магнитті өрісі мен статор өрісінің өзара әрекеті мен салыстырмалы қозғалу бағытына қарама-қарсы бағытта әрекет ететін тыныштан-дырғышиінкүшті туғызады.
Синхронды машина роторының теңселуінің пайда болуы және басылуы серіппеге асылған жүкті тепе-теңдік қалпынан шығарған соң орын алатын тербелу үдерісімен салыстыруға болады (серіппелі маятник). Теңселулер басылған соң жүк жерге қатысты алғанда ты- ныштық күйіне түседі, ал синхронды машинаның роторы статордың айналып тұратын өрісіне қатысты алғанда тыныштық күйіне түседі. Ротордың теңселуі маятниктің теңселуі секілді еркін немесе мәжбүрлі болуы мүмкін. Бұрын еркін (өздігінен) теңселулер қара- стырылған болатын. Ротордың мәжбүрлі теңселулері жетекті қозғал- тқыш мерзімді бірқалыпты айналмаған кезде орын алады, бұл үдеріс сонымен бірге поршеньді дизель қозғалтқышында орын алады. Мәжбүрлі теңселу жиілігі өздігінен теңселу жиілігіне сәйкес келген кезде механикалық резонанс туындайды, ол кезде теңселу амплиту- дасы күрт артады және генераторлардың параллель жұмысы мүмкін
емес болады.
Полюсі анық емес генераторларда теңселуді басатын арнайы ша- ралар қолданылмайды; оларда теңселулер ротордың өзегінде пайда болатын құйынды токтардың арқасында ғана басылады.
Полюсі анық генераторларда тынышт андырғыш (демп - ф е р л і к ) о р а м а қолданылады. Өзінің конструкцисы бойынша демпферлік орама асинхронды қозғалтқыштың қысқа тұйықталған орамасына — «Беличья клетка» құрылғысына ұқсас (9.2-суретті қа- раңыз). Мұндай ораманың өзектері синхронды машинаның полю- стік ұштықтарында қарастырылған саңылауларға салынады. Саңы- лау түріндегі бүйірлік жалғайлар полюстік ұштықтар шектерінен тыс орындалады.
Динамикалықтұрақтылық. Синхронды генератордың ста- тикалық тұрақтылығы туралы айта отырып, біз оның айналдыру иінкүшінің немесе электр жүктемесінің шағын өзгерістеріне деген реакциясын қарастырған болатынбыз. Синхронды машинаның ди-намикалық тұрақтылығы деп жұмыс режимі күрт өзгерген кезде оның синхронизмнен шығып кетпеу қабілеті аталады.
Жүктеме күрт өзгерген кезде (мысалы, желіде қысқа тұйықталу орын алған кезде) ротор қарқынды түрде теңселе бастайды — үдеу мен тежеудің алмасуы орын алады. Егер ротор қозғалысын үдеткен кездегі энергия генератормен роторды тежеген кезде желіге қайтара-