1-шарттың бұзылу салдары. 1-шарт параллель жұмысқа қо-
сылған трансформаторлардың трансформациялау коэффициент- терінің теңдігі талабына ептеледі. Бастапқы орамалардың ЭҚК-і бірдей, өйткені олардың әрқайсысы U1 бастапқы тораптың керне- уімен анықталады. Егер трансформациялау коэффициенттері (kT1 ≠ kT2)әртүрлі болса, онда қосалқы орамалардың ЭҚК-і әрқалай бола- ды: E2T1 ≠ E2T2. Параллель қосылған трансформаторлардың қосалқы орамалары (бастапқы орамалар секілді) кедергілері аз тұйық тізбек түзеді, бұл кедергілер трансформаторлардың қысқа тұйықталу ке-
168
дергілерін білдіреді. Егер мұндай тізбекте теңгерілмеген ЭҚК жүй- есі жұмыс істейтін болса, онда бұл жүйеде Іур теңгерілген ток ағады (салыстыру үшін тұрақты ток генераторларының параллель жұмы- сы туралы 2.6-бөлімді қараңыз). Қысқа тұйықталу кедергілерінің аздығына байланысты теңгерілген ток тіпті Трансформациялау ко- эффициенттерінің айырмасы азғантай болғанның өзінде номиналды токпен салыстыруға келеді. Мұндай жағдайларда трансформатор- лардың толық қуатын пайдалануға болмайды: толық жүктеме кезін- де олар асқын жүктеледі және ұзақ жұмыс атқарғанда істен шығады. Практикада трансформациялау коэффициенттерінің 1 % аспайтын айырмашылығына рұқсат етіледі.
шарттың бұзылу салдары. Бастапқы орамалар ток көзінің жалпы торабына (электр тарату желісіне) қосылғандықтан, олардың желілік ЭҚК векторлары параллель қосылған трансформаторлар- дың жалғану тобына қарамастан, жұп-жұптан тең болады. қосалқы орамаларға қатысты алсақ, әртүрлі жалғану топтарында ЭҚК-нің векторлық айырмасы (немесе кешенді ЭҚК айырмасы) нөлге тең болмайды және орамаларда, мейлі параллель қосылған трансформа- торлардың біреуінде Y/Y — 0 жалғану тобы, ал екіншісінде Y/Y — 4 тобы болса да, номиналды токтан едәуір асатын теңгерілген ток аға- ды. Осы кезде осындай трансформаторлардың қосалқы орамаларын- дағы желілік ЭҚК арасындағы фазалардың айырмасы 120° құрайды (6.5-суретті қараңыз) және теңгерілген токты анықтайтын желілік ЭҚК векторлары айырмасының модулі жекелеген трансформатор-
дың желілік ЭҚК-нен есе асып кетеді. Бұл ретте теңгерілген ток-
тың жоғары болатыны соншалық, трансформаторлар істен шығады. 3-шарттың бұзылу салдары. Қысқа тұйықталудың номиналды кернеулері тең болмаған кезде параллель жұмыс істейтін трансфор- маторлардың арасындағы жүктеме тепе-тең бөлінбейді. Осыны көр-
сетеміз.
5.5-суретте көрсетілгендей, трансформаторды (нақтырақ, оның бір фазасын) алмастырудың жеңілдетілген сұлбасына сәйкес қо- салқы ораманың кернеуі
U1 = – U'2+ I1Zк
(6.6)
болады, мұндағы Zк — трансформатордың қысқа тұйықталуы- ның кешенді кернеуі ( (5.9) және (5.25) формулаларды қараңыз).
Параллель жұмысқа қосылған екі трансформаторды алмасты- рудың жеңілдетілген сұлбасына сәйкес (6.8-сурет) олардың баста- пқы, сондай-ақ қосалқы кернеулері бірдей болады: U1T1 = U1T2 = U1;
Достарыңызбен бөлісу: |