Ұлытау облысы білім басқармасының


Жарысты өткізу тәртібі және шарты



бет4/6
Дата07.09.2023
өлшемі84,57 Kb.
#106469
1   2   3   4   5   6
4. Жарысты өткізу тәртібі және шарты

14. Жарыс екі кезеңде өткізіледі:


бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік: мектепішілік жарыс;
аудандық (қалалық) жарыс;
облыстық кезең – 11-12 мамыр


Республикалық кезең Жамбыл облысы, Тараз қаласында 2023 жылғы 9-10 маусымда өткізіледі. Қатысушылардың келуі – 2023 жылғы 8 маусым, кетуі –11 маусым.

15. Форумның мектепішілік, аудан /қалалық кезеңдерін өткізу білім бөлімдері басшыларының бұйрықтарымен анықталады.


Республикалық ойынның өңірлік кезеңдері санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей жүргізіледі.


16. Жарыстар келесі модельдердің кластары бойынша өткізіледі:


Радиомен басқарылатын көлік модельдері:
1. 1:10 масштабта көлік модельдерін мәнерлеп жүргізу; РЦБ класы;
2. 1:10 масштабта багги жарысы (4wd). Багги -10Э;
3. багги 1:8 ДВС, 1:10 ДВС.
Тікелей жүретін автотрассалық модельдер (жартылай көшірме):
1. 1/32 масштабтағы модель
2. 1/24 масштабтағы модель
Әуе модельдері:

  1. F-3-Р (пенолёт) моделі;

  2. F-1-H планер моделі;

3. кордалы жарты копия, контурлы моделі;
4. кордалы F-2-В пилотаж.
Кеме модельдері:
1. F-4-В немесе F-4–С (бір модель);
2. Ф -2 - А;
3. Eco Expert
4. Mini Eco Expert
5. ТЕАМ- Mini (ТИМ) жарысы
Зымыран модельдері:
1) S6А – стример;
2) S9А – ротошют.
17. Модельдердің әр сыныбында командадан 1 қатысушыдан артық қатыспауы керек. Жарыстың әрбір түрі өлшемдері, бояуы және формасымен арнайы құрылған алаңда өткізіледі. Жарыстарға қатысатын модельдерге қойылатын техникалық талаптар қоса беріледі.
18. Қатысушылар жарыстарда өздерімен бірге әкелінген материалдар мен жабдықтарды пайдаланады. Ұйымдастырушылар аталған жабдықты жарыстарда ұсынбайды. Команданың жабдықтары сынған немесе ақаулы болған жағдайда, ұйымдастыру комитет оларды жөндеуге немесе ауыстыруға жауапты болмайды. Командаларға қосалқы бөлшектер жиынтығын алып жүруді ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет