Лобзин с. А. Электр машиналар



бет261/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

307


12.4.-сурет. Айқын емес полюсті гене- ратордың бұрыштық сипаттамасы.

мұндағы Iк = Е0/хс — аталған қоздыру тогы кезіндегі үш фазалы қысқа тұйықталу тогы (11.25) өрнегін қараңыз), полюсі анық емес генераторда синхронды индуктивті кедергілер бойлық және көл- денең осьтер бойынша тең болады: хс = xq = xd, бұл 11.4-бөлімінде берілген.


Генератордың тұрақты жұмысына неғұрлым қалың сызықпен көрсетілген бұрыштық сипаттаманың сол жақ тармағы сәйкес ке- леді. θ > 90 эл. град. бұрыш кезінде генератор синхронизмнен шыға- ды (одан әрі 12.4-бөлімді қараңыз).
Айқын полюсті генератордың электрмагнитті қуаты. Электр- магнитті қуат (12.3) пен электрмагнитті иінкүш (12.4) өрнектерінің полюсі анық емес генератордың векторлық диаграммасы негізінде алынғандығын атап өткен жөн (11.12-суретті қараңыз). Бұл өрнек-
терге хс синхронды индуктивті кедергі кіреді. Векторлық диаграмма- лары 11.11-суретте көрсетілген полюсі анық генераторда синхронды индуктивті кедергілер бойлық (xd) және көлденең (хq) осьтер бойын-
ша ерекшеленеді; d және b нүктелері сәйкес келмейді және электр-
магнитті қуат үшін (12.3) өрнегі дұрыс келмейді. Полюсі анық емес генератордың векторлық диаграммасын талдаудан алынуы мүмкін электрмагнитті қуаттың теңдігін шығармай келтірейік:
(12.6)
Көрініп тұрғандай, келтірілген теңдік полюсі анық емес генера- тор үшін алынған екінші қосылғышы бар теңдіктен өзгеше. (12.6) теңдігінің екі бөлігін синхронды Ωс бұрыштық жылдамдыққа бөле отырып, электрмагнитті иінкүштің теңдігін аламыз:
(12.7)

308


Бірінші қосылғыш Мосн негізгі электрмагнитті иінкүш, екінші қосылғыш Мр реактивті иінкүш деп аталады:
(12.8)

Реактивті иінкүштің өрнегінен xq = xd теңдігі орындалатын болса (полюсі анық емес генератор жағдайы), Мр = 0 болатындығын көруге болады.


Мосн негізгі иінкүштің Uг генераторының шықпаларындағы керне- уімен, сонымен қатар қоздыру орамасының тогына негізделген ро- тордың магнитті тасқынына байланысты болатын Е0 генераторының ЭҚК күшімен анықталатындығын атап өткен маңызды. Мр реактивті иінкүші Е0 ЭҚК күшіне байланысты емес және сондықтан қоздыру орамасының тогына байланысты емес. Егер генератор желімен қатар жұмысқа қосылған болса, реактивті иінкүш генератордың шықпала- рындағы кернеуге тең болатын желінің кернеуіне байланысты.
Синхронды генератордың электрмагнитті қуаты мен электрмаг- нитті иінкүші туралы барлық айтылған дүниенің синхронды қозғал- тқышқа да қатысы бар (одан әрі 13-тарауды қараңыз), бір ерекшелігі қозғалтқышта электрмагнитті иінкүш тежегіш емес айналмалы бо- лып табылады. Полюсі анық емес машинада реактивті иінкүштің бо- луы қозғалтқышты қоздыру орамасыз алуға мүмкіндік береді (одан әрі 13.3-бөлімді қараңыз).



12.4.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет