Лобзин с. А. Электр машиналар



бет58/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

66




2.8.-сурет. Аралас қоздырудың тұрақты ток генераторы:
а — қосу сұлбасы; б — сыртқы сипаттамалар; в — реттемелік сипаттамалары;
1 — қалыпты қоздыру; 2 — тым аса қоздыру; 3 — орамалардың қарсы қосылуы

ауыстырса, онда ол параллель орамамен жасалған өрісте магнитсіз- дендіру әрекетін береді. Сыртқы сипаттамалары кенет төмендейтін, ал қысқа тұйықталу тогы азаятын болады (3 қисық сызық). Орама- лардың қарсы қосылуы дәнекерлеуші генераторларда қолданылады, оның қысқа тұйықталу режимі норма болып табылады.


Аралас және параллель қоздыру генераторларының жүктемелік сипаттамалары түрлері бойынша бірдей болады, алайда, жүйелік орамалардың (күшті жүйелі орамада) орамдар саны үлкен болған жағдайда, аралас қоздыру генераторының жүктемелік сипаттамала- ры оның бос жүріс сипаттамаларынан жоғары орналасуы мүмкін.
Аралас қоздыру генераторының реттемелік сипаттамаларын алып тастағанда тұрақты кернеу мәні параллельді қоздыру тізбегіне енгізілген реттемелік реостат арқылы қолданылады. Реттемелік си- паттамалардың түрі 2.8, в – суретте көрсетілген. Жүйелі қоздырудың күшейтілген орама жағдайында кернеудің тұрақтылығы жүктеме тогы өзгерген кезде, қалыпты қоздыру жағдайына қарағанда парал- лельді тізбектегі кіші токпен (2 қисық сызық) жеткізіледі.


67


2.6.

ТҰРАҚТЫ ТОК ГЕНЕРАТОРЛАРДЫҢ
ПАРАЛЛЕЛЬ ЖҰМЫСЫ



Параллельді қоздыру генераторларын параллельді жұмы- сына қосу шарттары. Генератордың қуаты, оның электр қуат қа- былдағыштарының қуатына сәйкес келуі керек. Қабылдағыштардың айтарлықтай қуаты болған жағдайда, генераторлардың бір уақытта (параллельді) жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Егер, уақыт өткен сайын қуаттың тұтынуы өзгерсе, онда кейбір генераторларды желі- ге қосу керек немесе желіден ажырату керек. Сайып келгенде, жеке генераторды жөндеу үшін, оның жүктемесін басқа генераторларға ауыстырып, ортақ желі жұмысынан шығарып тастау керек.
Параллельді жұмысқа қосу шарттарын екі параллельді қоздыру генераторларын пайдалану арқылы қарастырайық (2.9 а -сурет).
Мыcалы, G1 генераторы жалпы шинаға қосылған және IG1 токпен жүктелген болсын. Шиналардағы кернеу U-ге тең. G2 генераторы- ның параллель жұмысына, желінің жұмыс режимі бұзылмайтындай
етіп қосылу тиіс, яғни генераторды қосқан кезде желіде үлкен ток ағындары болмай, шиналарда кернеу бірдей болып қалу қажет. Ол үшін келесі екі шарт орындалу керек.
Алғашқы шар т . ЭҚК EG2 қосылатын G2 генератордың U









































2.9.-сурет. Параллель қоздыру генераторларының параллельді жұмысы:
а — қосу сұлбасы, б — генераторлар арасында токты тарату


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет