Жобаны қорғау онлайн форматта ZOOM платформасында 2023 жылғы 25 сәуірде өткізіледі.
2. «Zhasyl El» номинациясы – зерттеу жобаларының байқауы келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
а) қалалық орта экологиясы, әлеуметтік экология, адам экологиясы – ауаның, көліктің, көгалдандырудың және т. б. ластану мәселелерін шешу жолдары (1 қатысушы);
б) инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау практикасы (1 қатысушы).
Жобаны қорғау онлайн форматта ZOOM платформасында 2023 жылғы 26 сәуірде өткізіледі.
Жобаны қорғау уақыты – көрсететін материалды (макеттер, үлгілер, видео және т.б.) қолдануымен 7 минуттан аспауы тиіс.
Бағалау өлшемдері:
зерттелетін мәселенің өзектілігі мен жаңалығы;
жүргізілген зерттеулердің дәрежесі мен көлемі;
қойылған міндеттерді орындау нәтижелілігі;
жұмыстың практикалық маңыздылығы;
автордың жеке үлесі;
шешендік өнер;
автордың қосқан жеке үлесі;
сөйлеу шеберлігі.
3. «Экотеатр» номинациясы – экология туралы шағын спектакльдермен бейнероликтер байқауы (3 қатысушы). Экотеатр – экология мен өнерді біріктіреді. Әртістер мен көрермендер сахна өнерінің көмегімен экологияға енеді.
Ұзақтығы 10 минуттан аспайды.
Бағалау өлшемдері:
тиісті номинациясы бойынша;
актерлік шеберлік;
репертуардың күрделілігі;
костюмдер;
декорациялар;
техникалық және музыкалық сүйемелдеу.
Номинация бойынша http://www.youtube.com. каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме symbat.01.01.77@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
4. «Eko-Bolashak» номинациясы – көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжай, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік телімдер, мектеп орман шаруашылығы бойынша видеороликтер презентациясы (1 қатысушы). Презентация ұзақтығы – 5 минуттан аспауы тиіс.
Байқауға www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме symbat.01.01.77@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
Видеороликте аталған сұраққа стандартты емес тәсілмен қарауға, түсірілім, анимация және компьютерлік графика тәрізді визуалды ұсыну тәсілдерін, музыкалық және дыбыстық сүйемелдеу қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |