Жалпыескертулер. Айтарлықтай дәрежеде оның қолданыстағы қасиеттерін анықтайтын генератордың маңызды параметрлеріне синхронды индуктивті кедергі, индуктивті сейілу кедергісі, сонымен қатар, қысқа тұйықталу арақатынасы жатады. Осы параметрлерді табу үшін бос жүрістің сипаттамасымен, номиналды ток үшін жа- салған жүктемелі индуктивті сипаттамасымен және үшфазалы қысқа тұйықталу сипаттамасымен қолданады (11.14 суретін қараңыз). Ең алдымен индуктивті жүктеме және қысқа тұйықталу кезіндегі гене- ратордың векторлық диаграммаларын қарастырамыз.
Индуктивті жүктеме кезіндегі синхронды генератордың вектор- лық диаграмма (11.15, а суреті) толық векторлық диаграмманың жеке жағдайы болып табылады (11.11, а суретін қараңыз). Индук- тивті жүктеме кезіндегі зәкір реакциясы бойлық магнитсіздендіруші болып табылады және зәкір реакциясы полюс ағындарымен индуци-
яланған ЭҚК Е0 қарсы бағытталған ЭҚК Ead индуцияланады. (11.11) өрнегіне сәйкес Ead= –jIdxad. Бұл жағдайда зәкір тогының барлығы бойлық ток болып табылады: Id = I. (Еσ= –jIxσ) сейілу ағынымен индуцияланған ЭҚК векторы I тогының векторына перпендикуляр
және Eadвекторымен бағытталған.
Генератор шығуындағы кернеу (11.13) теңдеуімен анықталады.
Бұл теңдеуде белсенді кедергідегі кернеудің Ir төмендеуін пайдала- нып, Ir және индуктивті жүктеме кезінде болмайтын зәкірдің көл- денең ағынымен индуцияланған ЭҚК Eaqжоямыз. Мынаны аламыз
U= E0– jIxad– jIxσ (11.23)
11.15.-сурет. Синхронды генера- тордың векторлық диаграммала- ры:
а — индуктивті жүктеме кезінде; б — қысқа тұйықталу кезінде