Боөж-3 Реферат
Орындаған:Каракулов Ауезхан
Тобы:203А
Қабылдаған:Қазына Сайлаубек
Тақырыбы: Антиденелер: класстары, құрылысы, сипаттамасы
Жоспар:
Антигендердін типі мен касиеттері
Иммуноглобулин курылысы
Иммуноглобулиндер класстары мен олардың қасиеттері
Антидене – қан сарысуының белогы (гликопротеиндер), антиген енгенде жауап ретінде пайда болады және сол антигендермен спецификалық байланысқа түседі. Антидене - γ – глобулиндер, оларды иммуноглобулиндер деп атайды.
Организмдегі антидененің қызметі:
Антигеннің комплементарлы құрылымын бейтараптау арқылы антигенмен өзара байланысу.
Иммундыкомпетентті жасушалардың кооперациясын қамтамасыз ету.
Организмнің әртүрлі қорғаныш реакцияларына қатысу (комплементті белсендіру, фагоцитозға – опсондаушы әсер, аллергияға, иммунологиялық ес пен толеранттыққа).
Антитоксикалық әсер.
Цитотоксикалық әсер.
Иммунды реттегіш қасиет.
Айналымдағы иммунды кешендерді түзуге қатысады.
Қазіргі жағдайда барлық антиденелер нәруыз болып табылатыны белгілі.Сонымен қатар, олар иммуноглобулиндерге жататын арнайы ақуыздар болып табылады.Адамда иммуноглобулиндердің 5 негізгі кластары бар: G,M,A,D,E.
Ig G – молекулалық массасы-160000 (дальтон); белсенді орталығы-2; сарысулық Ig-дің -70%; плацента арқылы өтеді; жартылай ыдырау кезеңі -3 апта; негізгі қорғаушы АД.
Ig M – молекулалық салмағы-900000; активті орталығы5; сарысулық Ig-ің - 7-8%; жартылай ыдырау кезеңі -5 күн; АГ-ге қарсы ең алғашқы пайда болатын АД; күшті агглютининдер және комплементті белсендіретіндер.
Ig А – молекулалық салмағы-170000-350000; активті орталығы-2-6; сарысулық Ig-дің 15%, секреторлық – 80%; жартылай ыдырауы-6 күн; шырышты қабаттарда жергілікті қорғау қызметін атқарады.
Ig E – молекулалық салмағы-200000; активті орталығы-2; сарысулық Ig-дің 0,02%; жартылай ыдырау кезеңі -2 күн; ЖСЖТ (ГНТ-аллергия) дамытуға қатысады; өте жоғары цитофилдік қабылеті бар (Ig E-нің Fc фрагменті
рецепторлары бар семіз жасушаларға, базофилдерге жабысу).
Ig D – молекулалық салмағы-180000; активті орталығы-2; сарысулық Ig-дің – 0,2%; жартылай ыдырау кезеңі -3 күн;аутоиммунды процестерге қатысады; лимфоциттердің рецепторлары.
Антиденелердің құрылысы. Толық емес антиденелер.
Антиденелердің молекулалық құрылысы жайлы айтатын болсақ иммундыглобулиндер гликопротеиндерден тұрады . Олардың молекулалары сахаридтердің қалдықтарымен тұрақталған , бірімен - бірі қосылған бірнеше полипептидтік тізбектен құралады . 60 ° С градус температурадан жоғары қыздырғанда антиденелер ыдырайды . Иммундыглобулиндер бірінен бірі құрылысымен , антигендік құрамымен және атқаратын міндетімен ажыратылады . Иммундыглобулин молекуласының құрылысы жан - жақты зерттелген . Егерде иммундыглобулиннің молекуласын меркаптан - 2 - мен өңдесе ол қосақталған екі тізбекке бөлінеді : екі ауыр - ( молекулалық салмағы 50 кДа ) және екі жеңіл ( молекулалық салмағы 20-25 кДа ) . H ( ағылшынша heavy ауыр ) , L ( ағылшынша light - жеңіл ) тізбек . Ауыр және жеңіл тізбектер бірімен бірі қосақталған дисульфитпен ( -S - S- ) байланысады . Иммундыглобулиннің жазықталған жан - жақты жеке құрылысы мономер деп аталынады . Ауыр тізбектің арасында да « топсалы учаске » деп аталатын дисульфиттік байланыс бар . Айтылған учаске иммундыглобулинге тиісті жағдайға сәйкес іс атқару мүмкіншілігін туғызады . Ол учаске комплементтің сi бөлiгiмен байланысқа жауапты болып , комплементтің классикалық жолмен белсенуіне себепкер болады . Иммундыглобулиннің ауыр және жеңіл тізбектерінің құрылысының бірнеше нұсқалары бар . Нұсқа түрі иммундыглобулинiң құрамындағы аминқышқылдарының орналасуына байланысты . Жеңіл тізбектің каппа ( k ) және лямбда ( 2 ) деген екі типі , ауыр тізбектің альфа ( а ) , гамма ( Y ) , мю ( р ) , эпсилон ( е ) және дельта ( d ) деген бес типі болады . Ауыр тізбектің түрлерінің ішінде түбтиптері бар ( мысалы альфа -1 , альфа - 2 , не гамма түрдің 4 типшелері бар ) .
Иммундыглобулиннің полипептидтік тізбектері домендік құрылыстан тұрады , яғни олардың кейбір учаскесі домаланып бүктелінген ( домен ) . Домендер бір бірімен жазықты фрагменттермен жалғас тырылған . Ауыр тізбектегі домендердің саны 4-5 , ал жеңіл тізбектегі -2 . Әрбір домен 110 аминқыш Қылының қалдығынан тұрады . Домендер бірінен бірі аминқышқылының құрамының тұрақтылығымен ажыратылады . Соның негізінде олар аминқышқылының құрамы өзгермейтін C - доменге ( ағылшыннан соnѕtаnt - тұрақты , үнемі ) және ауыспалы құрамды V домендерге ( ағылшыннан variable - тұрақсыз , өзгергіш ) бөлінеді .
Ауыр тізбектің кұрамына бір V домен және 3-4 C домен кірсе , жеңілде - бір бірден V және С домен болады . Сонымен қатар өзгергіш домендердің аминқышкылдық құрамының барлығы бірдей өзгермейді , тек қана 25 пайызы өзгеріп отырады . Ондай бөлімді гипервариабелдік ( гиперөзгеріштік ) аймақ дейді . Ауыр және жеңіл тізбектердің өзгерiштiк домендері қосылып антигенмен спецификалық байланысқа түсетін учаске құрады . Ол иммунды глобулиннің антиген байланыстырушы орталығы не параптоп деп аталады .
Гиперөзгеріштік аймақтар паратоп касиеттерінің дербестік ерекшелігін анықтайды . Егерде иммундыглобулиннің молекуласын ферменттермен өнесе олардың элекуласы белгілі фрагменттерге бөлінеді . Мысалы , иммундыглобулинді папаин ферментімен өңдегенде , ол оны « стопсалы » учаскесінен жоғары жаткан жерінен ыдыратып үш бөлікке жіктейді . Оның екеуі антигенмен спецификалық байланыска түсе алады . Ол Fab фрагменттер ( ағылшын тілінен — « антигенмен байланысатын фрагмент » ) Үшінші фрагменттің кристалға айналатын мүмкіншілігі болғандықтан Ес ( ағылшын тілінен « кристалға айналатын » ) деп аталды . Ол фрагмент макроорганизм якасушаларының мембранасындагы Ғс - рецепторлар – кейбір микробтык суперантигендермен байланысқа түсуіне жауапты . Пепсин ферменті иммундыглобулинді « топсалы » учаскесінен төмен жерін ыдыратып екі фрагмент тугызады : Fc және екі мүшелі Fab немесе F ( ab ) 2 2
Жоғарыда келтірілгеннен басқа , иммундыглобулиннің құрамында қосымша полипептид тізбегі болуы мүмкін ( мысалы J - пептид , ағылшыннан join — қосамын ) . Олар бірнеше мономерді бірге қосып ірі молекула құрады және полимерлік иммундыглобулинді секреторлық түрге айналуын қамтамасыз етеді .
Секреторлық иммундыглобулиндердің қансарысулық түрден айырмашылығы – оның құрамында ерекше S - riептид ( ағылшыннан- secret - секрет ) бар . Ол секреторлық компонент деп аталады және гаммаглобулиннен тұрады . Бұл пептид иммундыглобулиннің эпителиялық , жасушалардан , органдардың санлауына өтуіне әсер етеді және оларды шырышты қабықтың ферменттік қорытылуынан сақтайды .
В - лимфоциттердін , плазматикалык жасушалардың цитоплазматикалык мембранасында орналасқан рецепторлык иммундыглобулиндердің құрамында қосымша гидрофобты трансмембранды М- пептиді ( ағылшыннан membrane – мембрана ) бар . Ол өзінің ерекше қасиеттері арқылы рецепторлық сигналды штоплазмалық мембранадан жасушаның ішіне өткізуге себепкер болады . — ясане М - тегтидтер биосинтез процесі жүрген кезде иммунды глобулиндерге қосылады . Ѕ - пептид эпителиялык жасушалардың есімі болып келіп , эпителиялық жасушалардан иммундыглобулиндерге транслокация кезінде қосылады.
Толық антидене деп агглютинациялык , не преципитациялық антигендердің бірнеше молекуласымен байланысып , көзге көрінетін макромолекулалы комплексті кұратындарды атайды . Оларга IgA мен IgG –ның кейбір полимерлік молекулалары . Толық емес деп - антигенмен байланыссада жоғарыда айтылған көрініс тудырмайтын антиденелерді Кейде аларлы преципитация тудырмайтын , не блоктайтын антиденелер дейді . Бұл көрініс себебі бірнеше салалы , соның ішінде , мысалы , антиген молекуласының антиденемен байланысатын детерминанттарынын жетіспеушілігі .
Антиденелер түзілу үрдісінің механизмдері. Жасушааралық кооперация. Жасушалар - антиденелердің өнімдері.
Антиденелер түзілу үрдісінің механизмдері:
1. Антигенді тану. Антиген макрофагпен жұтылады.
2. Сол антигенді Т-хелперлерге таныстыру.
3. Т – хелперлер антигенді таниды, активтейді.
4. Макрофаг беткейінің рецепторларымен байланысады.
5. В лимфоциттер антигенді таниды, активтеледі.
6. В – лимфоциттер жіктеледі, плазмоциттерден антидене синтезделеді.
7. Антидене мен антиген байланысады, комплемент жүйесі, макрофагтар, интерферондар белсенеді.
8. Бөтен текті антигендерді Т-хиллерлерге таныстыру, антигендер бұзылыстары.
9. Иммунды естегі Т - және В – жасушалардың индукциясы.
Антидене пайда болу үшін міндетті түрді кооперация немесе үш жасушаның өзара байланысының болуы анықталған: В- және Т-лимфоциттер, макрофагтар.
В - лимфоциттер барлық лимфоциттердің 15 пайызды үлесін құрайтын көбінесе эффекторлык иммунды жауатты жасушалар . Олар екі популяцияға бөлінеді : « әдеттегідегі » СД5 маркері жоқ және СД5 маркері бар B1 - лимфоциттер . Электрондық микроскоппен карағанда В - лимфоциттердің сырты бұдырланған , СД 19-22 маркерлері анықталатын жасушалар болып көрінеді . Антигенcпецификалык ( BCR ) жұмысты нммундытлобулиндердің ерекше мембраналық түрі атқарады . Жетілген В - лимфоциттер және сол тұқымнан тараған глазмоциттердін антилене бөліп шығаратындары болады . Олардың негізгі өнімі иммундыглобулиндер . В - лимфоциттердің функционалдық белсенділігін ерітілетін антигендер , T2 - хелпердің иммундыцитокиндері , макрофагтар мен тағы да басқа жасушалар басқарады
Т - лимфоциттер күрделі құрамнан тұратын жасуша тобы . Олар жілік майындағы полипотентті жүйелік жасушалардан басталып ары қарай алғашқы ( пре - Т - лимфоциттер ) элементтеріне дейін жетіліп түрге талданылады . Т - лимфоциттердің үлесі барлық лимфоциттетрдің 75 пайызы болады . Электрондык микроскоппен зерттегенде олар СДЗ және қой эритроциттерінің маркерлері бар жазық сыртты болып көрінеді . Т - лимфоциттер өзінің антигендік рецепторларымен ( TCR ) және де атқаратын іс бағытымен жеке топтарға бөлінуі мүмкін .
Қалыпты антиденелер немесе табиғи антиденелер-бұл адамның базальды деңгейін құрайтын әртүрлі спецификалық Ig сарысуының жиынтығы. Оларға изогемагглютининдер-антиденелер қан тобының эритроциттік антигендеріне (мысалы, АВ0 жүйесі), ішек тобының бактерияларының антигендеріне, кокктарға және кейбір вирустарға жатады. Бұл антиденелер организмде көрінетін антигендік ынталандырусыз үнемі пайда болады. Макроорганизмнің иммундық реакцияға дайындығын көрсетеді.
Эритроциттерде А және В агглютиногендерінен басқа бірқатар басқа изоантигендер болуы мүмкін. Оларда табиғи антиденелер жоқ, бірақ егер олар ағзаға енсе , қызыл қан клеткалары осы изоантигендерден айырылған болса, оларда иммундық топқа жататын антиденелер пайда болады. Иммундық антиденелер деп аталады, олар белгілі бір организмге жат антигендерге шығарылады. Мұндай антиденелердің пайда болуы қан құю кезінде агглютинацияны тудыруы мүмкін.
Антиденелер түзілуінің динамикасы. Біріншілік және екіншілік иммунды жауап.Иммунологиялық ес. Қалыпты және иммунды антиденелер.
Антидене өндірілуі уақытпен шектелген . Сонымен қатар , ол процесс олардың антигенмен бірінші , не екінші рет кездесуіне байланысты . Алғашкы рет кездескенде біріншілік иммундық жауап дамиды . Бұл кезде латенттік фаза мен ( 3-5 тәулік ) логарифмдік фаза ұзақ уақытка ( 7-15тәулік ) созылды.Сецификалық антиденелерді тек қана иммунизациялауды бастағаннан кейін 10-14 - ші тәулікте анықтауға болады , Стационарлық фаза 15-30 - шы тәулікке созылып , ал төмендеу фазасы 1-6 айға дейін барады . Біріншілік иммундық жауапта иммундық органдарда , жауапка китынсатын жасушаларда , антиденлер сыныбының түрлерінде көптеген өзгерістер туып , нммундық жүйе антиген енуіне белсенді карсы тұрып онымен қайта кездесуге толыгынан дайын болады , Уақыт өткеннен кейін антидене өндіру басылады . Сонымен қатар иммунологиялық есті В - лимфоциттер коп уақытқа дейін ағзада сақталады . Иммундық жүйе сол антигенмен кайта кездескенде екіншілік иммунды жауап құрылады .
Біріншілік иммундық жауаппен салыстырғанда екіншілікте латенттік фазасы - қысқартылган ( бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке дейін ) . Логарифмдік фазасы каркынды және антидененің титрі өте жоғарғы деңгейлі . Стационарлық және төмендеу фазалары ұзарған жүрісімен сипатталады ( бірнеше айдан жылдарға дейін ) . Екіншілік имунды жауапта организм көбінесе бірден IgG- ны синтездейді . Екіншілік жауагі жүрісінің өзгешелігі , ол имундық жүйенің біріншілік жауаттан кейін иммунды есте қалудың арқасында антигенмен келесі кездесуге дайын екендігін көрсетеді . Соның себебінен біріншілік жауаптан кейін қалған В. лимфоциттер жедет және қарқынды өсіп антиденені шапшаң синтездеуге кіріседі .
Антигенмен қайта кездескендегі өсімтал антидене өндірілу көрнісі тежірибелік мақсатта вакцина eriп , жұқпалы нурудың алдын алуда кең қолданылады . Иммунитетті жоғары дәрежелі қорғау деңгейінде сактау үшін арнайы сызбанұска бойынша бірінші рет вакцинаны имунологиялық есте сақтау үшін , ал екінші рет ( ревакцинация ) антиденелрді үстемелi ондіру үшін егеді .
Бұл феномен жоғарғы белсенді профилактикалық және емдік иммунды сарысуды ( гипериммунды ) дайындауға пайдаланылады . Ол үшін донорларға , не жануарларға арнайы сызбанұсқамен антигендік препаратты бірнеше рет қайталап егеді .
Антидененің өндірілуі көбінесе антигенін иммуногедiгiне , және макроорганизмнің жағдайына байланысты . Антигенді латенттік фазада қайталап егуге тырысу имунологиялық салға , яғни антигенге жауап бермеулікке соқтыруы мумкін .
Иммунологиялық ес (ИЕ)
• Иммунологиялық есте сақтау-антигенмен алғашқы әрекеттесуден кейін ағзаның иммундық жүйесінің оны қайта енгізуге нақты жауап беру қабілеті. Ерекшелігімен қатар иммунологиялық есте сақтау иммундық жауаптың маңызды қасиеті болып табылады.
Мұндай есте сақтау белгілі бір антигенге бастапқы бейімделудің нәтижесінде функционалды түрде белсенді болатын В-жасушаларының да, Т жасушаларының де алдын-ала антигенге тән клондарымен қамтамасыз етіледі.
Қолданылған Әдебиет: https://melimde.com/sratari-2021-i-bolim-jalpi-mikrobiologiya.html?page=91#%D0%90%D0%B4%D0%B0%D0%BC%D0%B4%D0%B0_%D0%B8%D0%BC%D0%BC%D1%83%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D0%BB%D0%BE%D0%B1%D1%83%D0%BB%D0%B8%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%80%D0%B4%D1%96%D2%A3_5_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B3%D1%96_%D0%BA%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B_%D0%B1%D0%B0%D1%80:_G,M,A,D,E.
Достарыңызбен бөлісу: |