бейнелі сипаттамалар – бұл зәкірдің (статордың) I1 тұрақты білік жүктемесінен, желі кернеуінің тұрақты және жиілікті кернеу кезінде Iвқоздыру тогына тәуелділігі (13.1 - сурет).
Егер синхронды қозғалтқыш бос жүрісте немесе берілген жүк-
теме бойынша жұмыс істеген жағдайда қалыпты қоздыру токты Iв. норм-ға жеткізгенде, зәкірдің тогы ең төменгі мәнге ие болғанда қозғалтқыштың қуаты таза белсенді болады, яғни, cosφ = 1. Қоздыру тогы қалыпты токтан аз немесе көп болған жағдайда зәкірдің тогы ең төменгіден жоғары болады.
Жоғарыда көрсетілгендей қозғалтқыштың қоздыру тогы қалып- тыдан жоғары болса, зәкірдің тогы желі кернеуіне қарағанда озыңқы (сыйымдылықты) болады, ал толық қызбаған жағдайда артта қалған (индуктивті) болады. Синхронды қозғалтқыштың осы ерекшелігі электр қондырғыларының коэффициенттік қуатын арттыру үшін пайдаланылады. Асинхронды қозғалтқыштар тобына қатты қызды- ратын бір немесе бірнеше синхронды қозғалтқыштарды қосса, ол арқылы желіде пайда болаған ток асинхронды қозғалтқыштың жұ- мысына байланысты индуктивті токты жартылай немесе толықтай өтей алады. Сол кезде барлық электр жүйесі cosφ бірлікке жақын қуат коэффициентімен жұмыс істей бастайды, бұл өз кезегінде ықпал етеді (әрі қарай 13.2 бөлімін қараңыз).
Синхронды қозғалтқыштың U-тәрізді сипаттамалары дәл желімен параллель жұмыс істейтін синхронды қозғалтқышпен бірдей болады (12.3 - суретті қараңыз). Бірақ, қозғалтқыштың U-тәрізді қисық сы- зығы абсцисс осьпен жанаса алмайды, себебі қозғалтқыштың білі- гіндегі ең аз қуат мөлшері нөлге тең болмайтын Р0 бос жүріс қуаты (алғашқы қозғалтқыш жоқ деген мағынада).