(І.Жансүгіров, «Әнші») Кейіптеу – табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеу.
Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап,
Мөлдіреген көз жасын тыя алмай тұр.
(М.Мақатаев, «Аққулар ұйықтағанда») Метонимия (алмастыру) – өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздерді бірінің орнына бірін алмастыра қолдану.
Үйі мәз боп қой сойды,
Сүйіншіге шапқанға.
(«Абай, «Мәз болады болысың») Синекдоха (мегзеу) – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану.
Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға,
Бермек болған айғырдың көзі қайда?
(Абай) Аллегория(пернелеу) – адамдар арасындағы қатынастарды астарлап жануарлар мен жәндіктер әрекетімен көрсету. Аллегорияға А.Байтұрсыновтың, С.Дөнентаевтың мысал өлеңдері жатады.
Ирония (кекесін) – адамды, затты, құбылысты сырттай мақтап суреттеп, іштей келекелеп, мысқалдап айту.
Көрінсін Біржан салға ай секілді,
Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді.
Ұсынса қол жетпейтін арғымағым,
Біржанға баламаймын тай секілді.
(«Біржан мен Сара» айтысынан) Гипербола (ұлғайту) – затты не құбылысты шамадан тыс ұлғайтып көрсету.
Литота (кішірейту) – затты не құбылысты кішірейтіп көрсету.
Астында мінген тарланның
Тұрпатына қараса,
От орнындай тұяқтан (гипербола)
Оймақтайы қалыпты. (литота)
Етектейін еріннен (гипербола)
Екі елісі қалыпты. (литота)
Қиған қамыс құлақтан
Бір тұтамы қалыпты. (литота)
Жалбыраған жалынан
Жалғыз қарыс қалыпты. (литота)
Бір құшақтай құйрықтан (гипербола)
Бір уыстай қалыпты. (литота)
Айшықтау Арнау – автордың өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, олармен іштей тілдесуі.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың...