Лобзин с. А. Электр машиналар



бет145/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

170


(номиналды қуатпен) жүктелген болса, онда ик жоғары трансформа- тор толық жүктелмейді. Егер uк жоғары трансформатор номиналды токпен жүктелетін болса, онда осы параметрдің аз мәніндегі транс- форматор асып жүктелген болып шығады және ұзақ уақыт жұмыс атқара алмайды.
Практикада, белгіленген қуатты толық пайдаланбау аз болуы үшін, қысқа тұйықталатын кернеуі бір-бірінен ±10 % ерекшеленетін трансформаторлар параллель жұмысқа қосылады.
Трансформаторлардың белгіленген қуатын толық пайдаланбау, қысқа тұйықталатын номиналды кернеу тең болмаған уақытта осы параметрдің белсенді құрамдас бөліктерінің теңдігі, сәйкесінше реактивті құрамдас бөліктерінің теңдігі сақталмайтын жағдайда да орын алады.



БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ





  1. Трансформаторлық топтар, жеке аппарат түрінде жасалған үш фазалы трансформатордың орнына қандай жағдайларда қолда- нылады?

  2. Үш фазалы трансформатордың магнитті өткізгішінде жекеле- ген фазалардың магнитті ағындары тұйықталуы мүмкін өзекше неліктен қажет етілмейді?

  3. Трансформатор майы қандай функцияларды атқарады? Майлы трансформатордағы май кеңейткіш, газ релесі, түтіндік құбыр және термосифонды сүзгі қандай қызмет атқарады?

  4. Трансформатордың трансформациялау коэффициентін реттей- тін қандай тәсілдер қолданылады? Жүктемемен реттеудің басты шарты қандай?

  5. Үш фазалы трансформаторлардың орамаларын жалғаудың қан- дай тәсілдері бар? Трансформациялаудың конструктивтік және пайдаланымдық коэффициенті деп нені атаймыз?

  6. «Трансформатордың орамаларын жалғау тобы» ұғымына не кіреді? Жалғау тобы неге байланысты?

  7. Трансформатордың орамаларын жалғау тобын анықтаудың қан-

дай әдістерін білесіз? Графикалық әдісті сипаттаңыз.

  1. Трансформаторларды параллель жұмысқа қосу шарттарын атаңыз. Осы шарттарды бұзу салдары қандай?

7 - ТАрАу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет