ЛобзинС.А. Л681 Электрикалық машиналар: орта кәсіби білім мекемелерінің білімгерлеріне арналған оқулық / С.А.Лобзин. — 2-басылым, стереотиптік. — М. : «Академия» баспа орталығы 2016. — 336 б.
ISBN 978-601-333-225-3 (каз)
ISBN 978-5-4468-3059-6 (рус)
Генераторлар теориялары мен тұрақты ток қозғалтқыштардың, трансформаторлардың, асинхронды қозғалтқыштардың және синхронды машиналардың негіздері мазмұндалған. Электр машиналары мен трансформаторлардың жұмыс қағидалары негізделген физикалық құбылыстарға көп көңіл бөлінеді. Түрлі электр машиналарының жалпы қасиеттері қарастырылған.
Оқулық НП.10 «Электр машиналары» жалпы кәсіби пәнін оқып үйренуге «Технологиялық үдерістер мен өндірісті автоматтандыру» мамандығы бойынша, сондай-ақ «Электр және электрмеханикалық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру» КМ.01 кәсіптік модулін меңгеру үшін «Электрлік және электрмеханикалық жабдықты техникалық пайдалану және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша пайдаланылу мүмкін.
Орта кәсіптік білім беру мекемелерінің білімгерлеріне арналған.
ISBN978-601-333-225-3 (каз)
ISBN 978-5-4468-3059-6 (рус)
Алғысөз
Оқулықта материалды зерделеудің келесі реттілігі қабылданды: тұрақты ток машиналар (жалпы сұрақтар, генераторлар, қозғал- тқыштар); трансформаторлар; айнымалы ток машиналары (жалпы сұрақтар, асинхронды қозғалтқыш, синхронды генераторлар, син- хронды қозғалтқыштар). Сондай-ақ, кейбір арнайы машиналардың түрлері қарастырылады. Электр машинаны жасаудың даму келеше- гіне қатысты мәселелер талқыланады.
Электр машиналары мен трансформаторлар жұмыстарының қағидаларын анықтау үшін, физикалық құбылыстарға көп көңіл бөлінеді. Мәтінде, еске түсіру мақсатымен қаралып отырған мәсе- лелерге байланысты физика, математика, электротехника және техникалық механика курстарынан материалдар берілген. Осылай- ша, көптеген жағдайларда, басқа білім беру және анықтамалық ба- сылымдарда осы материалды түсіну үшін, тиісті ақпаратты іздеудің қажеті болмайды.
Автор, тақырыпты өз бетінше зерттеу үшін, материалды толық қолжетімді етіп көрсетуге тырысты.
Оқулықта әртүрлі электр машиналарының жалпы қасиеттеріне, сондай-ақ, түрлі құбылыстардың ұқсастығына нұсқаулар бар. Өткен тақырыптарға, суреттерге және формулаларға көптеген сілтемелер берілген. Курсты дұрыс меңгеру үшін, білімгерлерге негізгі мәтін барысында берілген сілтемелерді, сондай-ақ ескертулер мен анықта- маларды ескеруге кеңес беріледі.
Әр тараудан кейін пәнді меңгеруге көмектесетін сұрақтар қойы- лады.
Кіріспе