206
отличаются народностью, массовостью, патриотизмом и другими общечеловеческими
принципами
средств
массовой
информации.
Принципы,
которыми
они
руководствуются в своей работе, налагают на них обязанность бороться за
общечеловеческие ценности, за мир и демократию. И они с этим полностью
справляются.
За последнее десятилетие положение газетной речи в стилистической системе
русского языка стало еще более сложным, «размытым», чем это было прежде.
Литература:
1. Лазутина Г.В. Профессиональная этика журналиста. Приложение 1. Международная
федерация
журналистов.
Декларация
принципов
поведения
журналистов.
http://www.gumer.info/bibliotek_Buks/.
2. Корконосенко С.Г. Основы журналистики. – М.: Аспект Пресс, 2004.
3. Международные принципы профессиональной этики в журналистике
4. ЮНЕСКО, 1983 год http://www.proobraz27.ru/upload/medialibrary/.
5. Прохоров Е. П. Введение в теорию журналистики. – М.,1995.
6. Н.Г. Богданов, Б.А. Вяземский. Справочник журналиста. – Лениздат, 1971.
7. Закон «О средствах массовой информации в Республике Казахстан» http://online.zakon.kz/
8. Газета «Северный Казахстан», второе полугодие 2013 г.
9. Газета «Добрый вечер», второе полугодие 2013 г.
ОƏЖ 82.512.122.09
ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙДЫҢ "ҚАР АСТЫНДАҒЫ КӨБЕЛЕК" РОМАНЫНЫҢ
ТАҚЫРЫБЫ МЕН ИДЕЯСЫ
Мукушева А.Н., Қадыр С.С.
(Астана қ., «Астана» университеті)
Кез-келген шығарманың бетін ашсақ болғаны, іздеп табармыз тауып
толғанарымыз адам тағдыры, адамгершілік сыры. Рас, адам тағдырын қағаз бетіне
түсіріп, одан өзгеге ой салатындай ғибратты əнгіме жасау, не болмаса оқырман
жиренетіндей сұмпайылықты əшкерелеу үшін адамға тек адамды сынға алу арқылы
ғана жетеміз. Адам тағдыры-тұтас бір өмір поэзия, проза. Өзіңнің сыр шерткелі, ортаға
салғалы отырған əңгіменің мазмұнын ашу, идеясын анықтай алу үшін ең алдымен
сондағы адамның тағдырын басыңнан кешіруге, тануға, білуге міндеттісің. Зейнолла
Қабдоловтың "адам тағдыры-жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес,өмірді танудың
өзгеше тəсілі" [1.176 б] дегені сөзімізге дəлел болса керек. Ендігі шығармамызға
көшсек: Шығарманың тақырыбы "Қар астындағы көбелектің" бас кейіпкер Жараспен
байланысы қанша? Еш байланысы жоқ, əлде жəйдан жасалған тақырып та шығар.
"Тақырып өнер туындысының іргетасы" [1.182 б] дейміз. Валентин Китаевтың ойына
жүгінсек "бəрінен бұрын тақырып пайда болады,пайда болады да жазушыны азапқа
сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын адам, зат образдары,
болашақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді", [1.191 б] - дейді. Сонымен" "Қар
астындағы көбелектің" Жараспен байланысы қандай? Жас Жарастың болмысын нəзік
жанды үлбіреген көбелектің болмысына теңегені ме? Əлде көбелектей ұшарын жел,
қонарын сай білетін қаңбаққа теңеп, жеңілтектігін жеткізгісі келді ме? Жоқ,
207
жазушының бұлай атау себебі, өзіміз айтып кеткен тағдыр ұқсастығы, тағдыр мəселесі.
Көбелектер жаздың жайма шуақ, күнінде теңселіп, бірде аспанға, бірде төменге
құлдилай ұшатын бейқам тіршілік иесі. Бұл оның бақытты шағы, шаттыққа толы
алаңсыз ғұмыры. Сол секілді бала Жарас əке-шешенің бауырында асыр сап ойнап,еркін
балалық, риясыз күлкі,уайымсыз тəтті қиялдар, қаймақсыз нан жемейтін ерке ғұмыры
көбелектің бақытты шағымен тең. Қылышын сүйретіп, қары қалың қыс қоныс тепкенде
көбелек қызылды жасылды қанаттарын сермей алмай қорғансыз қалған тағдыры,
Жарастың армансыз кезі көзінен бұлбұлдай ұшып,шешесін қара жердің құшағына
тапсырып, жетімдіктің кермек дəмін татқан, жақындары жанашырлары басына
əңгіртаяқ орнатқан суық, сұсты тағдыр көбелек ғұмырындағы қара қыспен тең. Десек
те бала Жарас сол бір қар астында бүрсеңдеп жатқан көбелектің қорғансыз тағдырына
арашашы болып, дəл сол көбелектің орнында өзін,өзінің қатал тағдырын көрді. Оған
жан жылуын беріп, сақтағысы келді. Тұрсын Жұртбайдың шығармасына келсек: "сол
сəтте анығын білмесемде, қар астындағы көбелектің көктемге аман-есен ілінетініне
сендім,мүмкін сенгім келген шығар,бірақ сендім. Егер оған көзім жетпесе, күдік билесе
маған өте ауыр тиер еді. Өзің жабырқап жүріп,жаураған жанға жылуыңды бергенде
үмітіңнің ақталмағаны қандай өкінішті" [2.165 б].Үмітсіз шайтан ғана демекші,
болашаққа сол көбелектің аман шығарына деген үміт, сол көбелекпен бірге жетімдіктің
ащы таяғын тұщы етіне тигізіп жүрген Жарастың үміт сəулесін сөндірмеді, сендірді.
Осындай сенім ғана оны алға жетелеп, күресуге, айқасуға күш пен жүрегіне сенім
ұялатты."Бақытты кім қалай бағалар білмеймін,өзге-өзге ал мен нағыз бақыттың дəмін
білетінмін. Ол қар астындағы көбелектің жəне көбелек тіршіліктің амандығы еді"
[2.165 б]. Қытымыр тағдырдың қыспағын түсірген, нəумез жетімдік жетістірмейді.
Көбелек тіршіліктің амандығын тілегені, өзінің де бүрсеңдеген тағдырының амандығын
тілегені. Жас Жарастың анасы қайтқанда, əкесін қиыр шетке жұмысқа айдап
,бауырларынан ажыратып бота көздерін жəутеңдетіп тағдыр дауылы соққанда,
қолдайтын қорғайтын ағайын-туыстың қамқорлығы ада болды. Жығылғанға жұдырық
демекші əке-шеше тірісінде шын пейіл танытатын ағайының да айдаһарға айналар
екенін ол ойлапты ма? Ағайыннан азар бар да, безер жоқ демекші біреудің үйінің
отымен кіріп,күлімен шығып жүрсе де аузы асқа, бұты атқа жарымаған тіпті киген
киімінің тесігінен тізесі сығалап тұрғандай күй кешкен жетімнің өмірі құрысын. Оны
адам екен-ау деп елеп ескеріп жатқан ешкім жоқ. "Жетім бала жалтақ келер" [3.175 б]
демекші жанарында мұң мен қайғы арпалысқан Жарастай жетімдердің тағдырын
ойлаған қауым бар ма. Тіпті қазір өз жетімдерімізді қолымыздан шет елге сатып жатқан
жайымызға не дейсіз?.. Жетімін жылатпаған елміз деген ата-баба аманатын біле тұра,
оларды қаңғыртып қатал тағдыр,тар жол тайғақ кешуге қаңғыртып қойғандық аманатқа
қиянат жасаумен тең емес пе?.. Мұқағали Мақатаевтың:
"Біздер жетімдерміз,
Ұрылар да емеспіз қарылар да,
Қарғыс таңба біздерден арылар ма?!
Жылынамыз бір ауыз жақсы сөзге
Қарғыс аяз біздерді қарығанда...
...Жетім көңіл жақсыға жарыған ба?" [4.151 б]- деген жыр жолдарынан жетімдерді
тентіреткен қорған бола алмаған қауымға деген ащы ызасын байқаймыз. Рас, ау жаны
жетім, жүрегі жалғыз адам бір ауыз жақсы сөз, жылы ниетке зар болып қиналғанда оны
ойлаған кім бар екен, қайта түйгіштеп бар ашуын қорғансыз жетімнен алуға,басынуға
дайын тұратын өңкей надандар. Сондайдың біреуі Жарастың шешесі, əкесі қасында
жүргенде басынан сипап шын пейілі түскендей сыңай танытатын Ақбөрте апайы бұған
"Жетпегірдің көзінің боталауын қарашы, неге өксисің өксіп қалғыр" [2.173 б] деп
шүйлігетінін кім білген. Аяғындағы кебісін де Жарастың басына лақтырып
басынатындай не күн туды. Шаңытқан күндей көлеңкелі ғұмырдың кеселі қалай қашса
208
да маңдайынан шертіп тұратын аяусыз тағдыр ғой жетімдікі. Жарастың ағайыны деген
күннің өзінде оны осылай басынса, қазіргі қоғамдағы ел асып, жер асып кеткен қаракөз
қандастарымыздың тағдыры қандай екенін кім білсін. Теледидардан қазақ балаларын
асырап алып жатқан шет елдіктердің сұмпайылықтары əшкере болғанын естіп
жатамыз. Сонда, қанша дегенмен қаны бір қазақтың баласымыз ғой, өзге елге пана
боп,өзге анаға бала боп кетсе де жаның ашып жүрегің сыздамай қоймайды екен. Олар
шет елге жетіскеннен емес, өз елінде қорған болатын жанашырлардың жоқтығынан
еріксіз кетті. Он есе азаптанып,қолдан қолға кетіп, не біреудің күңі,не біреудің құлы
боп жүрген суық хабарлар келіп те жатады. Өз елінде жылулық таппаған,өзге елден
қайтіп қамқорлық көрсін. "Жетімді жегенше, етіңді же" [3.175 б] деген қазақ
бабамыздың даналығын бүгінгі қоғам елең қылмаса керекті.
Өмір жетімдерді ерте есейтеді, ауырлпалықтың жауапкершіліктің аман қалу, тірі
болу, жеңіп шығу жүгін иығына ерте салғандықтан, олар ерлікке толы жүркепен өмірге
деген ерекше құштарлықпен есейеді. Десек те тағдыр дауылына төзе алмай түзу
жолдан тайғандар да қаншама. Шығармадағы: "Жасыма өмір ауыртпалығына жас
қабырғаң қайысса да шыдайсың! Еркіндігіңді, еркелігіңді алған тағдырмен күресесің
"[2.236 б] - деген үзіндісінен автордың негізгі айтпақ ойын аңғарамыз. Адам баласы
дүниеге келген сəттен бастап тағдыр жолына түседі. Сол жолдың қуанышы мен
қайғысы, ащысы мен тəттісі, тегісі мен ойпаңы,көлі мен шөлі, ыстығы мен суығы,
ауыры мен жеңілі, жайлауы мен сортаңы, щаңы мен шыңы, ағы мен қарасы араласып
бір басына қаптайды. Соның барлығын құшақ жая қарсы алып, жақсысын үйреніп,
жаманын жиреніп төзе білу, күресу адам баласының өмір бойғы тірлігі секілді.
Тағдырдың тар жол тайғақ кешуіне түссең де адамға тəн сабырлық пен төзімділік
танытып, əділ күресіп адамгершілік қалпыңнан таймауға үндейді. Мұхтар Шахановтың
жыр жолдарындағы мына үзіндіге зер салсақ.
"Кім айтты саған
Тұлпарды сүрінбейді деп
асауды мінілмейді деп
Ақ көйлек кірлемейді деп
Қара ешкі мүжіген ағаш
Қайтадан гүлдемейді деп" [5.177 б] - жырлаған сөздерінен көп нəрсенің мəнін
аңғарамыз. Рас, асау жирен тұлпар бір күн сүрінгеніменен қайта тұрып құлындай
шауып кетері хақ. Кіршіксіздік пен қалтқысыздықтың символы болған ақ түсті кір
шалып, жуып-шайса қайта ағаратыны хақ. Тентек ешкінің мүжіген қара ағашы көктем
келгенде бүршік атып, гүлдеп тірілетіні хақ. Ешнəрседе, ешкімде мəңгілік емес.
Жаңбырлы бұлттың артынан күннің жарқырап шығатыны секілді,адам өмірінде сондай
қиыншылық пен қайғы қаптаған кезде сол асудан асқанда, мамыражай күннің бар
екенін ұмытып түзу жолдан тайып кетуі де ғажап емес. Ондайға тек адамгершілігі мол,
сабырлы, ақылды, төзімді, мықты адам қарсы тұрып күресе біледі, күресіп қана қоймай
жеңеді де. "Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын" деп Абай Құнанбаев
ескерткендей небір сүрлеу соқпаққа түссең де, қиын-қыстау күндерді басыңнан
кешірсең де болаттай берік асқан шыдамдылықпен бəрін жеңіп адам атыңды биік,таза
қалпыңда сақтауға міндеттісің. Сол секілді тағдыр дауылы Жарастың басын бірде
қырға, бірде ойға айдағанда сол дауылдан аман шыққан ерік-жігеріне таңданасың.
Мəселен "Сен де тірі екенсің ғой қар атындағы көбелек, міне мен де аманмын. Енді
уайымдама жылы ұяңды табарсың, үлбіреген жібектей қанатыңды байқашы сындырып
алма. Қытымыр аязда сені шөпке орап қар астына көмгенде тіршілігіме балап ем ғой.
Сен жеңдің жарық сəуле көгілдір кеңістік жылылық сыйладың." [2.251 б] Сондай
күресте Жарастың ерік-жігерін бойына жинап Мұқағалиша айтсақ, "...мəңгі сені
жазбаған сүрінуге, қайта тұрып хақың бар жүгіруге" деп сүрінсе де құласа да
мойымаған ерлігі осы күнгі жастарға үлгі болса керек. Жарас жеңді. Қылышын
209
сүйреткен қара қыстан көңілді көктемге өмір көктеміне жетті. Сол жолдың ащысы мен
тұщысына көніп, қатаймаған қанатын майысса да сындырмады, сақтады. Қар
астындағы көбелек аязды жарып биікке,күнге ұмтылды. Ол Жарас еді. Жарас өз
өмірінің күніне жету үшін төзді. Мағжанша айтсақ "Ес білгелі күресемін өмірмен, Өмір
теңіз, толқыны оның тым қатты" [6.249 б] деп жағаға қандай екпінмен, күшпен соқса да
оған айтар дауың жоқ өмір атты сынақпен есін біліп-бімей күресіп- ақ кетеді. Бəріміз де
күресеміз. Тек біріміз сол толқынмен бірге теңселіп жағаға соғып жоқ болуымыз бар
да, сол соққыдан суырылып шығып от болуымыз бар. Міне дəл осыны автор өз
оқырманына үндейді. Ізім-ғайым жоқ болу емес, жалындап жанып қасқайып тұрып өз
арманыңа, мақсатыңа жету, соған жету жолында мейлі, хан бол қара бол, жетім бол
мейлі, жетік бол кім болсаң да шыдап, адамгершіліктің шыңынан ойып тұрып өз
орныңды ал дейді. Себебі "Өмір адамдарды жеңілу үшін емес, жеңу үшін күресуге
міндеттейді". [7.296 б] Өмірдің мəні жақсылық үшін күресте. Ал сол күресте қол
жеткізген жеңісің нағыз қазына,асыл бақыт емес пе? Ең бастысы жақсылық үшін
күресе білетін "Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат" біздің халықтың əр
азаматының бойынан табылсын деп тілейміз.
Əдебиет:
1. Зейнолла Қабдолов .Сөз өнері.-Алматы:"Санат",2002-360 бет
2. Жұртбай Тұрсын. Қар астындағы көбелек.- Алматы: "Қайнар" баспасы 2008- 320 бет
3. Бабалар сөзі. Жүзтомдық.- Астана:" Фолиант", 2010- Т.65.
4. Мұқағали Мақатаев.Аманат.-Алматы: "Қайнар" баспасы 2002-310 бет
5. Мұхтар Шаханов.Тілсіздендіру анатомиясы. -Алматы:" Рухдария". 2006- 350бет
6. .Мағжан Жұмабаев.Сүй жан сəулем.-Алматы:"Атамұра",2002.-256 бет
7. Асыл мұра.-Алматы:"Көщпенділер",2013 - 336 бет
УДК 8.82-1/29
GENRE AND STYLISTIC PECULIARITIES OF SHAKESPEARE’S SONNETS
Мusabay К., Yechina Y.G.
(M.Kh.Dulaty Taraz State University)
The English word “sonnet” comes from the Italian word “sonetto”, meaning “little
song”. Some early sonnets were set to music, with accompaniment provided by a lute.
The sonnet originated in Sicily in the 13th century with Giacomo da Lentino (1188-
1240), a lawyer. The poetic traditions of the Provençal region of France apparently influenced
him, but he wrote his poems in the Sicilian dialect of Italian. Some authorities credit another
Italian, Guittone d’Arezzo (1230-1294), with originating the sonnet.
A sonnet is usually characterized by the following features:
- it has 14 lines;
- it must be written in iambic pentameter;
- it must follow a specific rhyme scheme, depending on the type of a sonnet;
- it can be about any subject, though sonnets are often about love or nature;
- a sonnet introduces a problem or question in the beginning, and a resolution is offered
after the turn.
Достарыңызбен бөлісу: |