Литосфера: жердің тас қабаты Литосфера неден тұрады



бет2/3
Дата27.09.2023
өлшемі18,44 Kb.
#110874
1   2   3
Байланысты:
7 сынып №3 Физикалық география Литосфера

Тақталар жылына қанша см-ге ығысады: 2-5 см

  • Материктердің жүзіп жүру мүмкіндігі туралы болжамның негізін қалаушы: А.Вегенер

  • Континенттік дрейф гипотезасы: материктердің көлденең бағытта қозғалуы

  • Мұхиттық жер қыртысында жоқ қабат: гранитті қабат

  • Орталық мұхиттық жоталардың ұзындығы: 60000км

  • Мұхиттық ойыстардың базальтты қабаты мұхиттың ортасында қалыптасып, жан-жаққа және шетіне қарай ығысатындығын дәлелдеді: Г.Хесс, Р.Диц

  • Гималай тауы түзілді:Үндістан мен Азия тақталарының түйісуінен

  • Спрединг: мұхит түбінің кеңеюі

  • Субдукция: жер қыртысының жаңа тегі құрылып жатқанда, планетаның басқа бір аудандарында литосфераның кейбір блоктары төмен түсіп, мантия қабатындағы заттармен араласуы

  • Жер қыртысының, ауқымды өте қозғалмалы ұзына бойы созылған бөлігі: геосинклиналь

  • Платформалардың түрлері: ежелгі және жаңа

  • Геосинклинальды аймақтағы баяу тербелудің аумағы созылады: 10-12км

  • Сібір платформасында кездесетін қалқандар: Анабар, Алдан

  • Катаклизм: жойқын апатты жағдай

  • Катаклизмге жатады: жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, цунами

  • Жер бетінде сағат сайын неше жер сілкінісі болады: 10-ға жуық

  • Жер қыртысының терең қойнауындағы кенеттен күш алып қозғалатын жері: жер сілкінісінің ошағы

  • Сейсмикалық белдеулер түрлері: бойлық және көлбеу

  • Эпицентр: дүмпудің жер бетіне шығатын жері

  • 1908ж болған жер сілкінісі: Сицилиядағы Мессина қаласының жермен жексен болуы

  • Арменияның Спитак қаласындағы жер сілкінісі қашан болды: 1988ж

  • Қазақстанның территориясында соңғы жылдары болған жер сілкінісі: Жамбыл облысы, Құлан стансысы – 2003ж



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет