Литература: Егоров В. В. «Концепт времени в трудах философов разных эпох»



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі398,5 Kb.
#7054

 

13 


В  последнем  предложении  уже  на  эту  характерную  особенность  указывает  Тим, 

друг  Джона  и  Саванны.  Он  рассказывал  Джону  о  том,  как  он  пережил  гибель  своих 

родителей, что он чувствовал, испытывал в тот страшный момент. Самое главное, что 

Тим осознал, так это тот факт, что всегда есть возможность продолжать жить дальше, 

продолжать  бороться, как  бы  невозможным  это  ни  казалось.  И  здесь,  как  признается, 

выжить помогает фактор времени. Время, по мнению Тима, притупляет горе, делает его 

менее  ощутимым.  Конечно,  оно  не  исчезнет  никогда  и  будет  напоминать  о  себе  всю 

оставшуюся жизнь, но время, по крайней мере, сможет сделать рану менее болезненной 

и  мучительной.  Это,  в  свою  очередь,  поможет  человеку  собраться  с  силами  и 

продолжить жить дальше. 

Таким  образом,  приведенные  выше  примеры  свидетельствуют  о  том,  что  время 

является  важным  фактором  в  жизни  человека,  способным  изменить  его  самого,  его 

жизнь,  побуждающим  человека  вносить  коррективы  как  положительные,  так  и 

отрицательные.  

 

 

 

Литература: 

1.

 



Егоров 

В.В. 


«Концепт 

времени 


в 

трудах 


философов 

разных 


эпох»  

http://www.moluch.ru/archive/35/3978/ (08.01.14) 

2.

 

Dear John. − New York, Grand Central Publishing, Hachette Book Group, 2006. – 278 c. 



 

 

 



ӘОЖ 821.512.122.32.09 

 

ЕТІСТІКТІ  ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ  БАСТАУЫШ ЖӘНЕ БАЯНДАУЫШ 

ҚЫЗМЕТІНДЕ ЖҰМСАЛУЫ 

 

Алтаев А.А. 

(Петропавл кәсіптік колледжі) 

 

 

 

Көңілдегі  ойды  жеткізуде  тұрақты  тіркестер  алатын  орнының  маңыздылығы  – 

көптен  белгілі  болған  жайт.  Тұрақты  сөз  тіркестері  ойды  әрі  көркем,  әрі  әсерлі  етіп 

жеткізе отырып, сонымен қатар қатысып отырған сөйлемді де құбылтып, ажарландыра 

түседі.  Осыған  орай  мақаламызды  тұрақты  сөз  тіркестерінің  сөйлем  мүшелеріне 

қатысты мәселелеріне арнағалы отырмыз. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші 

Н.М.Шанский: « Фразеологиялық оралым тілде жеке сөздің қызметін атқарады»,  - деп 

көрсеткен. Тұрақты сөз тіркестеріне тән қасиет –олардың құрамындағы сөз дараланбай, 

мағына  тұтастығы  мен  бірлігіне  бағынышты  әрі  тәуелді,  бір  сөз  орнына  жүреді, 

сонымен қатар белгілі бір сөйлем мүшесі қызметін атқарады. 

Енді фразеологизмнің синтаксистік қатысы қалай болатынына назар аударалық. 

І.Кеңесбаев  фразеологияны  тіліміздің  бөлінбес  бір  бөлшегі  екенін  айта  келіп 

«Қазақ  тіліндегі  тұрақты  тіркестер  тіл  ішінде  өз  заңдылықтарына  сәйкес  өмір  сүретін 

айрықша  категория  және  олардың  әр  алуан  ірілі-ұсақты  ерекшеліктері  мен  айырым 

белгілерін саралай зерттейтін дербес пән – фразеология» дейді. 

Сонымен  қатар  І.  Кеңесбаев  тұрақты  тіркестердің  ішкі  синтаксистік 

ерекшеліктеріне, әсіресе оларды іштей бастауыш, баяндауыш, анықтауыш-анықтағыш, 


 

14 


пысықтауыш-пысықтағыш  және  тура  толықтауыш  пен  толықталатын  құрамда  жиі 

келетініне баса назар аударады. 

Кейбір  ғалымдар  фразеологизмдерді  сөйлемдегі  атқаратын  қызметіне  қарай 

синтаксистік  топтарға  бөледі.  Біз  осы  принципті  қабылдап,  сөздікке  алынған  етістікті 

фразеологизмдерді солай топтастыруды қолайлы көріп отырмыз. 

Есім  мен  етістіктің  тіркесуінен  жасалған  тұрақты  тіркестер,  көбінесе  сөйлемнің 

тұрлаулы мүшелері-бастауыш пен баяндауыштың қызметін атқарады. 

І.  Етістікті  фразеологизмдердің  бастауыштық  қызметіне  тоқталар  болсақ,  бұл 

қызметте етістікті фразеологизмдер зат есім + есімше формуласы бойынша құралады. 

1. Сүйек тістескендер өз келісімдерінде тұрды /477 б/- баталасқан. 

2. Шалқып жатқан – менің өлкем – майсарап өскен /588/. 

3. Жол қуған қазынаға жолығар /мақал/ - жолға түсті, ізін, бағытын ұстады /205 б/.   

ІІ.  Сол  секілді  кейбір  тәуелдік  жалғауы  етістікті  фразеологизмдерде  бастауыш 

қызметінде кездесіп отырады.  

Мысалы:  1.  Сағила  екеуің  қосылып,  жер-көкті  бастарыңа  көтеретіндерің  қайда? 

/М. Дулатов/ /200б/- қатты дүріктірді. 2.Әсіресе, шешесі  қайтыс болғанда дым сызбай 

жатып алуы бұрынғыдан бұғып  жүрген көк отынға май болып құйылды (О. Бөкеев)  – 

үн қатпау /153б/. 

ІІІ.  Кейбір  жағдайда  септік  жалғаулы  есіммен  қимыл  есімдер  тіркесіп  келіп, 

бастауыш қызметін атқарады.  

Мысалы:  1.  Байқаңыз,  мұндай  уақытта  оққа  ұшуға  оңай  (М.Жұмабаев)-  оқ  тиіп 

өлу,  оқтан  ажал  табу  /414  б/.  2.  Енді  жұрт  жаңғырту  керек  еді  (М.Ә.)  /211  б/-  басқа 

қонысқа ауысып қонды. 3. Осы қапердің өтінде жүріп, алты жолдың бірін істеп шығару 

бар тындырғанымыз болды (Б.М.) /581 б/- бүлінді, кәдеге аспай қалды. 

Бұл көрсетілгендер Етістікті фразеологизмдердің сөйлемдегі бастауыш қызметіне 

байланысты. 

Ал,  баяндауыштың  ТТ-ден  жасалуы  қазақ  тіл  білімінде  күрделі  баяндауыш 

төңірегінде  айтылады.  С  Аманжолов  арнайы  идиомдық  баяндауыштар  деп  атап 

көрсетеді. ТТ баяндауыштарды мынадай түрлерге бөліп қарастырады: 1. таза етістікті 

ТТ  баяндауыштар.  2.  таза  есім  ТТ  баяндауыштар.  3.  құрама  (есім  +етістік,  еліктеу 

сөздер + етістік) ТТ баяндауыштар. /12,147-15б/. 

Осы  бөлімдердің  ішінде  біздің  такырыпқа  сай  келетін,  яғни  етістікті 

фразеологизмдерге  байланыстары,  таза  етістік  ТТ  баяндауыштар  және  құрама  ТТ 

баяндауыштар. 

І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» бұл аталмыш түрлерге 

көптеген мысалдар кездестіруге болады. 

Таза  етістік  ТТ  баяндауыш  құрылысы  негізгі  етістік  +  көмекші  етістік,  негізгі 

етістік  көсемше  тұлғада  жұмсалады,  лексикалық-конкретті  мағына  негізгі  етістікке 

болады.  Бұл  орайда  етістікті  ТТ  етістіктердің  түрлі    тұлғалық  (есімше,  көсемше,  рай 

жақ, шақ, етіс) ерекшеліктеріне сай баяндауыш қызметінде жұмсалады. 

І.  Манағы  көк  серкені  тұтас  жұтам  деп,  қаталап  қалдық  па,  мен  саған  су  емес, 

керенді ішкізермін. /Ә.С./ - қатты шөлдеді, сусады. Жайлаудағы бес төбетіме айта кет, 

мені  жалмауыз  кемпірден  арашалап  алсын.  (Қазақ  ертегілері)  /46  б/-  айырып  алсын, 

қорғап  қалсын.  Ал,  құрама  баяндауыштың  құрамы  С.  Аманжолов  бірінші  сыңары  зат 

есім, сын есім, еліктеуіш сөздер, екінші сыңары болу, түсу, қылу етістіктерінен болады 

деп көрсетсе, Н.Сауранбаев есім сөздер + етістік, етістіктерге е, де, шығар жатады деп 

түсіндіреді. 

Қазақ  тілінде  құрама  баяндауыштар,  негізінен,  ТТ-ден  болады.  ТТ-ті  құрама 

баяндауыштардың  мынандай  құрылымдық  ерекшеліктері  бар:  І.  Зат  есім  +  етістік 

арқылы.  Бұл  жерде  зат  есім  атау  тұлғада  да,  септік  тұлғаларында  да  жұмсалады.                     



 

15 


1.  Зейнеп  таң  атқанша  кірпік  айқастырмады.  2.  Оған  Оспанның  да,  естіген  Нұрын 

күйеудің  де  төбесі  көкке  жеткендей  болды.  /С.Т./-  қатты  қуанды,  шаттанды.  /512  б/.               

3. Жұрт ары толқып, бері толқып көшпеуге ой тоқтатып, пәтуа жасапты. /А.Т./- тұрақты 

пікірге  бір  тоқтамға  келді  зер  салды,  назар  аударды.  4.  Сандықтың  үстіне  алып,  шай 

келгенше  сөзден  ауыз  жиған  жоқ.  –  дамылсыз  сөйлей  беру,  үздіксіз  күле  беру  /С.М./.         

5.  Ақылды  қара  қылды  қырыққа  бөлмек,    әр  нәрсеге  өзіндей  баға  бермек  –  қадір 

қасиетін, құнын айырып дәл таныды /87 б/ (Абай). 6. Ескіліктің қалдығы дейтін болсақ, 

мен ең алдымен осыған балта шапқан болар едім (Ә.Сат.) – құртты, жайды,,, тамырын 

кесті. 7. Қақпаның ар жағынан біреу келді, күзетші сол екен деп дыбыс берді. (Абай)- 

дауыстады, дауыстап белгі берді.     

2. ТТ-ті құрама баяндауыштардың бір сыңарын сын есімдер құрайды: сын есім + 

зат есім + етістік тұлғасы: тақыр жерге отырғызып кетті.Сол сияқты сын есім + етістік 

тұлғалы болып та кездеседі.  

I. Олар екеу бұл жалғыз, қарсы келіп қалады көздері оттай жанады /Б.Ж./ – еліре, 

жандана  түсті./  2.  Ал,  Мұрат  болса,  кейде  тым  жақсы  да,  кейде  титтей  нәрседен 

сабындай бұзылады /тез айныды, күрт өзгерді/ Т.А.-446 б. 3. Бай, патша, би, болыстар 

сүліктей сорып, ел қамын /Х.Ә./ – құныға қанады, аяусыз жеді деген мағынада /477 б/. 

4. Осы капустадан түскен табыс оған балдай болып, аздай сіңді. /К.Т./- бойына тарады, 

мүлдем иемделіп кетті /92 б/. 3. Сол секілді сан есім + етістік арқылы келетін етістікті 

фразеологизмдер  сөздігінде  бар.  Мысалы,  I.Қызды  алып  барғанымда,  қырық 

қабаттанып  отырма/  ренжіп,  кейіп,  қырыстанып  –  құрыстанып  отырды  /377  б/.                    

2. Татьянаның әнін шырқағанда, Әйгерімнің даусы қырық құбылды. 3. Керегі жоқ бұл 

төлеудің,  мен  тәңірі  алдында  сұрармын,  оған  дейін  екі  қолым  жағанда  болар  /Ғ.М./ 

арпалысты, күресті, тайталасты/. 4. Ол Қарауылдағы адамдарын он саусағындай білетін 

/Ә.Ә./  бәрін  түгел  жыға  таниды,  жетік  біледі/.  5.  Мұндай  тарихи  жылқы  тұқымы  екі 

айналып  келмейді  /М.Е./–  қайта  оралмайды,  қайталап  бола  бермейді,  қолға  түспейді 

/156  б/.  6.  Келіншек  Мейрамның  екі  аяғын  бір  етікке  тықты  /Ғ.М./  –  састырды, 

апшысын қуырды /156 б/. 

4.  Есімдік  +  етістік  арқылы.  Бұл  етістікті  фразеологизмдердің  баяндауыш 

қызметінде тұруының кезекті бір тәсілі. 

Қазақ  тілінің  фразеологиялық  сөздігінде  тізілген  ЕФ-р  арасында  мұндай  түрлері 

де кездеседі.Мысалы: 

1.

 

Қатын Ақбілектің нәуетек даусын естіген соң, әрі іші жылып, әрі таңырқанып, 



«қонамыз» дегенде әлдеқандай болып қалды. (Ж.Аймауытов) /82 б/-өзінше бола қалды, 

бәлдене қалды. 

2.

 

Жүйесіз  қылған  зорлығын  өз  басына  келтірді  /А.Б./  -  біреуге  істегені  өз 



алдынан шықты. 

3.

 



Әркім өз басын қайттады /Ә.Н./ /426 б/- өзінің ғана қамын ойлады.  

4.

 



Әй,  балам-ай  біреудің  к...  ін  шұқуынды  қойсайшы-  біреудің  соңына  түсуінді 

қой, бәле ойлауыңды қой. /133 б/. 

5.

 

Келесі бір топ еліктеуіш сөз + етістік арқылы жасалады. 



1.

 

Сәл болса, шырт ете қаласыңдар-ау. (Қ.Найманбаев) /572 б/- ашуланды, табан 



астында тулады. 

2.

 



Нұрғанымды білетін Құнанбайға өш-кегі бардың бәрі де дәл осы арада бүркітті 

түлкі алғандай мәз болысып, жымың қағысты. (М.Әуезов) - күлімдесу, езу тартып күлді 

/222 б/. 

3.

 



Жортушылар  оған  құтырған  иттердей  тап  берді  (Ш.Айтматов)-  кенеттен 

ұмтылды, бірден ұрынды /494 б/ 

Біз  жоғарыда  атап  көрсеткен  етістікті  фразеологизмнің  бәрі  сөйлемнің  тұрлаулы 

мүшесі  қызметінде  тұр.  Осы  арада  етістікті  фразеологизмнің  бастауыш  қызметке 



 

16 


қарағанда  баяндауыш  қызметке  бейімдірек  болып  келетіндігі  байқалады.  Мұның  өзі 

етістікті  фразеологизмдердің  құрамында  етістіктің  болуына  байланысты  сынды.  Ал 

етістіктер көп жағдайда сөйлемде баяндауыштық  қызметте тұратындығы белгілі. Осы 

тұрғыдан  алып  қарастырғанда  етістікті  фразеологизмдердің  сөйлем  мүшесі  қызметін 

атқарудағы өзіндік орнының барлығын тағы да баса айта кеткен жөн. 

Осы аталмыш мақалада етістікті фразеологизмдердің тіл білімінде алатын өзіндік 

орны бар екендігіне көз жеткізіп отырмыз. Етістікті фразеологизмдердің семантикалық 

топтарға  жіктеу  мүмкіндігі,  сөз  таптарының  тіркесімділік  қабілеті,  олардың 

синтаксистік  қызметі  –  тіл  білімінде  әр  кез  алуан  қырынан  жаңғырып  отыратын 

мәселелер. 

Етістікті  фразеологизмдер  құрылысы  жағынан  түрлі  сөз  таптарынан,  соның 

ішінде, негізінен, зат есім + етістік тұлғасынан жасалатындығы байқалады. 

Сөйлем  ішінде  етістікті  фразеологизмдер  барлық  сөйлем  қызметін,  бірақ,  көп 

жағдайда, баяндауыш қызметінде тұратындығы анықталады. 

Етістікті  фразеологизмдердің  тұрлаулы  және  тұрлаусыз  мүше  қызметінде 

жұмсалуы  олардың  өзіндік  табиғатына,  ерекшеліктеріне  байланысты  болу  керек. 

Етістікті  фразеологизмдердің  сөйлем  мүшесі  болу  қызметі  жайлы  әлі  де  тереңірек 

ізденістер қажет екендігін естен шығармау керек. 



 

 

 

Әдебиет: 

1.

 



Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. Алматы: Арыс, 2007  

2.

 



Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998 

3.

 



Айтпаев Ө. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс, 2007 

 

 



 

УДК 342.565 

 

ЕВРАЗИЙСКИЙ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ СОЮЗ 

КАК ОДНО ИЗ ВНЕШНИХ ПРОЯВЛЕНИЙ ИНТЕГРАЦИИ 

 

Арустамян Б.Н. 

(СКГУ им. М.Козыбаева) 

 

 

 

В  современном  мире  реальностью  стали  все  более  углубляющиеся  процессы 

формирования глобального экономического пространства, проявляющиеся во все более 

углубляющейся  интегрированности  стран  в  мировом  масштабе.  Мировое  хозяйство 

претерпевает  изменения  в  технологическом,  экономическом,  социальном  и  других 

отношениях,  что  способствует  активизации  международного  перемещения  капиталов, 

ускорению формирования единой системы мировых связей. 

Интеграцией  является  процесс  объединения  суверенных  государств  с  целью 

установления расширенного экономического пространства, в котором могут свободно 

циркулировать  товары,  услуги,  финансы,  инвестиции,  рабочая  сила.  Интеграция 

характеризуется  такими  внешними  проявлениями  как:  образование  единых  товарных 

рынков;  создание  общего  рынка  товаров,  услуг,  рабочей  силы;  концентрация  и 



переплетение капиталов; проведение согласованной внешнеэкономической политики. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет