Лобзин с. А. Электр машиналар


ӨЛШЕУІШТІК ТРАНСФОРМАТОРЛАР



бет150/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

ӨЛШЕУІШТІК ТРАНСФОРМАТОРЛАР

Кернеу өлшегіш трансформаторлар (КӨТ). Айнымалы токтың электр күшін өлшейтін құралдар: вольтметрлердің, жиілік өлше- гіштердің, ваттметрлердің, электр қуатын есептегіштердің, фазоме-

175


трлердің кернеуі бойынша шектерді кеңейтуге арналған өлшеуіштік түрленгіштер болып табылады. КӨТ жоғары кернеулі тізбектерде өлшеу кезінде пайдаланылады. (Мұндай тізбектерде тікелей өлше- уге арналған құралдар аса үлкен болар еді және де өлшеу үдерісі үлкен қауіп тудыратын еді).
Кернеу өлшегіш трансформаторының ЖК орамасы U1 бастапқы тізбегінің кернеуіне қосылады (өлшенетін кернеу), ал ТК орамасы өлшегіш құралдарының қысқыштарына немесе өлшегіш құралы- ның кернеу тізбегінің түйіндеріне жалғанады. Осылайша, КӨТ қосу тәсілі қуатты трансформаторды қосу тәсіліне ұқсас (5.5, а суретті қараңыз.), бірақ, жүктеме ретінде вольтметр, жиілік өлшегіш немесе ваттметрдің, есептегіштің, фазометрдің тізбегі бола алады. Бірнеше құралды қосу қажеттілігі туындаған кезде, олардың әрқайсына U2 екінші кернеуі берілетіндей етіп, оларды өзара параллельді түрде байланыстырады. (4.6) өрнегімен анықталатын трансформациялау коэффициенті екінші орамаға қосылған, өлшегіш құралының өлшеу шегі қаншалықты кеңейгенін көрсетеді, және бөлгіш ретінде өрнек-

теледі, мысалы 10 000 ,
100 ,
35 000 , бұл жерде: алымында бастапқы ора-
100

маның номиналды кернеуі орналасқан (бұл максималды өлшенетін кернеу), вольтпен белгіленген, ал бөлгішінде — әдетте 100 В тең болатын, екінші реттегі ораманың номиналды кернеуі орналасқан.
Қуатты транформаторлармен салыстырғанда, КӨТ жұмыс ре- жимінің ерекшелігі болып қосылатын құрылғылардың үлкен кедер- гісі табылады (бос жүріске жақын тәртіп). Техникалық құжаттамамен екінші тізбекке қосылған құрылғылармен тұтылатын максималды қуат анықталады. Тұтынылатын қуат артқан кезде (сонымен қатар, параллельді қосылатын құрылғылар санының өзгеруі кезінде) екін- ші реттегі ораманың тогы артады және осының әсерінен екінші кер- неу төмендейді. Сонымен бірге, трансформациялау коэффициентінің нақты мәні де өзгереді және тұтынылатын қуат рұқсат етілген мән- нен артық болғанда, өлшеу қателіктері рұқсат етілген қателіктерден көп болады (рұқсат етілген қателік өлшегіш трансформаторының дәлдік санатымен анықталады).
КӨТ екінші орамасын қысқа етіп немесе шағын кедергіге тұй- ықтауға болмайды, себебі, бұл рұқсат етілмеген, үлкен мәнді баста- пқы және екінші орама токтарының пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін (5.3 бөлімін қараңыз.).
Кернеу өлшегіш трансформаторлары сұлбаларда TV әріптерімен




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет