тамырларына еніп және оның беткі қабаты арқылы басқа мүшелерге
таралады. Бұл көрініс қалай аталады?
МЕТАСТАЗ
586. Ісік бір немесе одан да көп жасуша ағзаның бақылауынан шығып,
бөліну жылдамдай бастағанда пайда болады. Жасуша бөлінуінің
ағзаның
бақылауынан шығуын сипаттайтын ісіктің қасиеті қандай?
АВТОНОМДЫЛЫҒЫ
587. Метастазданған ісіктерде көбінесе бірнеше типті жасушалар кездеседі.
Бұл бір бастапқы жасушадан пайда болған жасушалар. Осы қатерлі ісікке тән,
қасиетті анықтаңыз
Моноклоналдылығы
588. Жасушада терең өзгеріске ұшырап, қатерлі ісік жасушаларының
инвазивті өсуіне және метастазға әкелетін ісік жасушасының қасиеті
онкогенездің қай сатысына сай келеді:
Прогресия
589. Қандай фактор адам қалының (қатерлі емес ісік) түсінің
өзгеруіне себеп
болады?
Физикалық УК сәулесі
590. Әрбір адамда жасушалық циклдың өзінің
гендер жиынтығы бар, оның
әрқайсысы жасушалық циклдың ақуызын кодтайды. Жасушалық бөліну
үрдісін бақылайтын гендер қандай гендер тобына жатады?
Реттеуші
591. Талассемия – гемоглобинопатия, гемоглобиннің синтезіне байланысты
туындайтын тұқым қуалайтын аурулардың ішіндегі жиі кездесетін тұқым
қуалайтын ауру түрі. B-талассемиямен ауратын науқастың
В-глобин тізбегінен
мутацияға
ұшыраған ген, ГАГ----- глутамин (норма)----- ГТГ------ валин (мутантты ген)
табылған. Мутантты генді қандай зерттеу әдісі бойынша анықтауға болады?
SSCP
592. Бұл молекулалық-генетикалық зерттеу in vitro жағдайында аурудың
клиникалық белгілері жарыққа шықпай жасырын тұрған кезде-ақ инфекция
қоздырғыштарының генетикалық
материалын анықтап, ауруға нақты диагноз
қоюға мүмкіндік береді. Бұл жағдай қандай зерттеу әдісімен анықталынады
Пцр
593. Бұл әдістің артықшылығы: универсальдылығы, арнайлылығы, жоғары
сезімталдығы, тез жүргізуге болатындығы, әрі осы әдіс арқылы ауру
қоздырғыштарында анықтауға болады. Осы әдісті анықтаңыз:
Пцр
594. Генетикалық аурудың себебі болып
табылатын нақты мутацияны
анықтау үшін ДНҚ нуклеотидтер қатары жайлы ақпаратты білмей тұрып
геномда кодталған аминқышқылдарының қатары жайлы ақпаратты болжау
мүмкін емес. ДНҚ тізбегінің нуклеотидтер қатарын анықтауға мүмкіндік
беретін әдісті атаңыз
Достарыңызбен бөлісу: