Литература: Руководство для учителя. Третий (базовый) уровень. Программа курсов повышения квалификации педагогических работников Республики Казахстан. Аоо «Назарбаев Интеллектуальные школы»



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі223,6 Kb.
#8016

 

 

331 



-  Развиваются  творческие  и  аналитические  способности,  умения  эффективно 

работать с другими людьми; формируется умение выражать свои мысли ясно, уверенно 

и корректно по отношению к окружающим. 

 

 



 

Литература: 

1.  Руководство  для  учителя.  Третий  (базовый)  уровень.  Программа  курсов  повышения 

квалификации  педагогических  работников  Республики  Казахстан.  АОО  «Назарбаев 

Интеллектуальные школы» 2012 год. 

2.  Хофстед Г. (1991) Культуры и организации: программное обеспечение по защите мышления. 

Лондон, 1991.  

3.  Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М., 1998.  

4.  Иванов  Д.  А.  Компетенции  и  компетентностный  подход  в  современном  образовании  // 

Школьные технологии. - 2007. - №6.  

5.  Кларин  М.В.  Инновационные  модели  обучения  в  зарубежных  педагогических  поисках.  М., 

1994. 

 

 



 

УДК  81-115  

 

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР 

 

Түспек А., Казбекова Ш.И. 



(М.Х.Дулати атындағы ТарМУ) 

 

 



 

Тілдің  сөздік  құрамының  толығып  кемелденуі  бір  ғана  өзінің  ішкі 

мүмкіншіліктері  арқылы  болып  қоймайды.Сонымен  қатар  өзінде  жоқ  сөзді  өзге 

тілдерден  ауысып  алу  арқылы  да  тіл  өзінің  сөздік  құрамын  байытып,  жетілдіріп 

отырады.  Қазақ  халқының  ертедегі  даму  тарихына  көз  жіберсек,  көптеген  елдермен 

үнемі тығыз байланысты болғандығын көреміз. 

Кез-келген  халықтың  тілі  жеке  өмір  сүрмейді.Қандай  да  бір  тілге  басқа  тілден 

кірме сөздердің енуі сол тілдің дамуына қажетті табиғи үдеріс болып табылады.Кірме 

сөздер  дегеніміз  -  тілдің  өзіндік  сөзжасам  тəсілімен  емес,  басқа  тілдердің  ықпалымен 

жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да 

өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан 

үлкенді-кішілі  халықтардың  қай-  қайсысында  болсын  өзге  тілдерден  ауысып  келген 

кірме сөздер көптеп кездеседі.  

Ағылшын  тілінен  еңген  сөздерді  англицизмдер  деп  атайды.    Англицизмдер  – 

қоғамдағы  саяси,  мəдени,  экономикалық  қатынастардың,  ғылым  мен  техниканың 

дамуына  байланысты  тілге  енген  жаңа  сөздер  мен  сөз  тіркестері,  фразеологиялық 

оралымдар. 

Соңғы  20-30  жыл  бедерінде  англицизмдер  қазақ  тіліне  қарқынды  əрі  үлкен 

көлемде енгені соншалық, лингвистер оларды ағылшын – қазақ билингвизм құбылысы 

деп атап жүр. Бұл мəселені біріншіден, қоғамдағы  ашық халықаралық қарым-қатынас 

пен,    ағылшын  тілінің  халықаралық  тіл  ретіндегі  мəртебесінің  өсуімен  байланыстыра 

қараған жөн. 

Тіл  өзі  қызмет  атқаратын  қоғаммен  бірге  өмір  сүріп,  сол  қоғаммен бірге  өзгеріп 

отырады, əрі оның ішкі заңдылықтарына сəйкес дамиды. 



 

 

332 



Дүние  жүзіндегі  түрлі  тілдерде  сөйлейтін  халықтар  өз  ара  бір-бірімен  қарым-

қатынаста  болады  да,  бір-біріне  сөз  ауысады.  Ағылшын  тілінің  лексикасынан  роман 

тілдерінен енген сөздерді өте жиі кездестіруге болады. 

Шет  тілдерден  сөздердің  ену  сипаты  əр  түрлі    болады.  Бір  тілден  екінші  тілге 

сөздердің  ауысуы  белгіленетін  заттар  мен  ұғымдардың  ауысып  келуімен  байланысты. 

Мысалы,  ағылшын  тілінен  қазақ  тілдеріне  енген  сөздерді  осы  сөздер  арқылы 

белгіленген  жаңа  ұғымдардан  бөліп  қарауға  болмайды.  Бұл  жаңа  сөздердің  жаңа 

ұғымдармен бірге енгені əркімге аян. 

Сөздердің жаңа заттар немесе жаңа ұғымдармен бірге ену құбылысы тіл-тілде сөз 

алмасудағы  басты  жəне  дағдылы  құбылыс  болып  саналады.  Тіл-тілдің  лексикасында 

ауызша енген кірме сөздер де, жазбаша енген кірме сөздер де бар. 

Ауызша  түрде  енген  сөздердің  көпшілігі  тұрмыс  қажетіне  байланысты  зат 

атаулары  болып  келеді.  Мұнымен  бірге  олардың  ішінде  мəдениетке  байланысты 

ұғымдардың  да  атаулары  болады.  Ауызша  енген  кірме  сөздерге  тəн  ерекшелік  сол  – 

олар  қабылдаушы  фонетикалық  заңдарына,  орфоэпиялық  ерекшеліктеріне  бағынып, 

соған сəйкестендіріледі. 

Жазбаша  немесе  кітаби  кірме  сөздер  көбінесе  ғылыми–техникалық,  əдебиет  пен 

өнер т.б. арқылы енген жəне солардың белгілі бір саласына бейімделіп қолданылатын 

сөздер болып табылады. Бұлар өркениет ұғымдарына телінген сөздер болу қасиетімен 

сипатталады.  Сөздердің  бұл  тобы  білдіретін  ұғымы  мен  мəніне  байланысты 

интернационалдық сөздер болуға икемделеді де, олардың тілден-тілге ауысу, кең түрде 

таралу  қасиеті  басым  болады.  Ондай  сөздердің  кейбіреулері  өзінің  білдіретін  ұғымы 

мен  мазмұнының  айрықша  маңызды  болуына  байланысты  дүние  жүзіне,  күллі 

халықтардың  тіліне  ауызша  түрде  де,  жазбаша  түрде  де  еніп,  жаппай  жəне  жиі 

қолданылатын  сөздерге  айналады.  Мысалы,  кастинг,  шоу,  видео  клип,  компьютер, 

интернет деген сөздер бүкіл əлемге таралып, əр түрлі тілдерде сөйлейтін халықтардың 

баршасына бірдей таныс сөздерге айналып отыр. 

Шет  тілдерден  енген  сөздер  уақыт  озған  сайын  əбден  кірігіп,  фонетикалық, 

грамматикалық  жəне  семантикалық  жақтан  игеріліп,  сіңісіп  кетеді.  Англицизмдердің 

қабылдаушы  тілдің  грамматикалық  заңдарына  бағынып  игерілуі  қабылдаушы  тілде 

олардың  грамматикалық  формасының  мағынасы  сақталынбауынан  айқын  көрінеді. 

Мысалы, ағылшын тілінің рельс деген сөзі ағылшынша көптік жалғаулы сөз болғанмен      

( ағылшын тілінде жекеше түрі – rail, көпше түрі – rails ), қазақ тілінде жекеше түрінде 

ұғынылып,  көпше  түрде  қолдану  қажет  болғанда,  оған  көптік  жалғауы  жалғанады               

( қазақша – рельстер ). 

Кейде  шет  тілдік  сөздер  мен  сөз  тіркестері  тілден  тілге  аударылғанда,  олардың 

құрылысы сақталып аударылады да, солардың үлгісі бойынша сөздер мен сөз тіркестері 

жасалады. Шет тілдік сөздер мен сөз тіркестерінің үлгісі бойынша жасалған, олардың 

құрылысының  көшірмесі  болып  табылатын  сөздер  мен  сөз  тіркестері калька деп 

аталады.  Кейбір  тұрақты  сөз  тіркестері  де,  баламасы  болмаған  жағдайда,  калька 

жолымен аударылады. 

Англицизмдердің  енуі,  сондай-ақ  кейде  оларды  жолымен  аударып  алу 

қабылдаушы  тілдің  сөздік  құрамын  толықтырып  байытады.  Қазақ  тілінің,  лексикасы 

ағылшын  тілінен,  орыс  тілі  арқылы  басқа  тілдерден  енген  сөздермен  толығып,  оның 

аумағы кеңейді. Белгілі бір тілдің сөздік құрамы, ең алдымен, сөз тудырудың сан алуан 

тəсілдері  арқылы  сол  тілдің  ішкі  мүміндіктерінің  есесінен,  бұрыннан  бар  сөздерден 

туынды сөздер жасаудың есесінен дамып байыса, сонымен қатар басқа тілдерден жаңа 

сөздердің  енуі  арқылы  да  толығып  отырады.  Міне,  бұл  тəсілдер  тілдің  лексикасының 

баю жолдарының ең басты тəсілдері болып табылады. 

Англицизмдер лексикалық жəне семантикалық болып екіге бөлінеді. Лексикалық 

англицизмге  жаңа  ұғымдардың  тууымен  бірге  пайда  болған  жаңа  терминдер  жатса, 


 

 

333 



семантикалық  англицизмдер  деп  сөзбе-сөз  аудару  арқылы  төл  сөзге  қосылған  жеке 

мағынаны айтуға болады. Мысалы, human factor – антропогендік фактор, fresh juice – 



жаңа  сызылған  жеміс  шырыны,  yogurt  –  йогурт,  pudding  –  пудинг,  fast  food  –(  фаст 

фуд)  жеңіл  əрі  тез  əзірленетін  тағам,  week  end  –  уик  энд  –  демалыс  күндер,  party  – 

парти – сауық кеші, sponsor – спонсор – демеуші, прайс – баға, бизнесвумэн – бизнес 

əйелі,  юзер  –  қолданушы,  computer  system  –  компьютерлік  жүйе,  computer  center  – 

компьютер орталығы т.б.  

Фаст – фуд термині жеңіл əрі тез əзірленетін тағамдарға айтылған.  «А party is a 

gathering  of  people  who  have  been  invited  by  a  host  for  the  purposes  of  socializing, 

conversation,  or  recreation»  –  Парти  -  қонақ  күтушінің  шақырған  адамдарының 

əңгімелесіп,  демалу  үшін  жиналатын  жері,  To sponsor  something  is  to  support  an  event, 

activity, person, or organization financially or through the provision of products or services – 

Спонсорлық  ету  бір  ұйым  немесе  адамдарды  материалдық  жəне  физикалық  түрде 

көмек беру болып табылады. 

Англицизмдер 

сөзжасамдық 

калькалау 

(макроұя, 

кодтану), 

сондай-ақ 

синтаксистік-морфологиялық,  семантикалық,  морфологиялық  тəсілдер  арқылы 

жасалып, тілдің сөздік құрамын байытады. 

Англицизмдер  төл  сөздермен  де  беріле  алады,  сөздік  құрамында  бұрыннан 

қолданылып  жүрген  сөз  тұлғалары  жаңа  мағынаға  ауысып,  жаңа  ұғымды  белгілеуге 

мүмкіндік  алады.    Англицизмдер  тілдің  лексикалық  құрамына  ауызша  жəне  жазбаша 

түрде енеді. Ауызша енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне, мəдениетке қатысты 

атаулар  болса,  жазбаша  енген  англицизмдер  ғылым  мен  техниканың  жетістіктеріне 

қатысты болып келеді. Қазіргі тілімізде жасалған англицизмдер көпшілігі сөз тіркестері 

түрінде  келіп,  анықтауыштық  қатынаста  болады.  Мысалы, human  factor  – 



антропогендік фактор, week end – уик-энд (демалыс күндер ), price list – прайслист, hot 

dog  –  хот-дог,  ,  computer  system  -  компьютерлік  жүйе,  computer  center  –  компьютер 

орталығы, Media – Holding – медиа-холдинг т.б. 

Англицизмдердің екі түрлі жасалу жолдары бар: 

1)  Бұрын-соңды  тілде  болып  көрмеген,  жаңа  ұғымдардың  пайда  болуымен 

байланысты. Мысалы : hot dog – хот дог, yogurt – йогурт, pudding – пудинг, fast food- 



фаст – фуд, spray – спрей, скраб – scrub, bowling-боулинг, cartridge – картридж, printer 

– принтер, disk – диск, file – файл, air conditioner – кондиционер, cooler – кулер, mixer – 

миксер, toaster – тостер, blender – блэндер, manager-менеджер, promoter – проумотер, 

distributor – дистрибьютер, dealer – диллер, mentality - менталитет, stapler – степлер, 

scotch  tape  –  скотч,  computer  –  компьютер,  monitor  –  монитор,  display  –  дисплей, 

presentation – презентация, calculator – калькулятор, notebook – ноутбук, жəне т.б. 

2) Бұрыннан тілде бар атауларды жаңартып, ескіні жаңғыртып, жаңаша мəн беріп, 

түрлендіріп  қолдану  негізінде  пайда  болады.  Англицизмдердің  ұлттық  тілдің  байып, 

дамуы  үшін,  оның  жаңа  мағыналы  сөздермен  толықтырылып  отыруы  үшін  мəні  зор. 

Мысалы  :briefing  –  брифинг,  candidate  –  үміткер  (кандидат),  journalist  – 

тілші(журналист) жəне т.б. 

Ал  А.  М.  Қызырова  «Ағылшын  кірме  сөздерінің  қазақ  тіліндегі  ассuмиляция 

үдерісі»  атты  диссертациялық  жұмысында  ағылшын  тілінен  енген  сөздерді  талдап,  əр 

кəсіпке байланысты саралап, талқылап қарастырған: Мысалы: 

Ақша  жəне  ақшамен  байланысты  ұғымдар:   банкнот,  инвестиция,  депозит,  пин 

код, банк, грин-кард, доллар, цент, шиллинг, пенс. 

Ер  адам  ұғымын  білдіретін  синонимдер: күзетші-секьюрити,  басқарма-



менеджер,  босс-шеф,  жетекші-куратор-тьютор,  іскер-бизнесмен,  есепші-аудитор, 

атқамінер-жокей, тауарды жылжытушы-промоутер, ер адам-мэн, джентльмен, т.б. 

Демалыс: уик-энд, сейшн, фейшн, круиз, пати, шоп тур т.б. 



 

 

334 



Ойын: керлинг,  хоккей,  бокс,  биллборд,  боулинг,  гольф,  сквош,  гейм,  гандбол, 

футбол, кроссворд, аттракцион, крикет т.б. 

Спорт: аквалангты пайдаланатын адам - дайвер, культуризм -бодибилдинг, ұзын 



қашықтыққа  жүгіретін  адам  -  стайер,  қысқа  қашықтыққа  жүгіретін  адам  - 

спринтер, велосипед - байк т.б. 

Ақпараттық терминдер компьютермен жұмыс істеу барысында кездеседі:  геймер 



(компьютерлік  ойындарды  жақсы  көретін  адам),  хакер,  юзер  (жеке  компьютерді 

пайдаланушы), хардвер, софтвер, драйвер, провайдер, т.б. 

Хат-жазбалар: майл  (компьютер  арқылы  жіберілетін  хат),  сайт,  файл,  е-



майл  т.б. 

Өлшем бірлігі: байт, мегабайт, т.б. 

Компьютердің  атауы  немесе  компьютерлік  ақпаратқа  қатысы  бар  құрамдық 

бөлшектердің  аты:   ноутбук,  пентиум,  лаптоп,  кэш,  принтер,  декомпилятор, 



джойстик, факс-модем  т.б. 

Компьютер  арқылы  жүзеге  асырылатын  іс-əрекет: принтовать  ету,  логиндау 



(пароль кіргізу), таймерлеу, кликать ету (тышқанның клавишін басу), Internet-браузер, 

Internet-магазин,  Internet-провайдер,  онлайн-сауда,  дамп,  хост,  аудит,  гамдеу(game-

ойын), виндузда жұмыс істеу (Windowsпен жұмыс істеу)  т.б. 

Қазіргі тіл  білімі  ғалымдарының  зерттеуіне  сүйенсек  күніне  300  сөз  қазақ тіліне 

енеді  екен.  Ол  сөздердің  басымы  ағылшын  тілінен  енген.    Ресей  ғалымдарының 

пікірінше əсіресе көптеген кірме лексика газет, журнал беттерінде көрінеді, сондықтан 

газет,  журнал  бетінде  кездесетін  мəтіндерді  оқу  үшін  алдымен  ағылшын  тілін  оқыту 

мəселесі өзекті болып келеді. 

Көптеген  тарихи  жағдайларға  байланысты  қазақ  тіліне  шетел  тілінен  кірген 

сөздердің  ауысуы  дəнекер  тіл  орыс  тілі  арқылы  жүзеге  асады.  Шетел  тілінен  енген 

сөздер  ғылым  мен  əртүрлі  халықаралық  деңгейде  іске  асып  жатқан  шаралардың 

негізінде  көптеп  енуде.  Бұл  туралы  А.  Исланова  «Шетел  сөздердің  белгілері  мен 

деректері»  атты еңбегінде атап, жұмыс барысында қазақ тіліне енген шетел сөздеріне 

толық сипат береді.         

Англицизмдерді  дыбыстық  құрамдық  өзгерістерімен  орыс  тілі  арқылы 

қабылдаймыз.  Қазақ  тіліндегі  шетел  сөздерінің  көптеп  енуін  халықтың  ғаламторды 

кеңінен  пайдалануын  айтуға  болады.  Олар  орыс  тілі  арқылы  қазақ  тіліне  еніп  тілдік 

қолданысқа енген ағылшын сөздері.  

Қазақ тіліндегі шетел тілінен енген сөздер бүгінгі таңда варианттылықпен беріліп 

жүр.  Тілдік  варианттардың  біріне  осы  шетел  сөздерін  жатқызуға  болады.  Н.Уəлиұлы 

«біршама  уақыт  бəсекелесе  қолданыла  келген  шеттілдік  сөздер,  ендігі  жерде  балама 

сөзге орын берді.  Мысалы көлік (транспорт емес), төрелік сот (арбитраж емес), төреші 

(арбитр емес), жалға беру  (аренда алу  емес),  жалгер (арендатор емес), мұрағат (архив 

емес),  бос  орын  (вакансия  емес),  тізім  (ведомость  емес),  рұқсатнама  (виза  емес), 

өмірбаян  (автобиография  емес),  мекенжай  (адрес  емес),  кесте  (таблица  емес), 

келісімшарт  (контракт  емес),  құжат  (документ  емес),  төлқұжат  (паспорт емес),  сынып 

(класс  емес),  кеден  (таможня  емес),  ұлықтау  (инаугурация  емес),  керек-жарақ, 

мүкəммал  (инвентарь  емес),  нұсқаушы  (инструктор  емес),  нұсқау  (инструкция  емес), 

ақпарат  (информация  емес),  күнтізбе  (календарь  емес),  хұснихат  (каллиграфия  емес), 

біліктілік  (квалификация  емес),  іссапар  (командировка  емес),  сараптау  (экспертиза 

емес), ұжым (коллектив емес), жарғы (устав емес), құзыр (компетенция емес), тəркілеу 

(конфискация  емес),  несие  (кредит  емес),  жиһаз  (мебель  емес),  əдіс  (метод  емес), 

əдістеме (методика емес), нысана (объект емес), əкімшілік (администрация емес), пайыз 

(процент  емес),  шəкіл  (шкала  емес),  зейнетақы  (пенсия  емес),  зейнеткер  (пенсионер 



емес), мердігерлік (подряд емес). 

 

 

335 



Бұл  дегеніміз  кейбір  терминдердің,  шетелдік  сөздердің  қазақ  тіліне  аударылып 

қоолдану  мүмкіндігін  жоққа  шығармайды.  Керісінше  тіліміздің  сөзді  қоры  кеңейіп, 

кемелденуінің белгісі екенін көрсетеді. 

Қазақ  тілінде  кездесетін  осы  сияқты  сөздер  тілдердің  өзара  əсерінен  пайда 

болады.  Тəуелсіздік  алған  уақыттан  бері  ұлттық  құндылықтарымызға  қайта  үңіліп, 

тіліміздің  өзіндік  болмысын  тарихи  тұрғыдан  тану,  сөйлеу  мəдениетін  көтеру,  тіл 

тұғырын  берік  ұстау  міндеті  бүгінгі  күннің  келелі  мəселерінің  бірі  болып  отыр. 

Болашақта  жаһандану  үдерісінде  елдігімізді  сақтап  қалу  үшін  ана  тіліміздің 

мəселелеріне  ерекше  көңіл  бөлу  керек.  Сондықтан  қазақ  тіліндегі  шетел  сөздерінің 

соның ішінде, əсіресе ағылшын тілінің элементтеріне саралау қажет деп ойлаймаз.  

 

 

 



Əдебиет: 

1.  Исланова А. Шетел сөздердің белгілері мен деректері. А., 2003 - 34б. 

2.  Балақаев М. Б.  Қазақ əдеби тілі жəне оның нормалары. Алматы: Ғылым баспасы, 1984.  267 б. 

3.  Қызырова  Ə.М.  Ағылшын  кірме  сөздерінің  қазақ  тіліндегі  ассuмиляция  үдерісі. 

Канд.дисс.автореф. –Алматы, 2007. 25 б. 

4.  Уəлиұлы Н.У. Қазақ сөз мəдениетінің теориялық негіздері. А., 2007 

5.  Қалиев  Ғ.,Болғанбаев  Ə.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен  фразеологиясы.  Алматы, 

2006. 259 б. 

6.  Омарова А.Қ., Шыныбекова А.С. Қазақ тілі. Алматы: Бастау, 2003. 127 б. 

 

 



 

ƏОЖ 81’ 

 

ТІЛДЕГІ ГЕНДЕР МƏСЕЛЕСІ 

(мақал-мəтелдер негізінде) 

 

Хамзина А.Ж., Хамзина Г.С. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 

 

Тіл арқылы адамзат өзінің сан ғасырлар бойы басынан кешкенін нақтылап айтсақ, 

ұлттың  белгілі  бір  кездегі  дүниетанымын,  айналадағы  құбылыстарды  түйсініп-

қабылдауын, адамзат өмірінде болатын нақты бір жайттарға оң немесе теріс баға беруін 

жəне т.б келер ұрпағына айшықты сөз тіркестері  арқылы көрсетеді. Осындай айшықты 

сөз тіркестері  қатарына тілдегі фразеологизмдер, қанатты сөздер мен мақал-мəтелдер 

жатады. 

Мақал-мəтелдер-өз мазмұнына тоқсан ауыз сөздің  тобықтай  түйінін сыйдырып, 

ерекше  мəнге  ие,  өнеге  мен  ғибратқа  толы,  адам  өмірінде  сан  қилы    қатынастарға, 

жайттарға астарлы түрде баға беретін халықтың асыл мұрасы. 

Мақал-мəтелдер ХХІ ғасыр тіл білімінде антропоцентристік бағытта қарастырыла 

бастады.  Академик  Ə.Қайдар  қазақ  паремиологиясының    антрополингвистикалық 

бағыттағы дербес пəн ретінде қалыптасуының  теориялықт тұжырымдамасын негіздеді. 

Бұл  бағытта  жазылған  жұмыстарға  антрополингвистикалық  аспекті  бойынша 

К.Тоқтыбаеваның  «Əлем  халықтарының  мақал-мəтелдерінің  гендерлік  қыры»  атты 

ғылыми 


еңбегін, 

Ш.П.Қарсыбекованың 

қазақ 

тіліндегі 



мақал-мəтелдерді 

антропоцентристік  бағытта  ғылыми  тұрғыдан  жүйелеу  принциптерін  ұсынып,  оларды 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет