Литература Светлана Поленина Международно-правовая защита прав женщин: принцип



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі331,72 Kb.
#5563
түріЛитература

43 

Литература 

1.Светлана  Поленина  Международно-правовая  защита  прав  женщин:  принцип 

универсальности и культурного разнообразия. Законодательство и практика. 2009 №6-7  

2.Иванова  Э.  Международное  право  и  национальное  законодательство  о  равноправии 

женщин //  Законодательство и практика. 2004 №1  

3.Гендерные  вопросы  в  сфере  права  //  Проблемы  конституционализма.  Сборник 

научных трудов под ред. Е.И. Гаповой, Минск, 1998.  

4.Словарь  гендерных  терминов  /Под  ред.  А.А.Денисовой/  М.:  Информация  –  XXI  век, 

2002. 

 

 



Молдабекова Н.С., 

Педагогика ғылымдарының кандидаты 



Бектенова Э.Е. 

Магистрант, «Сырдария» университеті, ҚР 



ӘЛІППЕНІ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ                                 

ТАРИХЫНА ШОЛУ 

Резюме: Обзор истории методов обучения, используемых для преподавания основ  

Summary: Review the history of teaching methods used to teach the basics of learning 

 

Бастауыш  саты  –  бұл  оқушы  тұлғасы  мен  санасының  қарқынды  дамитын  құнды, 



қайталанбайтын  кезеңі.  Сондықтан  бастауыш  мектеп  –  оқушыны  тұлға  етіп 

қалыптастырудың  алғашқы  баспалдағы.  Президент  жолдауында:  «Ұлттың  бәсекеге 

қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» – деген байламы жеке адамның 

құндылығын  арттыру,  оны  дайындайтын  ұстаз  жауапкершілігінің  өсуі,  тынымсыз  еңбек, 

сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.  

Сауат ашудың әліппе кезеңін оқыту мәселесінің тарихи қалыптасуында Ы.Алтынсарин, 

А.Байтұрсынұлы,    Е.Омарұлы,  С.  Кеңесбаев,  Ә.  Садуақасов,  Ғ.  Бегалиев,  М. 

Жұбановалардың еңбектерін ерекше атап көрсетуді қажет етеді. Себебі аталған ғалымдардың 

еңбектері  бірінші  сыныпта  сауат  ашуды  оқытуда  ғана  емес,  жалпы  қазақ  тілін  оқыту 

әдістемесінде елеулі орын алады. 

Қазақ балаларына арнап қазақша сауат ашу оқулықтарын жасау ісі  данышпан педагог 

Ы. Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты.  Ы. Алтынсарин: «Мектеп - қазақтарға бiлiм 

берудiң  басты  құралы.  Бiздiң  барлық  үмiтiмiз,  қазақ  халқының  келешегi  осында,  тек  осы 

мектептерде  ғана»,  [1]  –  деп  қазақ  елінің  өркендеуі  мен  дамуы  оның  білім  беру  жүйесімен 

тығыз  байланысты  екенін  ерте  кездің  өзінде  -  ақ    көрсеткен  болатын.  Ғалым  қазақ 

балаларына  арнап  алғашқы  «Қырғыз  хрестоматиясы»,  «Қазақтарға  орыс  тілін  үйретудің 

бастауыш  құралы»  және  «Мактубатты»    жазып,  қазақ  балаларының  сауатын  ашуда 

дидактиканың  соңғы  жетістіктерін  орынды  қолданған.  Ы.  Алтынсарин    «Қазақ 

хрестоматиясында»  қазақ  дыбыстарын  орыс  әріптерімен  таңбалап,  қазақ  тілінің  төл 

алфавитін жасауға ұмтылды.  

 ХІХ  ғасырдың  орта  тұсынан  бастап  патшалық  Ресейдің  бұратана  халықтарды 

орыстандыру  саясатының  кең  тарауынан  орыс  тілінің  графикасын  ана  тіліне  негіздей 

отырып,  ұлт  мектептерін  көптеп  ашу  жұмыстары  жүргізіле  бастады.  Сол  жылдары    орыс 

ғалымдарының  осы  мәселе  бойынша  бірнеше  мақалалары,  әдістемелік  құралдары  мен 

әліппелері  баспадан  жарыққа  шықты.  Алғаш  бұл  мәселені  В.В.  Григорьев  Н.И. 


44 

Ильминскийге  жазған  хатында  баяндады.  В.В.  Григорьев  аталған  хатында  қырғыз  (қазақ) 

балаларына  орыс  тілінің  дыбыстық  жүйесін  қырғыз  (қазақ)  тілінің  дыбысталу 

ерекшеліктеріне қарай беру мәселесін жан - жақты баяндаған. В.В. Григорьев орыс тілі мен 

қазақ  тілінің  артикуляциялық  жағынан  ұқсас  дыбыстарын  бірінші  кезекте  беріп,  кейінірек 

орыс  тілінің  өзіндік  дыбыстарын  беру  керек  деген  тұжырым  айтады.  Бұл  қазақ  балаларын 

орыс тіліне үйретудің ең тиімді және оңай жолы екенін көрсетеді [2]. 

А.В.Васильевтің  «Әліппесі» А.Е. Алектровтің еңбегіне  қарағанда көлемі  жағынан да, 

үйретілетін    қазақ  тілінің  дыбыстарының  саны  жағынан  да  қомақты.  А.В.  Васильев  қазақ 

тілінің  29  дыбысын  игертуді  көздеген.    Дыбыстарды    рет    жағынан  меңгертуде    А.Е. 

Алектровтың  оқыту  әдісін  қолданып,  орыс  тілі  мен  қазақ  тіліне  ортақ  дыбыстарын  және 

қазақ тілінің  ашық дауысты дыбыстарын бірінші  оқытып, екінші кезекте қазақ тіліне ғана 

тән    дыбыстар  мен  шұғыл  дауыссыз  дыбыстарын  оқытқан.  Сонымен  қатар,      А.В.  

Васильевтың «Әліппесінің» өзіндік ұтымды жақтары да бар.  Солардың бірі ─ А.В. Васильев 

ұсынған  дауысты  дыбыстардың  ашық  -  қысаң,  жуан  –  жіңішкелігіне  қарай  және  дауыссыз 

дыбыстардың қатаң - ұяң болып келетін  варианттылығына сай меңгерту әдісі. Мысалы, «б» 

мен «п»  дыбыстарын салыстыра отырып бар және пар сөздерін, «қ» және «ғ»  дыбыстарын 

ақ,  аға  сөздерін  салыстыру  арқылы,  «т»  және  «д»  дыбыстарын  ат,  дала  сөздері  арқылы 

меңгертуге ұмтылған, сонымен бірге А.В. Васильевтың  «Әліппесі»  қазақ тілінің ықшам әрі 

мәнді сөздерін молынан беруімен де ерекшеленеді. 

Қазақ  балаларының  сауатын  ашу  тарихын  сөз  еткенде  ХХ  ғасырдың  алғашқы 

онжылдығында баспадан жарық көрген араб тілінің графикасына  сүйенген М. Нұрбаевтың 

«Әліппесін»/1910 ж./, З. Ерғалиұлының «Қазақ әліппесін» / 1910 ж./, М. Малдыбаев және Ж. 

Андамасовтардың «Қазақша ең жаңа әліппесін» / 1912/, Ғ. Дүйсенбаевтың «Қазақша ең жаңа 

әліппесін»  /  1912/,  Қ.  Сәрсекеев  және  А.  Арабаевтардың  «Алифба  яки  төте  оқу»  /1912/,  Қ. 

Серғалиннің «Қазақша әліппе кітабы» /1913/ атты еңбектерін ерекше атап өту қажет. Себебі, 

көрнекті    ғалым  –  ұстаздардың  қазақ  балаларын  сауаттандыру  мәселесінің  маңызына көңіл 

бөлгенінің,  сауат  ашу  ісінің  қазақ  халқының  келешегіндегі  рөлін  ойлауының  өзі  олардың 

ұлтжандылығын аңғартады.  

Сол  кезеңдегі  басқа  әліппелерге  ұқсамайтын,  өзіндік  қолтаңбасымен  ерекшеленетін 

әліппелердің  біріне  -  Қ.  Серғалиннің  «Қазақша  әліппе  кітабын»  [3]  жатқызуға  болады.  Қ. 

Серғалин  қазақ  тілінің  дыбыстары  мен  буындарын  күнделікті  ауызша  сөйлеу  тілімен 

байланыстырған.  Автордың  сауат  ашу  кезеңінде    оқушылардың  тек  сауатын  ашып  қана 

қоймай,  сонымен  қатар  олардың  ауызша  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыруға  ұмтылғаны 

байқалады [4].        

  А.Байтұрсынұлы  –қазақ  тіл  білімі  мен  әдістемесінің  негізін  қалаған,  осы  бағытта 

ерекше еңбек сіңірген ұлы ғалым. Ол араб графикасына негізделген жаңа, сол кезеңдегі қазақ 

алфавиті мен емлесін жазып, балалардың сауатын ашудағы  «Әліпбидің»  қызметіне ерекше 

тоқталады.  Бұл  тұрғыда    А.  Байтұрсынұлы  былай  дейді:  «Әліпби  деген  –  тілдің  негізгі 

дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған 

дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, соғұрлым әліп-би жақсы 

болмақшы. Олай болса, әліп - би сынға түсіп, жақсы – жаман жағы тексерілуге әбден келетін 

нәрсе  болып  шығады.  Қазақ  алдақашан  тілінде  қандай  дыбыстар  бар  екенін  айырған,  әр 

дыбысқа  арнап  таңба  арнаған.  Оқуымызға  онымыз  жақсы,  үйрету  жағынан  орыстікінен, 

немістікінен, француздікінен, ағылшындікінен оңай... мұны ешкім бекер деп айта алмайды» 

[4,17]. 


  А.  Байтұрсынұлының  жаңашылдықпен  түзген  бұл  нұсқасы  күллі  түркі  әлеміндегі 

мәдени-рухани  мақтаныш  етуге  тұрарлық  оң  өзгеріс  ретінде  қабылданды.  Бұл  жөнінде 

орыстың  атақты  ғалымы,  полиглот  Е.Д.  Поливанов  өзінің  «Жаңа  қазақ-қырғыз 


45 

\Байтұрсынұлы\  емлесі  »  атты  зерттеуінде  былай  деп  жазды:  «Эту  последнюю  форму, 

которую приняла казак – киргизская графика в 1924 году, во всяком случае, считаю уже не 

нуждающейся  в  исправлениях  и  представляющей  последний  шаг  в  историческом 

формировании  национальной  графики,  которым  с  полным  правом  могут  гордиться 

киргизские (казахские) деятели просвещения – создатели реформы как крупным культурным 

завоеванием». 

Ғалымның  оқушылардың  сауатын  ашу  мәселесіне  қатысты  бірнеше  оқулықтары  мен 

мақалалары,  әдістемелік  құралдары    жарық  көрді.  Қазақ  балаларының  сауатын  ашуға 

арналған    «Оқу  құралы»  еңбегі  алғаш  1912  жылы  Орынбор  қаласында  басылып,  1912-1925 

жылдар  аралығында  жеті  рет  қайта  шыққан.  Бастауыш  мектепке  қатысты  сол  замандағы 

жаңа  талаптарға    сай  1925  жылы  ескі  «Оқу  құралының»  орнына  өңделген    «Жаңа  әліп-би» 

атты оқулығы жарық көрді. Онда мынадай жаңалықтар байқауға болады: 

1.

 



Сөйлеу мен ойлауға дағдыландыратын ойын түрлері кеңінен қолданылған. 

2.

 



Кеспе әріптермен жүргізілетін жұмыстар көрсетілген. 

3.

 



Жаңылтпаш пен мазмұнды мәтіндер кеңінен орын алған. 

4.

 



Оқулықта мұғалімдерге арналған әдістемелік кеңестер беріліп отырған. 

5.

 



«Қисындау  (ермек-еңбек)»  ойыны  арқылы  белгілі  бір  ойды  білдіретін  сөйлем 

жасатып, оны жаздыру, одан мәтін құрастыруға үйреткен. 

6.

 

«Сын  атына  зат  аты»  тапсырмасы  арқылы  сын  аттарына  үйлесетін  сөз  жазу 



жүргізілген. 

7.

 



Әрбір  дыбысты  өткен  соң,  оны  пысықтау  үшін  оқушыларға  мәтін  құрауға 

«Қайсысын қайда қою»,  «Қолайына қарай, қос сөйлемнен қою»,  «Қайсысын қалай қоясың» 

тапсырмалары арқылы үйретеді. 

8.

 



Әліпбидегі  барлық  әріптерді  оқып  болған  соң  оқу  –  жазу  дағдыларын  бекіту 

мақсатында қысқа әңгімелер берілген. Олар негізінен мектеп өмірінен алынып отырған. 

9.

 

Оқулықтың  соңындағы  әңгімелерде  балаларды  тазалыққа,  адамгершілікке,  ізгілікке 



тәрбиелеу  мақсатында  «Ойнаңдар!  Ойлаңдар!»  тақырыбында  мысалдар  мен  мақал  – 

мәтелдер берілген. 

10.

 

 Оқулықта  әр  түрлі  тақырыптағы  суреттер  молынан  кездеседі.    Сонымен  қатар 



ғалымның  бастауыш    мектепке  қатысты  «Қай  әдіс  жақсы?»,  «Жалқылау  (айырыңқы)  әдіс», 

«Жалқылаулы- жалпылаулы  әдіс» және т.б. мақалалары мен  «Баяншы»,  «Тіл  жұмсар»  атты 

әдістемелік құралдары күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ.  

 Ғылыми  жұмыстың  бұл  тарауында  тек  А.  Байтұрсынұлының      тақырыпқа  қатысты 

мақалалары мен әдістемелік құралдарын, оқулықтары талданды. 

  «Оқу құралы»  а, р, з әріптерін танытудан басталып, барлығы 24 дыбысты меңгертуге 

арналған.  А.  Байтұрсынұлы  «Оқу  құралында»  берілген  материалдарды  сол  жылдардағы  ең 

озық  тәжірибелерге,  алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  шығармаларға  сүйене  отырып,  қазақ 

балаларының  ұлттық  санасына,  жас  ерекшеліктеріне  сай  түзген.  Мұны  ғалымның  мына 

сөзінен  байқауға  болады:  «Үйрену  һәм  үйрету  ең  басында  қиын.  Балалар  оқудың  басында 

(яғни, сауат ашу кезеңінде) қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып, мұқалмайды; 

оқуға  ықыластанып,  оқыған  сайын  қызығады.  Үйретушінің  де  жігері  құм  болмай,  ісі  ілгері 

оңай жылжыған сайын, көңілденіп оқытуға  шабыттанады. Оқу басында қиын болса, балалар 

миға  (ұйыққа)  түскен  мал  сықылды,  малтығып  жылжи  алмай  қиналады,  үйретуші  сүйреп 

шығара  алмай  қиналады.  Екі  жағының  да  жігері  кеміп,  шабыты  болмайды.  Шабыттанып 

істемеген іс оңды да болмайды»[4, 323]. 

А. Байтұрсынұлы - бастауыш мектеп оқушыларының сауатын ашу мәселесінде ерекше 

жаңалық  әкелген  ғалым.  Ол  сауат  ашуда  қолданылатын  түрлі  әдістерді  саралай  келе,  қазақ 

тілінің дыбыс заңдылықтарына сай келетін әдісті айқындаған ғалым.  


46 

  Ол,  біріншіден, ғалымның балалардың сауатын ашу жұмыстарын жетілдіруде негізгі 

жаңалығы  дыбыстық  жалқылаулы  -  жалпылаулы  әдісті  қазақ  топырағында  қолдану 

жолдарын  анықтаған.    А.  Байтұрсынұлы  сауат  ашуда  қазақ  халқының    тілінің  төл 

табиғатына,  қазақ  балаларының  ұлттық  сана  -  сезіміне  сай  келетін    ұтымды    әдістерді 

саралап,  олардың  пайдалану  жолдарын  көрсеткен:  «Әдіс  -    керектіліктен  шығатын  нәрсе. 

Әдістің  жақсы  -  жаман  болмағы  жұмсалатын  орнының  керек  қылуына  қарай.  Мәселен, 

сауаттау  әдісін  алсақ,  бір  жұрттың  сауаттау  ісіне  қолайлы  болған  әдіс,  екінші  жұрттың  да 

сауаттану  ісіне  қолайлы  болуға  тиіс  деп  айтуға  болмайды.  Екеуінің  тілінің  заңы,  емлесінің 

жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс екіншісіне де қолайлы болуы мүмкін. Егер 

де  тілінің  заңы,  емлесінің  немесе  әрпінің  жүйесі  басқа  болса,  онда  біріне  жақсы  болған 

сауаттау әдісі екіншісіне де жақсы болады деп ешкім айта алмайды» [4, 357].  

  Ғалымның  пікірі  бүгінгі  күнге  дейін  өз  құндылығын  жоғалтқан  жоқ.  Қазіргі  кезеңде 

қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінде  әлемдік  педагогиканың  озық  үлгілері,  жаңа  инновациялық 

технологияларды қолдану жұмыстары жедел қарқынмен жүруде. Бұл қазақ елі балаларының  

білім деңгейін  әлемдік, халықаралық талаптарға сәйкестендіруден туындап отыр. Бірақ бір 

елдің алдыңғы озық оқыту технологиясы қазақ елінің ұлттық ерекшелігіне, салт  - дәстүріне 

сай  келмеуі  де  мүмкін.  Сондықтан  оқыту  үдерісінде  жаңа  инновациялық  технологияларды 

іріктеу ісі аса білімділікті, қырағылықты талап етеді. Жұмыста сауат ашудың әліппе кезеңін 

оқытуды жетілдіру  жұмыстарын жүргізу барысында А. Байтұрсынұлының жоғарыда айтқан 

пікірлерін негізгі ұстаным етіп алынды. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1.

 

Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. Оренбург, 1879ж.   



2.

 

Григорьев  В.В.  О  передаче  звуков  киргизского  языка  буквами  русского  алфавита 



/письмо  Н.И.  Ильминскому/.  Ученые  записки  императорского  казаньского  университета, 

выпуск ІІ, 1869 г. 

3.

 

Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы:. Ана тілі, 1992, -448 б. 



4.

 

 Поливанов  Е.Д.  Новая  казак-киргизская  (Байтурсуновская)  орфография.  (Спорные 



вопросы  киргизской  графики  и  орфографии)  \\  Бюллетень  Среднеазиатского 

государственного университета.- Ташкент, 1924. – Вып. 7// Ұлттық рухтың ұлы тіні. Ғылыми 

мақалалар жинағы (қазақ, орыс, ағылшын т.б. тілдерде).- Алматы: Ғылым. 1999.- 53 б. 

 

 



магистр педагогических наук Сейсенбаева Г.М.,  

магистр педагогических наук  Назарбекова А.К. 

университет «Сырдария», (Республика Казахстан) 



ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ТЕХНИЧЕСКИХ СРЕДСТВ ДЛЯ УЛУЧШЕНИЯ УЧЕБНОГО 

ПРОЦЕССА И ОБЕСПЕЧЕНИЯ ГЛАВНЫХ СОСТАВЛЯЮЩИХ МЕТОДИКИ  

ПРЕПОДАВАНИЯ 

Современный  этап  развития  техники  характеризуется  переходом  к  созданию 

многофункциональных  учебных  комплексов  и  автоматизированных  обучающих  систем  на 

базе  ЭВМ.  Такие  комплексы  и  системы  обладают  универсальными  дидактическими 

возможностями:  они  позволяют  вести  обучение  в  диалоговом  режиме  с  учетом 

индивидуальных  возможностей  обучаемых,  обеспечивать  дистантное  обучение  с 

использованием  современных  технологий.  В  процессе  обучения  иностранным  языкам  в 

современной средней школе используются  светотехнические и звукотехнические средства.  


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет