Литература ремезова Т. Ю. Использование подхода, ориентированного



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі345,26 Kb.
#7332
түріЛитература

    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     

100 


ЛИТЕРАТУРА 

 

1.

 



Ремезова  Т.Ю.  Использование  подхода,  ориентированного 

на  продукт  при  обучении  написанию  Writing  Task  1  в  IELTS  // 

Материалы  XI  Международной  научно-практической  конференции: 

«Научная  мысль  информационного  века  –  2015»  (Филологические 

науки).  Sp.  z o.o.  “Nauka I studia”,Przemysl, Польша  2015.  –  Режим 

доступа: http://www.rusnauka.com/Page_ru.htm 

2.

 

Doyle D.M. What Students Can Learn from a Single Paragraph // 



S.J. Stang, R. Wiltenburg. Collective Wisdom. New York, 1988 – 361 pp.  

3.

 



Millrood,  R.,  Modular  Course  in  ELT  Methodology  //  Teaching 

to Write.  2001. 

4.

 

Reid  J.M.  The  Process  of  Composition.  Englewood  Cliffs,  New 



Jersey: Prentice Hall regents, 1988 – 236 p. 

5.

 



McCall  J.  How  to  write  themes  and  essays.  New  York:  Arco 

Publishing, 1998 – 138 p. 

6.

 

McClain M., Roth J.D. Schaum’s Quick Guide to Writing Great 



Essays. New York: McGraw-Hill, 1999 – 108 p. 

 

 



 

профессор Асанов Наухан, 

ф. ғ. к. Садықова Роза 

 

Қазақстан, Алматы 

 

М.ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» ЭПОПЕЯСЫНЫҢ 

ШЕТ ТІЛДІК АУДАРМАЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ 

СИПАТЫ 

 

Бұл мақалада қазақ ғылымындағы аударма және М. Әуезовтің 

«Абай  жолы»  роман-эпопеясының  шет  тілдік  тәржімаларының 

зерттелу сипаты жайында айтылды.  

 

Қазақ 


мәдениетіндегі 

аударманың 

практикасы 

өткен 


ғасырлардан басталатыны белгілі. Дегенмен өзге тілдерден қазақ тіліне 

және  қазақ  тілінен  басқа  тілдерге  көркем  шығармаларды  аударудың 

барынша  кең  қанат  жайған  дәуірі  –  ХХ  ғасырдың  орта  тұсы.  Бұл 

туралы «Көркем аударманың кейбір мәселелері» деп аталатын еңбекте 

толық  айтылған,  онда  әсіресе  1950  жылдан  бастап  орыс  әдебиеті 

үлгілерінің  қазақшаға  қаншалықты  көлемде  және  тілдік-стильдік 



                               Methodology of modern research                                   

101 


жағынан қандай дәрежеде тәржімаланғаны толық талданған. Сонымен 

қатар  зерттеушілер  осы  аталған  кезеңде  қазақ    әдебиетіндегі  көркем 

туындылардың  қазақ  тілінен  басқа  роман-герман  тілдеріне 

аударылғанын  да  атап  өтеді.  1953  жылы  М.  Әуезовтің  «Абай  жолы» 

эпопеясы ағылшын және  неміс тілдеріне аударылған. Осы кезеңде бұл 

роман  Болгарияда, Польшада, Румынияда, Венгрияда аталған елдердің 

тілдерінде  басталған.  1958  жылы  эпопеяның  бірінші  том  «Абайдың 

жастық шағы» деген атпен, ал 1960 жылы екінші  кітап  «Абай жолы» 

деген  атпен  Францияда  жарық  көрген  [1,  49  б.].  Осы  ғасырдың 

басында,  яғни  2004  жылы  роман  қытай  тіліне  аударылды,  ал  кейінгі 

жылдары Н. Асғар Заде 1997 ж. парсы тіліне аударды [2]. 

Романның орыс  тіліндегі  нұсқасы  1950  жылдарда  жарияланған 

болатын,  қазір  Мұрат  Әуезовтің  қолдауымен  эпопеяның  толық 

нұсқасы  орыс  тіліне  қайтадан  аударылған.  Бұл  туралы  Мұрат 

Әуезовтің  өзі  былай  деп  жазады:  «Романның  орыс  тіліне  жаңа 

аудармасын  іске  асыру  керек  болды,  оны  ойлап  тапқан  біз  емес, 

кезінде Әбдіжәміл Нұрпейісов, әлемдік әдебиеттің екі жүз топтамасын 

жарыққа  шығаруға  әзірленіп  жатқанда,  бұл  мәселені  өткір  көтерген 

болатын.  Бір  романды  бес  бірдей  адам  аударды  ғой,  әрқайсының 

өзіндік  шығармашылық  даралығы  бар,  бірі  күшті,  екіншісі  әлсіздеу. 

Демек  бес  адам  аудару  мүмкін  емес!  Сондықтан  жаңа  аударма  жасау 

мәселесі  әлдеқашан  пісіп  жеткен-ді.  Бұл  мәселе  жөнінде  Герольд 

Бельгер  өз  кезінде  салиқалы  сөз  қозғап,  айшықты  дәлелдерін  де 

келтірген. Орыс аудармасының орташа деңгейі әрқашан оның ызасын 

шақырып,  ол  аударманы  түпнұсқамен  салыстырып  отырды,  ал  бұл 

салыстырма,  әрине,  аударма  пайдасы  жағында  болмады»  [3].  Бұл 

пікірлер  қазіргі  заманда  ұлттық  ойсана  барынша    жетілген  кезде 

айтылып отыр,  ал    шындығында  романның орыс  тіліндегі  аудармасы 

жарияланғаннан кейін аударма нұсқаға «қазақ әдебиеті нұсқаларының 

ішіндегі ең  жақсы аударма» деген баға берілген болатын.   

Енді  «Абай  жолы»  эпопеясының  өзге  шет  тілдеріне 

аударылуының  қазақ  лингвистикасында  зерттелуіне  тоқталып, 

төмендегілерді атап көрсетеміз. 

Бірінші.  Роман    ағылшын  және  неміс  тілдеріне  тәржімаланған 

кейін  аударма  нұсқа  зерттеушілердің  назарын  өзіне  бірден  аударды. 

Оның бірнеше себептері болды: ең алдымен, «Абай жолы» эпопеясы – 

қазақ әдебиеті мен  мәдениетін дүние жүзіне танытқан ең  көлемді, аса 

құнды  шығарма  болды,  әрі  роман  –  әлем    әдебиетіндегі  аса  жоғарғы 

көркемдікке  ие  туындыларының  бірі.  Оның  үстіне  жоғарыда 

көрсеткеніміздей,  романның  аудармасы  өз  заманында  «жақсы 

аударылған»  деген  баға  алды.  Сонымен  қатар  осы  туындының 


    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     

102 


аударылуынан 

бастап 


қазақ 

тілтанымында 

салыстырмалы 

лингвистикалық зерттеулер  бастау алды деп айтуға болады.  

«Абай  жолы»  эпопеясының  тілін  салыстырмалы  түрде  зерттеу 

мәселесіне  алғаш  барған  ізденушілердің  бірі  –  А.  Ермағамбетова.  Ол 

шығармадағы  ұлттық  реалийлерінің  ағылшынша  берілуіне  талдай 

жасай  отырып,  аударма  практикасының  дамуына  ықпал  жасады. 

Автордың  өзі  осылай  көрсетуден  байқайтынымыз  –  өткен  ғасырдың 

70-інші  жылдарында  аударманың  практикасы теориялық  зерттеулерге 

мұқтаж  болған  немесе  теориялық  мәселелердің  іргетасы    жаңадан 

қалана  бастаған.  Әрине,   романның  сюжетіне  қазақ  халқының  белгілі 

бір дәуіріндегі тұрмыс-тіршілігі арқау болғандықтан, әрі роман тарихы 

шығарма  болып  танылатындықтан,  ұлттық  реалийлер  романда 

молынан  қолданылған.  Реалийлер  транслитерация,  аналог  (жуықтау  

аударма),  сипаттама  аударма  және  контекстуалды  аударма  арқылы 

жасалған. Бұл – автордың  қорытындысы [4]. Бірақ, біздің  ойымызша, 

жұмыста  ағылшын  тіліндегі    нақты  мысалдар  аз.  Жоғарыда  аталған 

аударма  тәсілдерінің  қай-қайсысы  да  толыққанды  мысалдармен 

жабдықталмаған.  Ғалым  романды  аударуда  транслитерация  мен 

аналогтың тиімді  екендігін атап өтеді. 

Аталған тәсілдерге  «Абай жолының» неміс  тіліне аударылуын 

алғаш зерттеген Б. Репин де көңіл бөледі. Ол аналогтың бес-алты түрін 

санамалап  көрсете  отырып,  романдағы  реалийлер  неміс  тіліне  осы 

жолмен тәржімаланған және бұл дұрыс, тиімді бағыт  деп санайды. Б. 

Репин  ұлттық  реалийлер  ұғым    түсініктердің  функционалды  теңбе-

теңдігі,  ұғым-түсініктердің  қасиеттерінің  тепе-теңдігі,  сыртқы 

ұқсастық,  аналог    ретінде    диалектизмдерді  қолдану  арқылы 

жүргізіледі  деп  көрсетеді,  бірақ  тілдік  фактілерді  өте  аз  ұсынады. 

Сөйтіп,  мынадай  қорытынды  жасайды:  «перевод  слов  –  реалий  с 

помощью  аналога  обеспечивает  легкость,  доходчивость  понимания, 

простоту  и  краткость  слова-реалий  оригинала,  переданного  с 

редствами языка перевода» [5, с. 79].   

Романның  француз    тіліне    аударылуын  Ю.  Сушков  зерттеген  

болатын. Ол контекстің мағынасын және көпмағыналы сөздердің, сондай-

ақ фразеологизмдердің берілуін талдады. Осы ретте айта келерлік жайт – 

романның  французша аудармасы, Мұрат Әуезовтің айтуы бойынша – ең  

сәтті  шыққан  аударма.  Ол  былай  дейді:  «Мамандардың  пікірінше, 

французша  аударылған  тәржіма  ең  сәтті  шыққан  аударма  болып 

табылады. 

Антуан 

Витездің 



«тең 

шығармашылық» 

шабытты 

аудармасының  арқасында  роман  француз  жұртшылығының  арасында 

елеулі және тұрлаулы құбылысқа айналып, үйлесімді  және терең енуіне 

қатысты көп айғақтардың біріне жатады» [6]. 



                               Methodology of modern research                                   

103 


Бұл  келтірілгендерден  көрініп  отырғандай,  «Абай  жолы» 

эпопеясының  роман-герман  тілдеріне  тәржімалануын  қарастырудың 

бастапқы  кезеңдеріндегі    жағдайға  алдымен  аударманың  практикасы 

мен  теориясын  өзара  байланыстыру  жағы  қандай  дегенді  аңғарып  

көру тән   болды, осыған  байланысты авторларды пікірлерінде  біріне-

бірі  сәйкес  келмейтін  көзқарастар  да  кездеседі.  Сонымен  бірге  өткен  

ғасырдың 

70-інші 


жылдарында 

аударманың 

лингвистикалық 

теориясының  өзі әлемдік ғылымда  қалыптаса қоймай, бұл жөнінде де 

пікірлер  әртүрлі  болғандықтан,  қазақ  тілі  мен  өзге  тілдердің 

материалдарын  салыстыра  зерттеген  қазақстандық  ғалымдарда  да 

мықты  ғылыми  тірек болмады.  

Сөйтіп,  аналог,  транслитерация,  сәйкестік  сияқты  аударманың 

теориясына  қажетті  негізгі  ғылыми  концептуалдық-терминологиялық 

аппараттың  аражігінің  ашылмауы,  тұрақты  түрде    қалыптаспауына 

орай  қазақ  әдеби  шығармаларының  аудармасы  тұрғысынан  алғанда, 

ағылшын  және  неміс  тілдерінен  келтіретін      фактілердің  де  әлсіз 

болғанын  көреміз. 

Дегенмен «Абай  жолын» өзге  тілге аударудағы ерекшеліктерді 

зерттеу үзіліп, тоқтап қалған жоқ. Әсіресе, қазіргі кезде бұған айрықша 

назар  аударылып  отыр.  Бұл  ретте  бірнеше  экстралингвистикалық 

факторлар  байқалады:ең  алдымен,  Қазақстанның  мәдениеті  үшін  де 

мәдени мұралардың өзге тілдерге аударылуы  маңызды; ал тіл ғылымы 

тұрғысынан  келетін  болсақ,  қазіргі  кезде  көптеген  жаңа  ғылым 

салалары  (когнитивті  лингвистика,  антропоцентрлік  лингвистика, 

мәтінтану,  мәдениаралық  қарым-қатынас)  міндеттерінің  шешімінде 

аударманың өзіндік қосар үлесі зор деуге болады; үшіншіден, аударма 

мәселелері  тұрғысынан  салыстырмалы  тіл    білімінің    де  аспектілері  

кеңейді. 

Әдебиеттану  ғылымы  да  салыстырмалы  аспектілерге  назар 

аударуда,  бұған  қатысты  біз  М.Х.  Маданованың  «Казахско-

французские литературные связи ХХ века и  проблемы сравнительного 

литературоведение» деп аталатын  жұмысын  көрсете  аламыз [7]. 

Қазіргі кезеңде салыстырмалы тіл білімі аясында «Абай жолы» 

эпопеясының  өзге  тілдерге  аударылуын  зерттеген  жұмыстардың 

қатары  көбейді.  Ғалымдардың  көрсетуінше,  бұл  кездейсоқтық  емес, 

өйткені  қазіргі  кезде  тіларалық  қатынастарды  және  оған  байланысты 

тілдерді  болатын  үдерістер  мен  құбылыстарды  зерттеуде  әртүрлі 

жүйедегі тілдердің материалдардын  салыстыра талдай ғылымға үлкен 

үлес  қоса алады. Бұл ретте  Г. Дүкембайдың [8], К. Каримованың [ 9] 

еңбектерін атауға болады. Г.Н. Дүкембайдың диссертациялық жұмысы 



    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     

104 


орыс 

және 


неміс 

тілдері 


аудармасындағы 

идиоэтникалық 

фразеологизмдердің аударылу тәсілдеріне арналған. 

Зерттеуші  мәдениетаралық  байланыстар,  мәдениеттердің  өзара 

бірін-бірі 

байытуы 


жағынан 

қарағанда, 

фразеологизмдердің 

этномәдени  маңызы  бар  типтерінің  рөлін  көрсете  келіп,  романның 

орыс  және  неміс  тілдеріне  аудармасында  төмендегідей  тәсілдердің 

жұмсалғандығын  анықтаған  және  олардың  тиімді  немесе  тиімсіз 

жақтарын бағалаған: 

– 

калька 



(сөзбе-сөз 

аударма). 

Бұл 

тәсіл 


қайсыбір 

фразеологизмдердің 

ұлттық 

сипатын 


нақты 

көрсету 


үшін 

пайдаланылған.  Автордың  пікірінше,  калька  тәсілі  ұлттық  колоритті 

жеткізу үшін және барынша толыққанды баламалылықты сақтау  үшін 

оңтайлы, тиімді  тәсіл; 

–  балама  аударма,  бұл  қазақ  тіліндегі  фразеологизмдердің 

абсолютті  немесе  относительді  түрдегі  баламаларын  жасау  үшін 

пайдаланылған; 

–  сипаттама  аударма,  бұның    ерекшелігі  –  басқа  халықтардың 

өкілдері  үшін  түсініксіз  фразеологизмдерді  сипаттап  береді. 

Аудармашы  кейде  сілтеме  арқылы  түсіндіреді,  сондықтан    аударма 

фразеологизмнің аудармасы емес, түсіндірмесі  болып табылады; 

– контекстуалды аударма. Қазақ  тіліне тән фразеологизмдердің 

мағынасын контекст арқылы түсіну мүмкіндігі бар; 

– 

түсіріп 



тастау. 

Аудармаларда 

қазақ 

тіліне 


тән 

фразеологизмдерін  түсіріп  тастау  кездеседі,  бұл  түпнұсқаның 

көркемдік ерекшеліктерін   жеткізуді  әлсіретеді [ 8 ,11 б.].  

Этностың  менталитетін  және  ұлттың  ойсаналық  архетипіне 

барып    тірелетін,  тілдің  концептуалды  жүйесінің  аксеологиялық 

сипаттарын  құрайтын  тілдік  бірліктердің  қай-қайсысы  да  – 

аударматану  эпопеясы  үшін  және  аударма  практикасы  үшін  аса 

маңызды  проблемалардың  бірі.  Бұндай  тілдік  бірліктерді  алдыңғы 

кезеңдердегі  зерттеулерде  «баламасыз  лексика»  деген  атаумен 

топтастырған болатын. Кейінгі жылдардағы  салыстырмалы  тіл білімі 

бойынша  зерттеулерде  осындай  тілдік  бірліктер  лингвомәдениеттану 

ғылымымен тығыз байланыста қарастырыла бастады. Ізденушілер мен 

зерттеушілер  әсіресе  концептілер  мен  лингвокультуремалардың 

аудармада қалай берілетіндігін жаңа позициялар шеңберінде талдауға 

кірісті. 

Бұл 


бағытта 

К. 


Каримованың 

«Трансформация  

лингвокультурем  романа  М.О.  Ауэзова  «Абай    жолы»  при  прямом  и 

опосредованном  переводе»  деп  аталатын  жұмысы  бар  [10].  Жұмыста 

тілдің  концептуалды  жүйесіне  тән  құрамдас  бөліктерді  анықтауға, 

ұлттық  дүниетанымның  тілдік  және  экстралингвистикалық  сипаты 



                               Methodology of modern research                                   

105 


ретінде  лингвокультуремалар  корпусын  анықтауға  және  жүйелеуге, 

осындай лингвокультуремалардың тікелей және дәнекер – тіл арқылы 

аударылуындағы  трансформация  тәсілдерін  белгілеуге  арналған.  К. 

Каримова  атшабар,  жертөсек,  жеңге,  жұт,  жігіт,  малшы,  қатын, 



түндік, ағайын, пұшпақ ішік, аяқ баспас жер, аға, қасқыр бала сияқты 

әртүрлі  тақырыптарға  жататын  тілдік  бірліктердің  қатарында  түр-түс 

атауларында  да  ұлттық  мәдени  белгілері  бар  элементтер  деп  таниды. 

Ол былай деп көрсетеді: 

«Түр-түс  атаулары  да  мәдениетті  нысандау  мен  бейнелеудің 

маңызды  тәсіліне  жатады.  Кез  келген  халықтың  дәстүрлі 

дүниетанымында  түр-түс  атауларының  жүйесі  негіздемелі  кодтардың 

бірі.  Кез  келген  дәстүрлі  мәдениетте  түр-түстің  көмегімен  әлем 

моделін  жасауға  болатын  элементтердің  бірі.  Түр-түс  өзіндік  эталон, 

өйткені  ол  адамның  табиғатпен  байланысы  туралы  ақпаратты 

қамтиды.  Соның  өзінде  ол  тек  қана  нақты  жағдайды  көзбен  ғана 

қабылдау емес, дүниені құндылық ретінде танып, мұра етіп қалдыру» 

[9 ,18 б.]  дей отырып, автор мынадай мысалдарда талдайды:  

1.  Сүйіндік жас кіс өлсе, туы  қызыл болатынын, кәрі  кісі өлсе 



ақ  болатынын  айтып келеді  де, «Бөжейдей   орта  жасты  кісінің   

қаралы  туы – бір  жағы  ақ,  бір  жағы қызыл   болуы  керек  дегенді   

айтқан».  

Орыс  тілінде:  Суюндук  ответил,  что  у    тела  молодого 



умершего    вывешивается  красное  знамя,  должно  состоять  из  двух 

полос-черной и белой. 

К.  Каримова  бұл  аударманы  «қате»  деп  бағаланған.  «И  в 

прямом,  и  в  опосредованном  вариантах  перевода,  наблюдается 

переводческий  брак»  [9,с.18].  Қорыта  айтқанда,  бұл  жұмыс  аударма 

кезіндегі 

лингвокультуремаларды 

трансформациялаудың 

және 


декодтаудың  ғылыми-әдіснамалық  негіздерін  көрсетуге  ұмтылыс 

жасаған еңбек болып табылады. 

Ал  қазақ  тілінен  парсы  тіліне  және  парсы  тілінен  қазақ  тіліне 

көркем  әдебиетті  аударудың  практикалық  мәселелері  мен  бұның 

ғылыми  тұрғыдан  талдануы  жайын  айту  үшін  төмендегілерді 

көрсетеміз. 

Осы тұрғыдан алғанда, ұлы жазушы М. Әуезовтің қазақ өмірінің 

тұтас  бір  дәуірін  ұлттық  нақыш-бояуымен  суреттеген  көркем 

туындысының парсы тіліндегі аудармасының сапасын қарастырған  Д. 

Дүйсебаевтың ғылыми   еңбегі аса маңызды [11]. Бұл зерттеуде қазақ 

тіл  білімінің  аударматану  саласы  үшін  ғана  емес,  сонымен  бірге 

этнолингвистика,  лингвомәдениеттану  салаларының  да  теориясы  мен 

практикасы үшін құнды мәліметтер орын алған.  


    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     

106 


«Абай    жолы»  сияқты  ұлттық-мәдени  деңгейде  құнды  көркем 

шығарманың аудармасын зерттеу арқылы аудармашының этномәдени 

жалпы  бағдарлы  ақпарат  тұрғысындағы  біліктілігін  бағалау, 

шығарманың  түпнұсқадағы  көркемдігі  реңкі  мен  құндылығын 

көмескілейтін  тілдік  деректерді  анықтау,  ұлттық  ұғыммен  тығыз 

байланысты  тілдік    құбылыстардың:  мақал-мәтелдердің,    тұрақты  сөз 

тіркестерінің,  жалқы  есімдердің  парсы  тіліне  аударылу    тәсілдеріне 

талдау жасау, жазушы стилінің аударма нұсқасында ескерілу деңгейін, 

яғни  жазушы  стиліне  тән  маңызды  тілдік  элементтердің  аудармаға 

енбей қалуын, контекстегі сөйлемдердің, абзацтардың аудармада орын 

ауыстырулары  түпнұсқадағы    көріністің  аудармаға  толық  қалпына 

жетпеуіне  себеп  болатынын  т.б.  ғылыми      жолмен  түсіндіру  арқылы 

қазақ аударма теориясы үшін зор үлес қосқан.  

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

1   Мир Абая /  Под ред. Маданова М., Машакова А.  –  Алматы: 

Междунар. клуб Абая, 2004. – 168 с. 

2   Ауезов  М.  Раһ-е  Абай  /  Аударған    Н.  Асқар  Задэ–  Тегеран: 

Конгре, 1376. – Т. I-II. – 790 б.   

3   Қаратаев  М. О работе Пленума Союза писателей Казахстана 

// Литературная газета. –1970. –8 июля. – №28. 

4   Ермагамбетова  А.С.  Сущность  и  значение  национальных 

слов-реалий  в  языке  художественного  произведения  и  способы  их 

перевода  (на  материале  перевода  романа-эпопеи  М.О.  Ауэзова  «Путь 

Абая»  на  английский  язык):  дисс.  ...  канд.  филол.  наук.  –  Алматы, 

1972.  – 185 с. 

5   Репин  Б.И.  Аналог  как  способ  перевода  слов-реалий  // 

Известия АН КазССР. Серия общественная. – Алматы, 1971. – №1.  – 

С.  75-79. 

6   Әуезов  Мұрат.  Көшпелі  халықтың  «ғарыш»  әлемі  «Абай 

жолы» романының жаңа аудармасы  туралы // Қазақ әдебиеті. – 2007. – 

28 қыркүйек.  – №39.  

7   Маданова  М.Х.  Казахско-французские  литературные  связи 

XX  века  и  проблемы  сравнительного  литературоведения:  дисс.  ... 

доктора филол. наук. – Алматы, 1999. – 267 с. 

8   Дукембай  Г.Н.  Идиоэтнические  фразеологизмы  казахского 

языка  и  способы  их  перевода  на  русский  и  немецкий  языки  (на 

материале  перевода  романа  М.  Ауэзова  «Абай  жолы»):  автореф.  ... 

канд. филол. наук. – Алматы, 2007. – 26 с. 


                               Methodology of modern research                                   

107 


9.   Каримова  К.К.  Трансформация  лингвокультурем  романа 

М.О. Ауэзова «Абай жолы» при прямом и опосредованном переводе: 

автореф. ...канд.  филол. наук. – Алматы, 2008. – 27 с. 

10. Каримова  К.К.  Трансформация  лингвокультурем  романа 

М.О. Ауэзова «Абай жолы» при прямом и опосредованном переводе: 

дисс. ... канд. филол. наук. – Алматы, 2008. –173 с.    

11. Дүйсебаев Д. «Абай жолы» роман-эпопеясының парсы тіліне 

аударылуы: филол. ғыл. канд. ... дисс. – Астана, 2006 –  150 б. 

 

 

Sapayeva G. E. 



 

Kazakhstan, Almaty, al-Farabi Kazakh National university 

 

METHODS OF INNOVATIVE TECHNOLOGIES IN 

TEACHING KAZAKH AS A FOREIGN LANGUAGE 

 

The  main  purpose  of  the  innovation  process  in  education  is  to 

prepare  the  person  to  live  in  a  constantly  changing  world.  The  essence  of 

this  training  is  the  orientation  of  the  educational  process  on  the  potential 

rights and their implementation. 

 

According  to  the  state  program  for  the  development  of  language, 

development  and  introduction  of  innovative  technologies  and  training 

systems is a prerequisite for the development of higher education, ensuring 

the  integration  of  Kazakh  universities  in  the  world  educational  space. 

Demonstrate  professional  excellence  and  raise  the  learning  process  to  the 

next  level  is only capable teacher, with a deep and solid knowledge of the 

subject, quite erudite in the related fields of science, broad-minded and able 

to see the prospects of his teaching. 

The teacher shall  have the right to determine the  strategy and work 

methods  to  select  appropriate  abilities  and  capabilities  of  his  students,  to 

determine the educational and additional literature, outline the prospects of 

his  career  and  more.  Every  teacher  couldn’t  cope  with  such  tasks.  In 

practice, each teacher uses a variety of methods and technologies. In recent 

years,  more and  more often raised the  issue of the use of  new  information 

technologies in education. The task of the teacher is to create the conditions 

of  practical  language  learning  for  each  student  to  choose  such  training 

methods  that  would  allow  each  student  to  show  their  activity,  their 



creativity. Here are a few methods used in teaching as a foreign language. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет