173
Автотрансформаторлар жоғары вольтты желілерді жақын кернеу- лермен (мысалы, 154 және 220 кВ; 220 және 400 кВ) байланыстыру үшін; асинхронды және синхронды қозғалтқыштарды іске қосу үшін (9.4 бөлімін қараңыз); кернеуді реттеуші ретінде (бұл жағдайда, ТК тізбегіне тармақталу жылжымалы түйіспе арқылы іске асырылады) пайдаланылады.
7.2.
|
КӨП ОРАМАЛЫ ТРАНСФОРМАТОРЛАР
|
Магнит өткізгіштерінде жоғары және төмен кернеуден басқа, ара- лық кернеу орамаларын орналастыратын көп орамалы трансформа- торларды көп кернеу қажеттілігі туындаған жағдайда пайдаланады. Бірнеше екі орамалы трансформаторды қолданғаннан гөрі, көп ора- малы трансформаторларды пайдалану электр қосалқы станциясын арзандатады.
Көп орамалы трансформаторлардың ерекшеліктерін, жеңілдету үшін, үш орамалы трансформаторлардың мысалында (7.2-сурет) қа- растыратын боламыз. Мұндай трансформатордың магнит қозғаушы күшінің теңдігін келесі түрде жазамыз
I1w1+ I2w2+ I3w3= I0w1
(7.2)
((5.16) теңдеуді салыстырыңыз.: I1w1 бастапқы орамасының МҚК магнит өткізгіште магнит ағынын туындатады және қалған орама- лардың магнитсіздендіретін өрісінің орнын толтырады).
Екі орамалы үшін арналғандай жүргізілетін, үш орамалы транс- форматордың бос жүру тәжірибесінен трансформациялау коэффи-
циентін анықтайды:
k12
w1 U1 w2 U2
k13
w1
w3
U1 .
U3
k12 және k13 біле отырып, 2 және 3 орамалары арасындағы транс- формациялау коэффициентін табуға болады:
7.2.-сурет. Екі екінші реттегі орамасы бар үш орамалы трансформатор.
Достарыңызбен бөлісу: |