3 – ойын: «Затты тап» Мақсаты: геометриялық фигуралар туралы білімдерді қалыптастыру; қоршаған дүние туралы білімді кеңейту; топпен жұмыстың іскерлігін дамыту. Топқа бөлініп, топ басшысын сайлайды. Әрбір топтың басшысы геометриялық фигура салынған карточканы суырады. Таңдап алған фигураға қоршаған ортадан ұқсас заттарды атау.
Сергіту сәті. ІҮ.Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма: заттарды жән өлшемі бойынша салыстыру. Сөйлеу мәдениетін дамыту.
Киімі кіл инеден
Дұрысы -оған тимеген. (Кірпі)
-Суреттегі кірпілер бірдей ме? Олар бір – біріне несімен ұқсас және бір – бірінен қандай айырмашылықтары бар?
2 – тапсырма: Геометриялық фигкралар туралы түсініктерді анықтау.
3-тапсырма: Фигураларды пішіні мен өлшемі бойынша салыстыру.
4 – тапсырма:Фигураларды түсі, пішіні, өлшемі бойынша салыстыру. Заңдылықтарын анықтау. Логикалық ойлауды дамыту.
«Торкөздерде» орындалатын тапсырма. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
ІҮ.Рефлексия.
3 – сабақ.
Тақырыбы:Заттардың белгілернің өзгеруі.
Мақсаты: заттардың өзгерістерін көру және өзгерістердің қандай белгілер бойынша орын алғанын анықтау іскерлігін қалыптастыру.
Көрнекіліктер:доп, жеміс – жидектер немесе геометриялық фигуралар салынған суреттер.
І.- Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық. ІІ.Негізгі білімді тиянақтау. Мақсаты:заттардың белгілері туралы бұрын меңгерген білімдерді анықтау; ойын дамыту. -Біз «Ұқсас нәрсе айт» деген бойжазу өткіземіз.
Тәрбиеші бір сөзді айтып, допты балаға лақтырады.Бала мағынасы ұқсас сөздіі айтып, допты қайта лақтырады.
-Үлкен- .....(зор) -Батыл - .....(ержүрек) -Қатқыл-.....(тығыз) -Көңілсіз-.....(жабырқау) -Суық-.......(салқын) Бойжазу әрі қарай «Қарама – қарсы нәрсе айт» тақырыбында өтеді.
-Үлкен-....(кішкентай) -Батыл-.....(қорқақ) Қатқыл- .....(жұмсақ) Көңілді-.......(қуанышты)