8.3.-сурет. Статордың шоғырланған орамалары және олардың маг- нитті өрістері:
а— р = 1 кезінде; б — р = 2 кезінде (ораманың бір фазасы)
де көрсетілген қарапайым орама жағдайы секілді шеңбер ұзындығы- ның жартысын құрайды.
8.3, асуретінде магнитті өрісі екі полюспен сипатталатын қарапай- ым үш фазалы ораманың – шоғырланған ораманың толық сұлбасы берілген. Афазасының шарғысы тұтас сызықпен, ал басқа екі фазаның шарғылары – сызықтарының ұзындығы әртүрлі сызықтармен кескін- делген. Шарғыларды кескіндейтін сызықтардың қалыңдығы орама- ның қысқыштарына баратын сызықтармен салыстырғанда шарғылар- дың бірден астам айналымы бар екендігін білдіреді. Бір шарғының белсенді жақтары арасындағы орталық бұрыш көрсетілген (180°). 8.3, асуретінде оң жақта ораманың белсенді жақтарын кеңістікте орнала- стыру және уақыттың белгілі бір кезеңіндегі магнитті өрістің жеңіл- детілген суреті берілген (сондай-ақ 8.1, бсуретін қараңыз).
, б суретінде екі шарғыдан тұратын және төрт полюс жасай- тын статор орамасының бір фазасы көрсетілген (суретті күрделен- дірмеу үшін басқа фазалар көрсетілмеген). Суретте оң жақта мұндай орамада екі полюстің қалайша пайда болатындығын көруге болады. Бір фазаның өрісі - өтіп тұрған, ал барлық үш фазаның нәтижелеуші өрісі – айналатын өріс болып табылады; бұл ретте ол полюстердің
189
сол санымен сипатталады.
Ток өзгерген сәтте полюстердің екі жұп жағдайында магнитті өріс 360°-қа емес, 180°-қа бұрылады. 8.3, бсуретінде көрініп тұрғандай, 180°
— бұл бір фазадағы бірінші шарғының басы мен екінші шарғының басы арасындағы орталық бұрыш: магнитті өрістің суреті р= 1 жағдайымен салыстырғанда бұрыш бойынша 2 есе «нығыздалған». Полюстардың жұптар санын ұлғайтқан сайын магнитті өрістің айналу жиілігі сонша рет азаяды, өйткені кез келген жағдайда ток өзгерген кезеңде магниттіиндукциявекторыекіполюстікбөліккесәйкескелетінбұрышқабұры-лады. Айтылғанды рполюстар жұптарының кез келген санына жиын- тықтай отырып, үш фазалы машинаның статоры өрісінің айналу жиілігі мына формула бойынша анықталады деген тұжырымға келеміз