Лобзин с. А. Электр машиналар



бет263/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

310


валда бірінші синусоид ең көп мәннен нөлге дейін кемиді, ал екін- шісі осы интервал кезінде теріс мәндерден өтеді. Полюсі анық емес генератордың Рэм(θ) немесе М(θ) синусоидалық емес жиынтық тәу- елділігі 0-ден θкр = 60...80 эл. градусқа дейінгі интервалда өседі (ста- тикалық тұрақтылық аясы) және θкр мәнінен 180 эл. градусқа дейінгі интервалда нөлге дейін кемиді.
Полюсі анық емес генераторда, сонымен қатар полюсі анық ге- нераторда θкр бұрышына Mmax максималды электрмагнитті иінкүші сәйкес келеді. Максималды иінкүштің атаулы иінкүшке қатынасы Ммах/Мном машинаның асқын жүктемелік қабілеті деп аталады. Бұл па- раметр әртүрлі генераторлар үшін 1,4-тен 3-ке дейін мән қабылдайды.
Синхронды генераторлардың теңселуі. Сонымен, егер сыни мәннен кем болатын θ бұрышының мәні кезінде жұмыс істейтін генератордың роторында асқын айналдыру иінкүші қысқа уақыт- та әрекет ететін болса, генераторды тепе-теңдік күйіне қайтаратын қосымша тежегіш электрмагнитті иінкүші пайда болады, ол кезде М1 айналдыру иінкүші М тежегіш иінкүшіне тең болады. Алайда осы қалыпқа жеткен соң θ бұрышы генератор мен бастапқы қозғал- тқыштың айналатын бөліктерінің инерциялы қасиеттерінің салда- рынан азаюды жалғастырады (айналатын дененің инерциялы қаси- еттерінің оның инерция иінкүшімен анықталатындығын еске сала кетейік, 3.3-бөлімді қараңыз). θ бұрышы тепе-теңдік күйіне сәйкес келетін бұрыштан кем болған кезде тежегіш иінкүш айналдыру иінкүшінен кем болады. θ бұрышы біршама аз мәнге жетіп, осыдан кейін қайта өсе бастайды. Ротор қайта тепе-теңдік күйінен өтеді және θ бұрышы өсуді жалғастырады және неғұрлым үлкен мәнге жетеді. Одан әрі үдеріс қайталанады. Осылайша, ротор бірқалып- ты бір бағытта айналғанмен оның айналу жылдамдығы ауытқиды:
оның мәні Ωс синхронды жылдамдықтан бірде төмен болса, бірде жоғары болады. Уақыт өте бұл теңселулер басылады: θ бұрышы- ның максималды және минималды мәндері арасындағы айырма ба-
ра-бара азая бастайды. Теңселулер басылған соң ротор айналдыру иінкүшінің немесе генератордағы электр жүктеменің өзгеруі жаңа теңселу үдерісін тудырғанға дейін Ωс бұрыштық жылдамдығымен тұрақты айнала бастайды.
Теңселулердің басылуы ең алдымен магнитті болып шыққан энергияның шығындарымен туындайды. Теңселулер кезінде ротор статордың магнитті өрісіне қатысты алғанда қозғалған кезде ротор- дың өзегінде құйынды токтар индукцияланады. Құйынды токтардың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет