Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың танымдық қызушылығы мен ақыл ой деңгейін қалыптастыру
Оқушыларды оқу курсының мазмұны арқылы пайымдау, шығармашылық тұрғысынан ойлау, өз беттерінше шешім қабылдап, қорытынлды жасауға бейімдеу
Оқушылардың игерген білімдерін күнделікті өмірде пайдалана отырып жеке тұлға ретінде қалыптастыру
Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу үйрету және тәрбиелеу
Бағдарламаның міндеті:
Өз бетінше іздену әрекеттерін қалыптастыру
оқушының интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін дамыту
Негізгі ойлау операцияларын саналы түрде қолдана білуге үйрету
Көру, есту, байқау, іздеу, қиялдау, елестету, есте сақтау арқылы логикалық ойын дамыту
Өз пікірін айту, талдау және оны дәлелдеу арқылы тілін дамытып, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелеу
-Өзіндік жұмыс жағдаяттарын тиімді шешу.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі, дүниетану, логика негіздері, ұлттық дүниетаным.
Ұйымдастыру формалары: топтық жұмыс, зерттеу, бақылау жұмысы, жеке жұмыс, қосымша әдебиетпен жұмыс.
Жиілігі: 33 сағат
Оқушылар білуі тиіс:
– өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білуге дағдылану
– теориялық білімдерін практика жүзінде ұштастыра білу
– өз қиялын ұштай отырып, сұрақ қоя білу
– күнделікті өмірінде болып жатқан түрлі іс әрекеттің ерекшелігін бақылау әдісін қолдану арқылы анықтау
Оқушылар істей алуы тиіс:
– өзгеше және шапшаң ойлау
– әрекетті немесе нәтижені сынау
– өз көзқарасын және өз ойын ашық айту
– тірек сөздермен, мұғаліммен және дербес жұмыс жасау
Күтілетін нәтиже:
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,өз бетімен жұмыстануға,дәлелдеуге, салыстыра отырып пікір айтуға,есте сақтауға,өз-өзіне сеніммен қарауға,жаңа шешімдерді іздей білетін тұлға қалыптастыру.
Сауатты оқуға,түсінуге,ажыратуға,салыстыруға алған білімін күнделікті өмірде қолдануға дағдыланады.
Курс бойынша мазмұны мен құрылымы
«Қиял мен зейінге шолу»
Дарынды балаларға арналған «Логика әлемі» көмекші, әдістемелік құралының құрылысы мен мазмұны математика курсының негізгі болып табылады. Мұнда тек қажетті дайындық деңгейі жетістіктерін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар логикалық – математикалық дайындықты күшейтетін терең, әрі жан – жақты математикалық білімді игеруді, математикалық нысандармен жұмыстағы нақты тәжірибені дифференциалдық тәсіл мүмкіндіктерін, оқу қызметінің маңызды элементтерін дамытуға жол ашады. Жаттығулар жинағында сабақтарды белгісіне қарай бөлуге және оларды орындауға, салыстыруға, жүйелеуге, логикалық сөздерді түсінуге және оларды дұрыс қолдануға, талдауға, ұғымды анықтауға, арналған тапсырмалар берілген.
Оқушыларды талқылай білуге, алған білімдерін қолдана білуге, негізделген ауызша есептеудің қызықты тәсілдеріне арналған тапсырмалар енгізілген.
Шығармашылық жаттығулар, геометриялық маңызды жаттығулар, логикалық тапсырмаларды шығару тәсілдерін үйретуді көздейді.
«Өмірдегі тиімділік»
Дарынды балаларға арналған «Логика әлемі» көмекші, әдістемелік құралының ұтымдылығы оқушылардың бастауыш сыныптардан бастап өз ойын жүйелі де түсінікті етіп жеткізу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру болғандықтан, қызықты сұрақтар, мақал – мәтел, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды талдатуға басты назар аударылaды. Сондай-ақ сөйлеудің ауызша және жазбаша түрі, олардың ерекшеліктерін қамтыған материалдар берілді.Тез ойлап ,тез шешім қабылау, салыстыру,ажырату қабілеттерін дамытады.
Оқушылар тіліміздің грамматикалық құрылысы бойынша білімдерді толықтырылып, оларда білік, дағдылар қалыптастырылады.
Оқушыға өз ойын еркін айтуына, ойын дамыта өзгертуіне шығармашылық жұмыстағы еркіндікке, кез келген мәселені шешуге, баға беруге, таңдау жасауға, оқығанын өмірмен байланыстыруына, өмірде қолдана алуына мүмкіндік береді.
Оқушылар алдына өзекті міндеттерді қоя біледі, оларды шешеді, логикалық тапсырмаларды пайдаланып, салыстыру, топтау әдістерін қолданып, дәлелді тәуелділіктің шешуін табады, талдай білу дағдысын дамытады, тәуелділік байланысын орнатады және қорытынды жасауды үйренеді.
Сонымен қатар логикалық ойлауға дағдыланады, логикалық сөйлеу және ойша елестеу қабілеті дамиды.
Қоршаған ортаны танып, білу үрдісі баланың ойлануын дамытып қана қоймайды, оқушының қоршаған ортаға адамгершілік қарым – қатынасын қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Оқушылардың қоршаған дүние туралы алған білімін дұрыс қолданып, әлеуметтік және табиғи ортада өзінің жүріс тұрысын әділ бағалай білу қабілетін тәрбиелеу. Қоршаған ортаны танып білу сабақтарында алған білімі өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамытады.
Таным теориясы адамға жинақталған ақпаратты зерттеп, ішінен маңыздысын таңдап, соның негізінде дұрыс өмірлік салтын ретке келтіру, дұрыс таңдау жасау қабілетіне ие болуға, яғни өзінің болмысы мен әрекетін бағалау дағдысын көрсете білуге мүмкіндік береді.
Логика әлемі ” 4 сынып
Күнтізбелік жоспар аптасына
1 сағат, жылына -34 сағат
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Зейінді шоғырландыруды дамыту 2 сағаты
Мақсаты
Оқушының ой өрісіне назар аудару, елестету, есте сақтаудың түрлері, сұрыптау арқылы зейінді дамыта отырып, бір тұжырымдама жасауға дағдыландыру, зейінін бір нәрсеге шоғырландыруға үйрету
Оқушының ой өрісіне назар аударады, елестетеді, есте сақтаудың түрлері, сұрыптау арқылы зейіні дамиды, бір тұжырымдама жасауға дағдыланады.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Метр,дециметр, сантиметр,килограмм, грамм,тонна,литр Сөздікті есте сақтау.
1минутта есте сақтау, 1 минутта жазу
Қызығушылық
ты ояту
Құрастыру жіне тізбектей отырып шешу. Кенгурудың суретін қарындашты қағаздан үзбей және бір сызықтың үстінен екінші рет сызбай салу үшін қай нүктеден бастаған дұрыс?
(А) A (В) B (С) C (D) D
(Е) Е ондай нүкте жоқ
Зщвь с лдьс
Мағынаны тану
1- жаттығу Суретті мұқият қара Суретте қандай геометриялық фигуралар жоқ?
(A) тіктөртбұрыштар (B) үшбұрыштар
(C) шаршылар (D) дөңгелектер (E) барлық фигуралар бар
Мозайкадан екі фигураны алғаннан кейін, бос орын қалып қойды. Қай фигураларды алды? (суреттен қара)
(A) 1 и 4 (B) 2 и 4 (C) 2 и 3 (D) 1 и 3 (E) 3 и 4
4-жаттығу Қолдарының мотарикасының жаттығуы
Сергіту сәті
Әтеште-сегіз, мысықта-үшеу, итте де-үшеу, есекте-екеу. Не туралы айтылған?
Шешуі: осы жануарлардың шығаратын дыбыстары жайлы: әте
кукареку, мысық-мяу, ит-гав, есек-иа.
Ой толғаныс
Суретке қарап отырып, тапсыырманы орындау
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Логика
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Назар аударуды дамыту 2 сағат
Мақсаты
Оқушы санасының белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнелеуін қамтамассыз етуі және шоғырландыру қабілеті арқылы танымдық белсенділігін арттыру.
Оқушының ой өрісіне назар аударады, елестетеді, есте сақтаудың түрлері, сұрыптау арқылы зейіні дамиды, бір тұжырымдама жасауға дағдыланады.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
«Барлығы қанша қарға?»
Келеді ұшып екі қарға,
Топ достарын ертіп талға
Болды елу әлгі жиын
Санағанда демей қиын.
Болмаңыздар әбігер,
Шешімі табылар бәрі бір.
Айтпай есеп шарты кім,
Теңдеу құру тәртібін?
(Жауабы: 2+х=50, х=48 қарға)
Қызығушылық
ты ояту
“Кім жылдам?” 1. Сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Екі сиырдың мүйізі нешеу?
2. Бір мысықтың аяғы қанша?
3. Бес қойдың басы нешеу?
4. Үш адамның қолы нешеу?
5. Бес баланың аяғы нешеу?
Мағынаны тану
Ширату жаттығулары орандату
1-жаттығу Жұмбақты шеш.
2- жаттығу Дайындық кезеңі Топтық жұмыс
3. 8 майшам жағылды, оның 2 сөніп қалды. Барлығы қанша майшам қалды?
4. Бес балаға бір алма себетте қалатындай етіп қалай бес алманы бөлу керек?
5. Бір әкенің 6 ұлы бар, әр ұлдың 1 қарындасы бар. Әкеде барлығы қанша бала бар?
6. Қарағайда 40 апельсин пісті, олардың 10 түсті. Неше апельсин қарағайда қалды?
Сергіту сәті
Логикалық есеп
1. Сабинада 7 қалам бар еді.. Ол досына 3 – уін сыйлады. Қанша қалды?
2. Бұтада 7 құс отыр. Тағы 3 құс ұшып келді. Неше құс болды?
3. Бірінші сөреде 2 кітап, ал екінші сөреде 5 кітап артық тұр. Екінші сөреде неше кітап бар?
4. Дарина 5 жаста, ал Мадина Даринадан 2 жас кіші. Мадина неше жаста?
5. Сыныпта 10 бала. Оның 6 – уы ер бала. Қыз бала нешеу?
6. Сыныпта 10 бала. 3 бала шығып кетті, 2 бала кірді. Неше бала болды?
7. Сыныпта 9 ер бала мен 10 қыз бала. Қыздардың ер балаларға қарағанда нешеуі артық?
Ой толғаныс
Қазақстан сөзінен жаңа сөз жаса.
Ана,ата, пана,кітап……..
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Логика
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Есту арқылы жадыда сақтауды дамыту 2 сағаты
Мақсаты
Есту арқылы есте сақтау жаттығуларын орындата отырып, оқушыларды тапқырлыққа баулу.
Міндеттері: Бірлесіп жұмыс нәтежиесіне жетуге баулу.
Топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Психологиялық ахуал.
Балалар, бүгін айдың нешесі? Ендеше 23 қараша болса, 23 санын бірінші оң қолмен, сосын, сол қолмен, одан кейін оң және сол аяқпен және қолымызды бүйірімізге қойып, белмен және мұрынмен жазу.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді, тапсырманы орындайды7
Қызығушылық
ты ояту
. Ширату (тез жауап бер) Әр топқа екі сұрақтан беріледі.
1. Бес тышқанның құлағы – 10
2. Жеті сиырдың мүйізі – 14
3. Дүйсенбі сөзіндегі әріптер саны – 8
4. Есту мүшесі – құлақ
5. Жаз айларын ата – маусым, шілде, тамыз
6. Ағзаның қорғаныс мүшесі – тері
7. Қан айналымының негізгі мүшесі – жүрек
8. Ауаның қозғалысы – жел.
Мағынаны тану
Ширату жаттығулары орандату
Тапсырма №1.(көзіңмен қадағала) Қолмен емес, көзбен жүргізіп, цифрлар мен әріптердің байланысын тап. Жасырын сөзді жаз.
Жауабы: көкөніс, жаңалық.
Ми гимнастикасы «Жалқау сегіздіктер» Ауада сегіз санын алдымен оң қолыңмен, сосын сол қолыңмен сегіз санын сал, одан кейін екі қолыңмен үш рет қайтала.
Тапсырма №2. (Сана!) Бесбұрыштарды сана, санын торкөзге жаз. Бесбұрыштарды сана. Санын торкөзге жаз.
Жауабы: тоғыз бесбұрыш.
Тапсырма №3. Сөздерді дұрыс құрастыр және артық сөзді алып таста қалғанын топта. ҚРАЫБЗ, АУЫҚН, МААЛ, ЛАМАҚ, МҰТРЛА
Жауабы: қарбыз, қауын, алма, қалам, алмұрт.
ІІ. Көңілді үзіліс. Балалар өлең шумақтарына сәйкес қимылдар жасайды.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды алға созайық.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары – төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Тапсырма №4. Ойла, есепте, жауап бер!
7 қапты бір қатарға қойды. Бірінші қаптың салмағы 77кг, қалған әр қаптың оның алдындағы қапқа қарағанда 7кг – ға кем. Барлық қаптардың салмағы қанша?
Жауабы: 392кг
ІІІ. «Мұрынмен жазу» жаттығуы. Көзіңді жұм. Мұрныңды қалам ретінде пайдаланып, ауада кез келген сурет сал. Көзің жұмулы болсын.
Тапсырма №5. (Ойлан, есепте, жауап бер!)
Арман биыл үшінші сыныпқа көшті. Енді оған анасы түскі асқа 100 теңге беретін болды. Арман үнемдеуді жақсы көреді. Ол күнде 70 теңгеден ғана жұмсады. Ол бір аптада неше теңге үнемдеді?
Қайсысы жетіспейді?
Геометриялық фигуралар қатары беріледі, оқушылар 1 минуттай қарайды, келесі суретте осы фигуралардың біреуі алынып тасталады, оқушылар соны табуы керек.3- жаттығу Кестедегі жазылмай қалған санды тауып, жаз.
4-жаттығу Сәйкестендіру тест
Сергіту сәті
Қасқыр, түлкі, аю үш үйде тұрыпты. Біріншісі – үлкен терезесі бар ақ үйде тұрады, екіншісі – үлкен терезесі бар сұр үйде тұрады, ал, үшіншісі – кішкентай терезесі бар сұр үйде тұрады. Қасқыр мен түлкі үлкен терезесі бар бар үйде тұрады, ал қасқыр мен аю сұр үйде тұрады. Кім қандай үйде тұратынын табыңдар?
Ой толғаныс
Ой толғаныс кезеңі: Математикалық диктант айдары. «Ия жоқ» диктанты.
1. 14 тен 8алғанда 8 шыға ма? Ия
2. 1 см 1дм- дан ұзын ба? Жоқ
3. 2 үйрек пен 2 бұзаудың аяқтарының саны тең ба? Жоқ
4. Аптаның 7- ші күні бейсенбі ма? Ия
5. Отансыз адам ормансыз бұлбұл ма? Ия
6. Пойызда 10 вагон бар. Бауыржан басынан санағанда 5 – вагонда отыр, ал Ұлан аяғынан санағанда 5 – вагонда отыр.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Логика
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Есту арқылы есте сақтау қабілеттерін жаттықтыру
Мақсаты
Есте сақтаудың түрлерін қиял мен зейінді қалыптастыру.Жалпы оқу икемдігі мен дағдыны қалыптастыру. Жаңа шешімдер іздеу, қажетті нәтижеге жету қабілеттерін шыңдау. Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
· Аутотренинг: «Мен бәрін орындай аламын»
Мен барлығын жақсы көремін, сол үшін көздеріме рахмет.
Мен барлығын жақсы естимін, сол үшін құлақтарыма рахмет.
Мен барлық жерге барамын, сол үшін аяқтарыма рахмет.
Мен барлық жұмысты атқарамын, сол үшін қолдарыма рахмет.
Мен барлығын білемін , сол үшін басыма рахмет.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді, тапсырманы орындайды7
Қызығушылық
ты ояту
Сынпты үш топқа бөлу үшін жұмбақ жасыру. Шеуін тапқан топтарға атауы беріледі.
1)Мейлі қалай лақтыр. 2)Қанаты бар ұша алмас.
Жерге тимес арқасы. Құрлықта қаша алмас.
Төртаяқпен тақ тұр.
3) Тегі- тышқан,
Өзі –құстан.
Күндіз ұйықтап,
Түнде ұшқан.
Мағынаны тану
Миға шабуыл: Ой қозғау сұрақтары: Блум таксономиясы бойынша жалпақ сұрақтар.
1. Мен сендерге не қойып тұрмын ?
2. Бауырсақ ертегісіндегі басты кейіпкер кім?
3. Қызыл түске жақын түс?
4. Қасыңда отырған саған бала кім болады?
5. Екі жағы тұйықталған түзу сызық?
6. Үлкенге құрмет, кішіге ……..?
7. Пима, шұлық, етік, бәтеңке.Бір сөзбен не деп атайды?
8. Өте жақсы оқитын оқушыны кім деп атайды?
Сергіту сәті
Таратылып берілген беттерге алдарыңдағы тіс пастасының көмегімен геометриялық фигуралары бар заттар салуларың керек. Ол заттар топтарыңның атына сай болу керек. Мысалы 1- топ құс бейнесін жасаса, 2 –жануарлардың пішінін….
Ой толғаныс
1- топ есебі:
18 вафлиді тірелкелерге былай салған: Біріншісіне – 4, екіншісіне -5, үшіншісіне -2, төртіншісіне -7. Осы тәрелкелерді екі үстелге қойғанда, бір үстелде екінші үстелден екі есе көп вафли болу керек. Сонда тарелкелерді қалай қоясыңдар?
2 – топ есебі:
Қасқыр, түлкі, аю үш үйде тұрыпты. Біріншісі – үлкен терезесі бар ақ үйде тұрады, екіншісі – үлкен терезесі бар сұр үйде тұрады, ал, үшіншісі – кішкентай терезесі бар сұр үйде тұрады. Қасқыр мен түлкі үлкен терезесі бар бар үйде тұрады, ал қасқыр мен аю сұр үйде тұрады. Кім қандай үйде тұратынын табыңдар?
3 – топ есебі:
Қыздар үш- қара, сары және ақ мысықтарды қолдарына ұстап көтеріп тұр. Қыздардың есімдері мынадай: Қарақыз, Сарықыз, Аққыз. Бірақ бірде – бір қыз өзімен аттас мысықты ұстап тұрған жоқ. Аққыз қасындағы құрбысы ұстап тұрған кара мысыққа қарап тұр. Кім қандай мысықты ұстап тұрғанын табыңдар?
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
.
Логика
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Көру арқылы есте сақтауды дамыту
Мақсаты
Түрлі жаттығу жұмыстарын ұйымдастыра отырып есте сақтау қабілетінің дамуына ықпал ету
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Сәлемдесу. Әңгімелесу. Көңіл-күйін анықтау «Көңіл-күй түсі» бұлттың ішін өзінің көңіл-күйіне сай түспен бояйды.Қызыл -өте жақсы. Жасыл-жақсы. Көк-көңілсіз. Сары –еш нәрсеге зауқым жоқ.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді, тапсырманы орындайды7
Қызығушылық
ты ояту
«Мен қоржынға салдым» ойыны Мақсаты: ес көлмін арттыру, дамытуТапсырма: мұғалім «Мен қоржынға алма салдым» деп бастайды. Оқушы өз сөзін қосады. Мысалы: мен қоржынға алма, өрік салдым. Осылай ойын жалғаса береді. Әр айтылған сайын жаңа бір сөз қосылып, алғашқы айтылғандар жаңғыртылып, қайталанып айтылып отырады.Үлгі: Мен қоржынға алма, өрік, қуыршақ салдым. Мен қоржынға алма, өрік, қуыршақ, доп салдым.
Мағынаны тану
Мақсаты: есту арқылы есте сақтау көлемін дамыту Тапсырма: 5-7 сөзден тұратын өзара мағыналық байланыссыз сөздер қатары оқылады. Мысалы: қант-шоқ-қорап- балық-би-алмұрт. Одан кейін қатар толық оқылмайды. Бір сөз қалдырылып кетеді. Оқушы жоғалған сөзді табуы керек. Одан кейін оның қатардағы орнын, толық қатарды ретін сақтамай және ретін сақтай отырып еске түсіруі керек. Сөздер қатары: 1. Ағаш-қала-әлем-өнер-қозы-тарақ-қалам; 2. Гүл-үкі-бәліш-зауыт-жаңбыр-теледидар-перне;3. Айран-ғаламшар-кітап-бұрыш-қиял-алқа-атырап;4. Бөлме-амал-раушан-бояу-баяу-көпір-шың. . «Сипаттап бер» жаттығуы Мақсаты: көру арқылы қысқа мерзімді есте сақтау көлемін, зейін шоғырландыруын дамыту Тапсырма: Суретке мұқият қара және әр бөлігін еске сақта. Сурет алынып тасталған соң әр бөлігін еске түсіріп айтып бер. Кемпір қосақта қай түстен кейін қай түс орналасқанын да ескер.
Сергіту сәті
Тапсырмалар.
1. Сенің атың кім?
2. Сен қызсың ба әлде ұлсың ба?
3. Сен мектепке барып жүрсің бе?
4. Сен балмұздақты жақсы көресің бе?
5. Сен көк түсті балмұздақты көрдің бе?
6. Балмұздақ ашты ма?
7. Түнде күн жарқырайды ма?
8. Сенің үстінде көйлек бар ма? (шалбар) баланың үстінде жоқ киімінің аты аталады.
9. Қыста шөп өседі ме?
10. Шөп қызыл түсті ма?
11. Сен кіммен тұрасың?
12. Сенің әкең қуыршақпен ойнағанды жақсы көреме?
13. Сен төбеде жүре аласың ба?
14. Сен ұша аласың ба?
15. Сенің атың….. (басқа атпен атау) ма?.
16. Сен дәрігерге барғанды жақсы көресің бе?
17. Дәрігердің халатының түсі қандай?
18. Дәрігер балалардың шашын ала ма?
19. Сен ертегі тыңдағанды жақсы көресің бе?
20. Сен қандай ертегілерді жақсы көресің?
21. Бармалей өте мейрімді ме?
22. Ал Мыстан – кемпір мейрімді ме?
23. Мысық тышқаннан қорқа ма?
24. Сен қазір ұйқтап тұрсың ба?
25. Сиырлар аспанда ұшады ма?
«Иә және жоқ деп айтпаңдар» ойынының нәтижесінде баланың аты-жөні, тапсырманы орындауы, пайыздық көрсеткіші көрсетіледі.
Ой толғаныс
Әр топ алдарындағы цифры жоқ постерге қайтадан осы ретпен орналастыру
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Логика
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Көру арқылы есте сақтауды дамыту 2 сағат
Мақсаты
Түрлі жаттығу жұмыстарын ұйымдастыра отырып есте сақтау қабілетінің дамуына ықпал ету
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Бір-бірінің мағынасы үйлеспейтін 10 сөзді айтып шық: ПІЛ, ЖЫЛ, ДОП, САБЫН, ТҰЗ, ШУ, ҚОЛ, ЕДЕН, КӨКТЕМ, ҰЛ. (Сөздерді біркелкі үнмен, екі-үш секундтық үзіліспен айтыңыз).Сосын баладан есінде қалған сөздерді кез-келген ретпен айтып шығуын сұраңыз.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді, тапсырманы орындайды7
Қызығушылық
ты ояту
Есте сақтау қабілетін дамыту Есте сақтау қабілеті әр адамда әр қалай болады. Біреулерде есте сақтау қабілеті механикалық түрде, кейбіреулерде жүйелі түрде болады екен. Енді балалар мен сіздерге өмірде болған есте сақтау қабілеттері жақсы дамыған тұлғалармен таныстырып өтейін. Гай Юлий Цезарь – ол кім? Ол әлемге белгілі Рим императоры. Ол кісі өзінің 30000 әскерінің түрін есінде сақтап, олардың аттарын жатқа білген екен. Вольфранг Амадей Моцарт – ол кім? Ол әйгілі музыкант, композитор. Ол кісінің 40-тан астам шығармалары бар. Моцарт бір рет тыңдаған шығармасын бұлжытпай қайталап орындап берген екен. Бұдан біз есту арқылы есте сақтау қабілетінің қаншалықты жақсы дамығанын көре аламыз. Сондай ақ Александр Пушкин, Н.Преживальский, Шыңғысхан сияқты есте сақтау қабілеттері жоғары дәрежеде болған адамдарды айтып өткім келеді. Әрине, бұл кісілердің есте сақтау қабілеттері табиғаттан берілген сый. Бірақ есте сақтау қабілеттері төмен, не орташа адамдарға не істеу керек? Әрине, үнемі жаттығу жасау арқылы, есті дамыту. Енді бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында біраз жаттығулар дайындап келгем.
Мағынаны тану
Көру арқылы есте сақтау қабілетін дамытуға арналған жаттығу. Нұсқау: қазір сіздерге мынадай сандар көрсетемін. Сендер 30 секунд уақыт зейін салып қарап, есте сақтауға тырысыңыз. 12 69 75 15 84 82 35 45 48Талдау: 8-9 сан есте сақталса, онда есте сақтау қабілеті жылдам, жақсы болған екен. 6-7 сан есте қалса, онда орташа 5-6 сан есте қалса, онда төмен дәрежеде. Есту арқылы есте сақтау қабілетін дамытуға арналған жаттығу. Нұсқау: қазір сіздерге мынадай сөз тізбектері оқылады. Сіздер мұқият тыңдап, естеріңізде қалдыруға тырысыңыздар. Мен 2 рет оқып, қайталап, содан есте қалған сөздерді алдарыңыздағы қағазға жазуды сұраймын. Терезе Дәптер Гүл Ақша Кітап Етік Парта Компьютер Тағам Орындық Есік Телефон
Сергіту сәті
Сергіту сәті: джунглидағы жаңбыр. Біріміздің артымызға біріміз тұрып, қолымызды созғанда бір-біріміздің арқамызға жететіндей етіп тұрамыз. қолымызбен массаж жасауға кірісеміз. Джунглидамыз Күн ыстық. Быраздан соң ақырындап жел соға бастады. Ол жел күшейе бастады. Бір кезде себелеген жаңбыр жауа бастады. Ол жаңбар күшейіп, селге айналды. Бұршаққа жалғасты. Бұршақ қайтадан селге, сел жаңбырға, одан дауылға, дауыл желге айналып барып басылды. Күн шығып, ауа райы орнына келді.
Ой толғаныс
Бірінші ереже салыстыру. Яғни біз бір фактні есте сақтауымыз керек болса, онда міндетті түрде басқа бір фактімен салыстыруымыз керек. Мысалы: Абай Құнанбаевтың туған жылын жаттауымыз керек болса, ол 1845 жыл. Біз еске түсіреміз 1945 жылды, ҰОС аяқталған жыл. Арасы 100 жыл. Екінші ереже ол – ұқсату. Мысалы ағылшын тілінде сөзді жаттауымыз керек болды. Мынадай сөзді алайық: tear – қазақша баламасы жас. Бірақта оқылуы қазақши тир сөзіне ұқсас. Мен тирда атайын деп едим, көз жасым кедергі болды. Үшінші ереже – жүйелі түрде ассоцияциялау.
Осы суреттерді есте сақтап, аттарын жаз.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Кемпірқосақ түстерін көз алдыңа елестетіп қайта сал.
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Логика
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Көру арқылы есте сақтау қабілетін жаттықтыру
Мақсаты
Түрлі жаттығу жұмыстарын ұйымдастыра отырып есте сақтау қабілетінің дамуына ықпал ету
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Қандай фи гура кездесті ? Нешеден болды?
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді, тапсырманы орындайды7
Қызығушылық
ты ояту
г)«Адасқан көжекті хайуанаттар бағына жеткіз» дидактикалық ойыны. Шытырман жолдардың ішінен баққа апаратын жолды сызып көрсетеді
.
Мағынаны тану
Сурет бойынша әңгіме жүргізу. Хайуанаттар бағын құрастыру.
Дәптердегі хайуанаттар бағы бейнеленген суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады. Балалар педагогтің көмегімен торда тұрған қасқыр, аю, көжек туралы әңгімелейді.Қасқыр — ит тұқымдас жануар. Түсі — сұр. Оны жыртқыш дейді. Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды.Қоян — ұзын құлақ жабайы жануар. Қоянды үйде де асырайды. Оның түсі аппақ, сұр болады. Ол — өте қорқақ аң. Қоянның баласын көжек деп атайды.Аю — ірі денелі, икемсіз жануар. Ол — жыртқыш аң. Ақ аю, қоңыр аю, қара аю болады. Аюдың баласын қонжық деп атайды.
Сондай — ақ піл, мүйізтұмсық, жолбарыс, т.б. аңдар және құстар, бауырымен жорғалаушылар (жылан, кесіртке, тасбақа, қолтырауын) туралы да қысқаша мағлұмат беріледі, суреттерін не солар туралы түсірілген фильм көрсетуге болады.в) Қоян, аю, қасқыр сөздерін қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы, қорқақ қоян, сұр қоян, аппақ қоян, ақ аю, қорбаңдаған аю, сұр қасқыр, т.б.
Сергіту сәті
«Жоғалған зат» жаттығуы.
Үстелдің үстіне бірнеше зат қойылады. Бала оларға мұқият қарап алған соң, теріс қарап тұрады. Үстелден бір зат алып тасталынады. Оқушы қай заттың жоғалып кеткенін табу керек. Заттардың санын ақырындап өсіруге болады.
Ой толғаныс
1. Жақсы кітаптар оқыңыздар
Кітапты оқу барысында миыңызды кейіпкер, оның мінез-құлқы, сезімі, уақиғалар жайлы ақпаратты жаттауға мәжбүрлейсіздер. Мида нақты бейнелер құралып, қабылдауыңыздың жақсаруна себепші болады. Сол арқылы оқу сіздің есте сақтау қабілетіңізді жақсартып, зияткерлігіңізді жетілдіріп, сөздік қорыңызды байытады.
2. Компьютер ойындары Компьютер ойындарын сүйіп ойнайтындарға, олар өздерінің миын жаттықтыратын білу қуантар. Бірақ… Миды жаттықтыру үшін жарты сағат, асып кеткенде бір сағат жеткілікті. Зияткерлі немесе логикалық ойындарды ойнау барысында, ойыншы стратегия таңдап, алдағы іс-әрекетті жоспарлайды. Егер сіздің жұмысыңыз ескішілдік негізінде болса, жарты сағатттық ойын миды белсенділік жағдайында ұстайды.
3. Ұйқы Миды жақсы қалыпта ұстау үшін сегіз сағаттық ұйқы керек. Күні бойы сіздің миыңыз әр түрлі мәселелерді шешеді – оңай болсын, қиын болсын. Сондықтан оған ертеңгі мәселелерді шешу үшін жақсы демалыс керек.
4. Жаңа бір нәрсені үйреніңіз
Не нәрсені үйренгіңіз келеді, не нәрсе керектігін жақсылап ойлап, соны жүзеге асырыңыз. Өз күштеріңізді жаңа әуес іске жұмсаңыздар – мүмкін, ол атпен серуендеу немесе сурет өнері болатын шығар. Балаға ертегі жазып немесе өлең шығарып көріңіздер. Ешқашан істемеген нәрсені істеңіздер, өз миыларыңызға оған белсенді қатысуға мүмкін беріңіздер.
5. Кертартпалықтан құтылып көріңіз
Ерекше іс-әрекеттер жасап, аяқ-асты шешімдер қабылдаңыздар. Мысалы, таңғы кофеңізді шырынға алмастыру, сол қолмен жазып үйрену; үйреншікті бағытты ауыстырыңыз – сол арқылы ескіліктен құтыласыздар.
6. Сандармен жұмыс істеп көріңіз
Біз өмірімізді калькуляторсыз елестете алмаймыз. Ал сіздер супермаркеттегі саудаңызды ойша есептеп, не басқа да есептерді есептеп көріңіз. Бұл арқылы миды жаттықтырып қоймай, есте сақтау қабілетін де жақсартасыз.
7. Жаттап үйреніңіздер
Жатқа қанша тақпақ білесіздер? Ал балалар он шақтысын біледі. Сіздер балаларыңызбен бірге он шақты тақпақ немесе қазіргі заманғы ақындардың ұнаған өлеңдерін жаттап алуларыңызға болады. Есте сақтау қабілетін жаттықтырып қана қоймай, жақсы нәрсеге де қол тигізесіздер. Бір кездері әріптестеріңізге, отбасыларыңызға жатқа өлең айтып, оларды таңғалдырасыздар.
8. Өткеніңіз туралы айтыңыз Біреуге кешегі күніңіз жайлы айтыңыз. Соңынан басына дейін. Мысалы, кешке, сосын күндіз не істедіңіздер, кешегі күніңіз қалай басталды. Өткенге көз жүгірту арқылы миыңыз сол ақпаратты жаттап қалады.
9. Шет тілдерін үйрену Шет тілдерін үйрену миды жаттықтырудың жақсы жолы. Күніне кем дегенде он жаңа сөз жаттауды әдетке айналдырыңыз. Осыны әдісті меңгергенде, сөз емес сөз тіркестерін жаттауға көшу керек.
10. Сөздік қорыңызды көбейтіңіз Күніне өзіңіз үшін жаңа сөзді ашыңыз. Бұл жалпы немесе сіздің мамандығыңызға қатысты сөздер болуы мүмкін. Сізге түсініксіз сөздердің анықтамасын табу үшін сөздіктерді қолданыңыз. Сол жаңа сөздерді өмірде қолдану арқылы жаттаңыздар.
Егер сіздер есте сақтау қабілетіңізді жаттықтырмасаңыз, оны жоғалтып аласыз. Есте сақтау қабілетін әлсіретіп алмау үшін мына 10 кеңесті қолданыңыздар. Олар көп уақытты алмайды, бірақ біраз уақыттан кейін сіздің миыңыз тиімдірек жұмыс істейтінін байқайсыздар.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Логика
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Көру арқылы есте сақтау қабілетін жаттықтыру
Мақсаты
Түрлі жаттығу жұмыстарын ұйымдастыра отырып есте сақтау қабілетінің дамуына ықпал ету
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
«Мен 10 заттың атауын білемін…» жаттығуы
Бұл топтық ойын. Оқушылар шеңберге отырғызылады. Допты шеңбер бойынша бір-біріне бере отырып, әр оқушы бір сөзден айтады: «Мен… ағаштардың… 10… атауын… білемін… қайың – бір, самырсын – екі, емен-үш» деп ары қарай жалғастырады. Жалғастыра алмаған оқушы ойыннан шығады.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді, тапсырманы орындайды7
Қызығушылық
ты ояту
«Аяқталмаған суреттер» әдістемесі.
Ол суреттер жартылай салынып , аяқталмаған. Бала сол суреттерді табуы қажет
Мағынаны тану
1. «Суретті есте сақтау » әдістемесі Балаға бұрыннан таныс он сурет бейнеленген парақ бірден көрсетіледі. Бала әр суретке 2 секунд қарап есіне сақтауы тиіс. Сурет жабылып қойылады. Бала есінде қалған суреттерді айтып шығуы қажет. Тапсырманы қайталап орындату керек. Бала барлық суретті айтып болғанша тапсырма қайталанады. Жақсы орындаған үшін баланы мадақтау қажет.
Сергіту сәті
Амалдарды орында
Ой толғаныс
Жауабына жұмбақ жасыр
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Логика
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Қисынды ойлауды дамыту
Мақсаты
Ой ұшқырлықтарын байқау, өз білімін көрсете білуге үйрету.
Дамыту:
Сөздермен, сөз тіркестерімен және сөйлеммен жұмыс істеу барысында тілді дамыту. Ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты.
Тәрбиелік:
Болашаққа өз үлесін қоса білетін, іздемпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Ширату.
Құста – қанат, адамда – … /қол/
Мысықта – тұмсық, адамда – ….. /мұрын/
Машинада – мотор, адамда – ….. /жүрек/
Қызығушылық
ты ояту
Екі суреттің айырмашылығын тап.
Мағынаны тану
Тапсырма№1 Өзің туралы айтып бер. Сурет бойынша өсу жолынды айтып, ретімен көрсет.
Тапсырма№2
«Нені орналастырсам екен?»
Төмендегі жануарлардың қайсысы бос торкөзге орналастырар едіңдер? Неге?
Жауабы:қасқырды, себебі әрбір қатарда мен
әрбір жолға
бір-бірден ануар
орналастырған.
Тапсырма№3 Шығатын жолды тап
Сергіту сәті
Логикалық есеп
Кеседе 8 өрік бар. Айдос 2 өрікті жеді. Қанша қалды?
2. Бақшада 6 раушангүл мен 3 түймедағы өсіп тұр. Барлығы неше гүл өсіп тұр?
3. Сыныпта 5 шкаф, ал одан 2 – уі кем терезе бар. Сыныпта неше терезе бар?
4. Үстіңгі сөреде 4 кітап, ал астыңғы сөреде 3 кітап артық. Астыңғы сөреде неше кітап?
5. Қорада бірнеше күрек болды. 3 күректі алғанда 5 күрек қалды. Қорада неше күрек болып еді?
6. Данашта 2 қарындаш болды. Толқын Данашқа 2 қарындаш берді, Айгүл 3 қарындаш берді. Данашта неше қарындаш болды?
7. Құмырада 10 қызғалдақ пен 5 сарғалдақ бар. Қай гүл көп және қаншаға көп?
Ой толғаныс
Тапсырма №4
Оқушылар тапсырманы оқып шығады. Әр сөзден бір әріпті сызып, жаңа сөз құрастырады.
Орақ, бақ, ағаш, оқу, тай, апта, таяқ.
Жауабы: ора, ақ, аға, оқ, ай, апа, аяқ.
Логика
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Қисынды ойлауды дамыту 2 сағат
Мақсаты
Ой ұшқырлықтарын байқау, өз білімін көрсете білуге үйрету.
Сөздермен, сөз тіркестерімен және сөйлеммен жұмыс істеу барысында тілді дамыту. Ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты.
Болашаққа өз үлесін қоса білетін, іздемпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Қисынды ойлай алатын,құзіретті тұлға дайындау
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Графикалық диктант
Нүктеден бастап 1торкөз төмен, 2 торкөз қиғаш сызықпен төмен солға, 4 торкөз оңға, 2 торкөз қиғаш сызықпен жоғары солға, 3 торкөз төмен, 1 торкөз қиғаш сызықпен солға төмен, 2 торкөз оңға, 1 торкөз қиғаш сызықпен солға жоғары. Қандай пішін райда болды?
Қызығушылық
ты ояту
1. Бөлмеде 12 балапан, 3 қоян, 5 күшік, 2 мысық, 1 әтеш және 2 тауық болды. Осында тағы ит және оның қожайыны кірді. Бөлмеде қанша аяқ бар?
Мағынаны тану
1. Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз, және 5 апельсин тұрған.Үстел үстіндегі барлық көкөністер қанша?(Шешуі: 5 көкөніс,апельсин жеміске жатады.)
2. Айбек пен Торғын әрқайсысы 10 жаңғақтан терді.Айбек Торғынға өзінің жаңғақтарының 4- еуін берді.Торғынның жаңғақтары қаншаға артық болды? (Шешуі: 8-ге артық)
3. Екі стаканға бірдей су құйдың. Оның біреуін тарелкаға төңкердің.
Қайсы стаканда су көп? (бірдей)
Баланың ой-қиялын дамытуда логикалық сұрақ-тапсырмалардың орны бөлек.
1.1жанүядағы ағайынды 2 жігіттің әрқайсысының 1 апасы,1
қарындасы бар. Ол жанұяда қанша бала бар? (4).
2. Қарындашты тең етіп 2-ге бөлгенде, неше қарындаш шығады?
3. Автобус оң жаққа бұрылғанда, ішіндегі жолаушы қайда бұрылады?
Сергіту сәті
«Барлығы қанша қарға?»
Келеді ұшып екі қарға,
Топ достарын ертіп талға
Болды елу әлгі жиын
Санағанда демей қиын.
Болмаңыздар әбігер,
Шешімі табылар бәрі бір.
Айтпай есеп шарты кім,
Теңдеу құру тәртібін?
(Жауабы: 2+х=50, х=48 қарға
«Кетті бірге нешеуі»
Кездесіп бір топ аңменен,
Болды 30 бас малменен.
Олар кетті қоштасып,
Үш түлкімен достасып.
Теңдеуді ойлап құрыңыз,
Мал санын айта тұрыңыз.
(Жауабы: х+3=30, х=27 бас мал)
Логика
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Қисынды ойлауды жетілдіру
Мақсаты
Ой ұшқырлықтарын байқау, өз білімін көрсете білуге үйрету.
Сөздермен, сөз тіркестерімен және сөйлеммен жұмыс істеу барысында тілді дамыту. Ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты.
Болашаққа өз үлесін қоса білетін, іздемпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Қисынды ойлай алатын,құзіретті тұлға дайындау
Күтілетін нәтиже
Қызығушылық
ты ояту
1. Суретте неше кесінді бар?
Мағынаны тану
Тапсырма №1
Балықты басқа жаққа жүздір
Тапсырма №2
. Орындықта Майра, оның анасы, әжесі және қуыршақ отыр.Әжесі немересінің қасында отыр, бірақ қуыршақтың қасында емес. Қуыршақ анасының қасында отырған жоқ. Майраның анасының қасында кім отыр?
Тапсырма №3 Жануарларға байланысты есеп тер шешу
Әтеште-сегіз, мысықта-үшеу, итте де-үшеу, есекте-екеу. Не туралы айтылған?
Шешуі: осы жануарлардың шығаратын дыбыстары жайлы: әтеш кукареку, мысық-мяу, ит-гав, есек-иа.
Итті 5 метрлік жіпке байлаған, бірақ ит аз уақыт ішінде 100 м жүрген. Ол қалай жүрген? Шешуі: жіптің екінші шеті ештеңеге байланбағандықтан ол осыншама жерді жүрді.
Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз? (3 қаз)
Бір адамның 10 қойы болады. Тоғызының басқасының бәрі қырылып қалды. Сонда барлығы қанша қой қалды?
Тиін саңырауқұлақтарға қарағанда 2 есе көп жаңғақтар дайындады. Сосын ол тағы 8 саңырауқұлақ әкелді. Енді саңырауқұлақтар жаңғақтар қанша болса сонша болды. Тиін қанша жаңғақ дайындады?Шешуі: тиін 16 жаңғақ дайындады.
Сергіту сәті
Қайсысы артық?
Ой толғаныс
Тапсырманы орындау
Логика
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Қисынды ізденіс тапсырмалары
Мақсаты
Ой ұшқырлықтарын байқау, өз білімін көрсете білуге үйрету.
Сөздермен, сөз тіркестерімен және сөйлеммен жұмыс істеу барысында тілді дамыту. Ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты.
Болашаққа өз үлесін қоса білетін, іздемпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Қисынды ойлай алатын,құзіретті тұлға дайындау
Күтілетін нәтиже
Қызығушылық
ты ояту
1. Бес балаға бір алма себетте қалатындай етіп қалай бес алманы бөлу керек?
Мағынаны тану
Тапсырма №1
Ой ұшқырлығына құрылған есептер
1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)
2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)
3.Тақта алдында 3 бала тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады?
4.Үй тышқанның неше құлағы бар?
5.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз)
6.Самат,Марат,Қанатты орындыққа әртүрлі ретпен қалай отырғызуға болады? ( а)Самат, Марат, Қанат. ә)Самат,Қанат,Марат. б)Марат,Самат,Қанат. в) Марат,Қанат, Самат. г)Қанат,Самат,Марат. ғ)Қанат,Марат,Самат.)
7.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 тауық, 2 бұзау)
8.Үш ағайындының ішінде Асқар, Айдардан ұзын, ал Айдар Жарастан ұзын. Кім ұзын бойлы Жарас па әлде Асқар ма? (Жарас Асқардан аласа)
9. Екі адам қалаға келе жатып жолда тағы 5 ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (2 адам)
10. жанар меАнар-апалы-сіңілі. Жанар 2 інісі бар екенін айтты. «Менің де екі інім бар,» -деді Анар. Бұл үйдің неше баласы бар? (төрт баласы бар.)
Үлкен шаршыдан 8 шырпыны алу арқылы 4 шаршы құрастыру
Сергіту сәті
Сабинада 7 қалам бар еді.. Ол досына 3 – уін сыйлады. Қанша қалды?
2. Бұтада 7 құс отыр. Тағы 3 құс ұшып келді. Неше құс болды?
3. Бірінші сөреде 2 кітап, ал екінші сөреде 5 кітап артық тұр. Екінші сөреде неше кітап бар?
4. Дарина 5 жаста, ал Мадина Даринадан 2 жас кіші. Мадина неше жаста?
5. Сыныпта 10 бала. Оның 6 – уы ер бала. Қыз бала нешеу?
6. Сыныпта 10 бала. 3 бала шығып кетті, 2 бала кірді. Неше бала болды?
7. Сыныпта 9 ер бала мен 10 қыз бала. Қыздардың ер балаларға қарағанда нешеуі артық?
Сабақтың атауы
Қисынды ізденіс тапсырмалары 2 сағат
Мақсаты
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың білімін нығайту. Ой ұшқырлығына байланысты есептер шығару барысында қисынды ойлауын дамыту. Ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты.
Болашаққа өз үлесін қоса білетін, іздемпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Қисынды ойлай алатын,құзіретті тұлға дайындау
Күтілетін нәтиже
Қызығушылық
ты ояту
1. Әріптердің орнын ауыстырып, жаңа сөз құрастыр: өлт, ақс, нса, мала, оқағ, оғда, ғалшы, рығас.
Жауабы: өлт-төл, нса-сан, мала-алма, оқағ-қоға, оғда-доға, ғалшы-шалғы, рығас-ғасыр.
Мағынаны тану
Тапсырма №1
Ой ұшқырлығына құрылған есептер
Белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
1.Аюда 9 килограмм бал болды. Ол бірнеше килограмм бал жегеннен кейін ода 4 килограмм бал қалды.Аю неше килограмм бал жеді?
2. Айдар Бурабайдың 10 фотосурет істеді.Досына бірнеше фотосурет бергеннен кейін 6 фотосурет қалды.Айдар досына неше фотосурет берді?
3.Сауыншы сиырдан 9 литр сүт сауып алды. Ірімшік жасауға бірнеше литр сүт пайдаланғаннан кейін 2 литр сүт қалды.Сауыншы неше литр сүт ірімшікке жұмсады?
4. Маймылда 10 банан болды.Бірнеше банан жегеннен кейін оның 4 бананы қалды. Маймыл неше банан жеді?
5.Қоймаға 7 жәшік жеміс әкеліеді. Оның 3 жәшігі алма, қалғаны алмұрт. Қоймада неше жәшік алмұрт әкелді?
6. Пошташыда 9 журнал болды. Бірнеше журнал таратқаннан кейін тағы 3 журналы қалды. Пошташы қанша журнал таратты?
7.Әнуарда 6 қарындаш болды. Ол бірнеше қарындашын досына бергеннен кейін ода 4 қарындаш қаоды.Әнуар досына қанша қарындаш берді?
8.Айнашта 8 шар бар. Бірнеше шарды ол құрбысына бергеннен кейін, қызда 4 шары қалды.Айнаш құрбысына неше шар берді?
9.Айжанның 6 тәтті наны болды. Ол бірнешеуін Серікке бергеннен кейін ода 2 тәтті нан қалды.Айжан Серікке қанша тәтті нан берді?
10.Аспазшы 10 литр кампот пісірді. Балалар оның бірнеше литрын ішкеннен кейін 4 литр қалды.Балалар неше литр кампот ішті
Тапсырма №1 Шырпыдан жасалған тордан 5 шаршы қалатындай етіп басқаларына тиіспей 4 шырпыны алу керек.
Сергіту сәті
.Тал басында, Тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да, Үзіліп,
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның Жұлынып,
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі?
Ой толғаныс
Тапсырманы орындау . 8 майшам жағылды, оның 2 сөніп қалды. Барлығы қанша майшам қалды?
Логик
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Қисынды ізденіс тапсырмалары 3 сағат
Мақсаты
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың білімін нығайту. Ой ұшқырлығына байланысты есептер шығару барысында қисынды ойлауын дамыту. Ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты.
Болашаққа өз үлесін қоса білетін, іздемпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Қисынды ойлай алатын,құзіретті тұлға дайындау
Күтілетін нәтиже
Қызығушылық
ты ояту
1. Берілген суреттердің 7 айырмашылығын тап:
Мағынаны тану
Тапсырма №1 Қалдықты табуға берілген есептер
1. Үстелдің үстінде 7 тоқаш жатты.Айжан 2 тоқаш жеді. Үстелдің үстінде неше тоқаш қалды?
2. Самал кітапханадан 7 кітап алды.Оның 3 кітабын оқыды. Неше оқитын кітап қалды?
3. Диас 6 сурет салды. Ол 3 суретін досына сыйлады.Диаста неше сурет қалды?
4. Гүлжанның туған күніне 8 қыз келді. 3 қыз үйлеріне кетті. Гүлжанның туған күнінде неше қыз қалды?
5. Асқардың кітабында 9 бет бар. Оның 4 бетін оқыды. Асқарға неше оқитын бет қалды?
6. Сандуғаштың туған күніне 10 сыйлық сыйлады. 6 сыйлықты ашып көрді.Неше ашылмаған сыйлық қалды?
7. Айбектің 6 дәптері болды. 2 дәптерін досына берді.Айбектің неше дәптері қалды?
8. Тиін 4 жаңғақ жинады .Ол 4 жаңғақты балаларына берді. Тиінде неше жаңғақ қалды?
9. Айдын 5 құлпынай жинап алды.Ол 4 құлпынайды жеп қойды. Айдында неше құлпынай қалды?
10. Омарташы 7 литр бал жинады. Оның 5 литрын сатты.Омарташыда неше литр бал қалды?
йырманы салыстыру
1.Гүлзарда 5 раушангүл және 7 інжугүл өсіп тұр. Інжугүл раушангүлден нешеге артық?
2. Маратта 8 дәптер, Жанатта 5 дәптер бар.Маратта неше дәптер кем?
3. Тиін 6 алма, ал кірпі 3 алма теріп алды.Тиін кірпіге қарағанда неше алма артық жинап алды?
4.Айнұрда 9 текше, Балнұрда 7 текше бар.Балнұрда неше текше кем?
5.Серік 10 балық, ал Берік 6 балық ұстап алды. Серік неше балық артық ұстап алды?
6.Қызыл телпек әжесіне 5 тәтті нан, және 7 самса әкелді. Қызыл телпектің тәтті наны қаншаға кем самсадан?
7. Сымбат далада 8 қызыл көбелек және 6 сары көбелек санап алды.Қызыл көбелек нешеге артық көк көбелектен?
8. Айсана 9 алма және 6 алмұрт жинады.Айсана жинаған алмұрт нешеге кем алмадан?
9. Бірінші сөреде 7 кітап , ал екінші сөреде- 5 кітап тұр. Бірінші сөреде екіншіге қарағанда неше кітап артық тұр.
10.Ислам 10 есеп, ал Айбол 6 есеп шығарды. Ислам Айболға қарағанда неше есеп артық шығарды?
Сергіту сәті
Жаңа ғана шалғында,
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып.
Табақта бес алма,
Қолымда үш алма,
Інімде екі алма,
Қосқанда барлығын.
Болады неше алма?
Бір алма атама,
Бір алма әжеме,
Бір алма апама,
Бір алма әкеме,
Нешеуін алады?
Нешеуі қалады?
Ой толғаныс
Күшіктер мен үйректер балапандарында 7 бас пен 20 аяқ бар. Қанша ит күшіктері мен үйрек балапандары бар?
Жауабы: 3 күшік және 4 балапан
Логика
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Заңдылықты іздеуге үйрету
Мақсаты
Сандық заңдылықтарды қалай орналасқаныны жөнінде білімдерін қалыптастыру. өзіндік ойлау қабілетін және тұжырымдама жасау дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже
Қызығушылық
ты ояту
Төмендегі сөздерді оқы
К2лік қазан т10 3кір к3 ті с10а 6н 5 ік 7 к 100ім к2лік с10а
Мағынаны тану
Тапсырма №1
Әр қатардағы сандар қалай орналасқанын мұқият қара,Әр қатардағы кем дегенде 12 сан болатындай етіп жалғастыр.
1 3 5 7 ————–
1 4 7 10____________-
40 38 36 34_____________
70 64 58 52___________
Тапсырма №2
Әр қатардағы сандар қалай орналасқанын мұқият қара,Әр қатардағы кем дегенде 12 сан болатындай етіп жалғастыр.
11 16 21 26______________
2 3 6 7 10 11_____________-
10 11 15 16 20 21____________
Тапсырма №3
Анардың 4 қызыл , 3 сары моншағы бар. Жауаптың әртүрлі нұсқаларын қарастыру керек.
Сергіту сәті
Түлкі базарда жемістер сатып тұр. Сауда жасауға оған маймыл, кірпі, қоян келді. Түлкі айтты: – 1 алма, 2 алмұрт, 3 банан 200 теңге тұрады. – 3 алма, 2 алмұрт, 1 банан 200 теңге тұрады.
Сонда 1 алма, 1 алмұрт, 1 банан қанша тұрады?
Жауабы: 4 алма+4 алмұрт+4 банан = 400 теңге
400: 4=100 теңге
1 алма+1 алмұрт+ 1 банан=100 теңге
Ой толғаныс
Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан?
123456789 987654321
14710 10 7 4 1
Қолданылған әдебиеттер
1. К.Ерешова, Ш. Ыдырысова, Г. Абенова “Логика әлемі” Алматы Өлке 2010 жыл.
2 -3-4 сынып
2. Б.М. Қосанов. Математика курсындағы шығармашылық жаттығулар және оларды орындаудың әдістемесі. 2-сынып
3. Ғаламтор желісінен.
4. С.Ш. Сапарғалиева, С.С. Давлеткалиева, Қ.К. Рахимова.Дарынды балаларға арналған “Зерде” көмекші әдістеме құралы. Орал 2013 жыл.
5. Р. Омаров, Логикалық сұрақтар,есептер ойындар мен құрастырмалар Алматы
«Өлке» 2012 жыл
6. Л.Глазырина.Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинтығы(2,3,4сынып)
7. Н.Н. Амирова «Логика» 2012ж
8. Р.Омаров, Математикадан (қалыптан тыс тапсырмалар тыс есептер мен жаттығулар жинағы) Алматы Рауан 2013ж
9.Н.Ә.Жаманғараева.Т.Ж.Көлбаева Математикадан 105 сабақ,
10. Әдістемелік жинақтар, Алматы баспасы 2011ж.