыш линзада фокус нақты, ал шашыратқыш линза да жалған болады.