Лирика – суреттеп отырған өмір құбылысына ақынның түсінігін, күйінішін, сүйінішін көрсететін көлемі шағын өлеңдер. Драма



бет4/5
Дата16.10.2023
өлшемі37,11 Kb.
#115799
түріКонспект
1   2   3   4   5
Байланысты:
әдеби теориялық ұғымдар

(«Ер Тарғын» жырынан)
8. Параллелизм (егіздеу) – екі құбылысты немесе екі затты қатар қойып, жұптап суреттеу.
Асыл туған Ақжүніс,
Күнді бұлт қоршайды,
Күнді байқай қарасам,
Күн жауарға ұқсайды!
Айды бұлт қоршайды,
Айды байқай қарасам,
Түн жауарға ұқсайды!
Бойды байқай қарасам,
Қол-аяғым көсіліп,
Аузы-мұрным ісініп,
Алланың хаһ бұйрығы
Маған таянғанға ұқсайды!
(«Ер Тарғын» жырынан)
9. Инверсия – сөздердің орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.
Қасымдағы қырық жігіт
Суыра алмады оғымды,
Тасқа кірген тартқанда.
(«Ер Тарғын» жырынан)
10. Эллипсис – сөйлем ішінде атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай кету.
Таң бозарып атқанда
Таң шолпаны батқанда,
Ұйқыда ел жатқанда
«Аттан!» деген бір дауыс
Құлаққа сар-сар келеді...
(Мұнда «Жау шапты» деген сөз тіркесі айтылмаған)
Өлең ұйқастары
Белгілі бір өлшеммен, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесін өлеңдейді.
Өлең жолдары буын саны, тармағы, ырғағы мен мағынасы жағынан және ұйқасу үйлесімі жағынан жеке жүйе құрайды. Мұны өлеңнің шумағы деп атайды.
Шумақ тармақтардан, яғни өлең жолдарынан тұрады. Тармақ өз ішінен бунақтарғабөлініп, олар ырғағын тудырады. Тармақтың соңғы сөздерінің дыбыстық жағынан үндесуінөлең ұйқасы деп атайды.
Академик Қ.Жұмалиев қазақ поэзиясындағы ұйқастардың түрін төмендегідей көрсеткен:
1.Қара өлең ұйқасы (а, а, б, а)
2.Шұбырпалы ұйқас (а, а, а, а)
3.Ерікті ұйқас (а, б, в, г, б)
4.Шалыс ұйқас (а, б, а, б)
5.Егіз ұйқас (а, а, б, б)
6.Аралас ұйқас (а, а, б, в, б, в, б, б, б)
7.Шалыс ұйқас (а, б, а, б, в, г, д, г, ж, д)
Ұйқас түрлерінің үлгі кестесі.

Ұйқас түрлері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет