Лобзин с. А. Электр машиналар



бет57/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

65


Токтың келесі ұлғаюында магниттік жүйенің қанықтылығы арта- ды, ал кернеудің өсу қарқыны азаяды. Кернеу белгілі бір максимал- ды мәнге дейін артады, одан кейін токтың келесі артуы төмендей бастайды. Сыртқы сипаттаманың осы тәртібі болаттың қанықты- руымен қатар, зәкір реакциясының магнитсиздендіру әрекетін және зәкір тізбегінің кедергісінде кернеудің төмендеуін қамтамасыз етеді, яғни бұрын сипатталған екі қоздыру жүйесіндегі генераторлардың жұмысында пайда болатын факторларды тудырады. Қысқа тұйықта- лу (ҚТ/КЗ-қысқа тұйықталу) жағдайында, генератордағы кернеу нөлге тең болғанда, ток номиналды шамасынан жоғары мәнге ие бо- лады.
Жүйелік қоздыру генераторының қысқыштарындағы кернеу жүк- теме тогы өзгерген кезде айтарлықтай өзгереді және сол сәтте керне- уді тұрақты деңгейде ұстап тұру мүмкіндігі болмағандықтан (себебі қоздыру тогы бір уақытта жүктеме тогы болып табылады), мұндай генераторлар практикалық қолдану таппады. Бірақ, жүйелі қоздыру ерекшеліктері аралас қоздыру генераторларында қолданылады.
Аралас қоздырғыш генераторы параллельді және жүйелі қоз- дыру генераторларының қасиеттерін біріктіреді. Генераторлар- ды қоздырудың тағы бір атауы – ол компаунд-қоздыру (ағылшын- compound сөзінен - араластыру, қосу, біріктіру). Алдын біз, параллель қоздыру кезінде генератордың кернеуі жүктеме тогы жоғарылаған сәтте азаятының, ал жүйелік жүктеме кезінде ұлғаятының тапын білдік (жүктеме бойынша номиналдыдан аса ерекшеленбейді).
Осындай жағдайда, бір уақытта қарастырылған екі қоздыру ора- маларын қолдануға болады (2.8 а - сурет), сол себепті жүйелі ора- малардың орамдар санын жүктеменің өзгеруімен кернеу аз өзге- ретіндей етіп таңдау қажет. Мысалы, номиналды ток бойынша Uном
кернеуі бос жүріс кезінде U0 кернеуіне тең болатындай жағдайға
жетуге болады (2.8, б-сурет, 1 - қисық сызық). Токтың аралық мән- дерінде кернеу, параллельді және тіпті тәуелсіз қоздырудан гөрі, U0 кернеуінен әлдеқайда аз дәрежеде ерекшеленеді.
Жүйелік қоздыру орамасының орамдар санын көбейту арқылы (жүйелі орамаларды күшейтіп) бос жүріске (2 - қисық сызық) қа- рағанда, номиналды ток кезінде жоғары кернеуді алуға болады, осы- лайша желі өткізгіштерінде кернеудің төмендеуін өтеуге болады. Мұндай жағдайда генератордың тым артық қозуы туралы айтыла- ды.
Егер, жүйелі қоздыру орамасының қосу нүктелерінің орындарын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет