Кез - келген линзаның әр жағында екі бас фокус болады. Линзаның екі жағына бірдей орта болса, онда осы фокустар линзадан бірдей қашықтықта орналасады. Линзаның оптикалық центрінен оның бас фокусына дейінгі қашықтық линзаның фокус орталығы деп аталып, фокус белгіленген әріппен белгіленеді: F – линзаның фокус орталығы. Линзаның фокус орталығы оның бетінің қисықтығына байланысты болады. Беті дөңестеу линза жарықты бетінің дөңестігі нашар линзаға қарағанда күшті сындырады, және сол себепті фокус аралығы қысқа болады. Жинағыш линзаның фокус аралығын анықтау үшін оған күн сәулесін бағыттау қажет. Линза артындағы экранда күннің айқын кескінін алып, линзадан экранға дейінгі қашықтықты өлшеу керек. Күн өте қашықта орналасқандықтан линзаға келіп түсетін сәулелер параллель шоқ болады, онда кескін линзаның дәл фокусына орналасады. Фокус аралығына кері физикалық шама D әрпімен белгіленеді және де линзаның оптикалық күші деп аталады. D=1/F. Фокус аралығы неғұрлым аз болса, онда оптикалық күші соғұрлым көп болады, онда ол жарықты күшті сындырады. Оптикалық күштің СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі м(- 1) болады. Басқаша бұл бірлік диоптри (дптр) деп аталады. 1 дптр – бұл фокус аралығы 1 метр болатын линзаның оптикалық күші. Жинағыш және шашыратқыш линзалардың оптикалық күштері таңбаларымен ажыратылады. Жинағыш линзаның фокусы нақты, сол себепті оның фокус аралығы мен оптикалық күші оң деп есптелінеді. Шашыратқыш линзаның фокусы жалған, сондықтан оның фокус аралығы мен оптикалық күші теріс болып есептелінеді.