Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Бірлес шағын орталықты орта мектебінің» АКТ залында "Әз Наурыз" атты мектеп қорындағы этнографиялық экспонаттардан көрме өткізілді. Көрмеге Бірлес шағын орталықты орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары шақырылды.
Көрменің мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Этнографиялық коллекция қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетін кешенді көрсетуге мүмкіндік береді және олардың көпшілігі сирек кездесетін тарихи-мәдени құндылық болып есептеледі. Сондықтан оқушыларды көрме қорында сақталған көне тарихи бұйымдармен таныстыру, көрменің ең алғашқы этнографиялық түсімдері ретінде қалыптасқан экспонаттарды насихаттау сонымен қатар қазақтың Ұлы күні Наурыз мейрамы оның қазақ даласындағы орны жайлы түсінік беру көрменің негізгі мақсаты болып табылады.
Наурыз – әлемдегі ең көне мерекелердің бірі. Жаңа өмірдің оянуын бейнелейтін бұл мерекені көпұлтты Қазақстанда тұратын барлық халықтар ерекше қадірлейді. Наурыз өткен және қазіргі замандағы дәстүрлердің сабақтастығын білдіретін маңызды оқиға бола отырып, қазіргі заманға үйлесімді түрде енді.
Наурызмейрамы— ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава-жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз- Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды. Қазақстанда Наурызмейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамыжәне жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.