Үлкен спорттағы Қызылорда облысы спортшыларының жетістіктері



бет2/2
Дата03.11.2023
өлшемі27,54 Kb.
#121690
1   2
2015 жылдың 9 айында облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді: ҚР чемпионаттарында 120 – алтын, 92 – күміс, 167 – қола медальдарды жеңіп алса, Әлем, Азия чемпионаттарында 30 медальдарға қол жеткізді.
1 – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, 8 спортшы - «ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 20 спортшы – «ҚР-ның спорт шебері», 180 спортшы – «Спорт шеберлігіне үміткер» дайындалды.
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына 306 облыс спортшылары енді.
Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытындағы спорт түрлерінен 6 – ҚР чемпионаты (қазақ күресі, шахмат, бокс, велоспорт, футбол, кикбоксинг), гандболдан ҚР IV жазғы спартакиадасы және 3 халықаралық, 18 республикалық турнирлер ұйымдастырылып өткізілді.
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары және облыс әкімінің қаулысымен бекітілген іс-қимыл жоспарына сәйкес дене шынықтыру саласын дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты - өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу бүгінгі күні облысымызда бұқаралық сипатқа ие болып келе жатыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет