Көрнекіліктер: доп, 1-4 сандары бар карточкалар, санақ таяқшалар, геометриялық фигуралар әртүрлі орналасқан плакаттар.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ. Негізгі білімді тиянақтау.
Мақсаты: жаңа білімді енгізу қажеттілігін танытатын жағдайды көрсету.
Түрлі тапсырманы айтып, допты балаға лақтырады.бала жауап беріп қайта лақтырады.
ІІІ.Жаңа материалды меңгеру. Ойын іс-әрекеті.
Бойжазуда бала неше сөз айтқанын анықтау ұсынылады. Тақтаға 1-4 сандары бар карточкаларды іледі. 4 саны қалай шығатын таныстырады.
1-ші ойын: «Керек санды көрсет»
Мақсаты: 4-тің көлемінде есептік санау дағдыларын дамыту.
Қарындашпен үстелді 4-тің көлемінде бірнеше рет соғады, балалар қарындаштың неше рет соғылатына сәйкес саны бар карточкаларды көтеру.
2-ші ойын: «Есте сақтағаны бойынша айтып беру»
Мақсаты: 1-3 цифрлары туралы білімдерді бекіту; 4 санымен және цифрымен танысу. Заттарды әртүрлі белгілері бойынша ажырата білу және қағаз бетінде бағдарлау іскерлігін дамыту. есте сақтау ды дамыту.
Тақтаға түстерімен өлшемі әртүрлі 1-4 цифрлары жазылған плакат ілінбеді. Плакатты алып тастап 4 саны қандай түспен берілгенің сұрау,т.с.с.қағаз бетінде орналасқан сандарды есте сақтап қалу.
Сергіту сәті:
ІҮ.Дәптермен жұмыс.
тапсырма. «Төрт», «артық», «кем» сөздерін пайдаланып суреттерді сипаттау.
тапсырма. Заттарды есептік жіне реттік санау. 1-4 сандарының реттілігімен жұмыс істеу.
тапсырма. Зейінді және логикалық ойлауды дамыту.
«Торкөздерге» орындалатын тапсырма. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Ү.Рефлексия.
15 сабақ
Тақырыбы: Төртбұрыш. Текше.
Мақсаты: төртбұрышпен оның ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Текше түсінігін қалыптастыру. Шаршы мен текшенің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау.
Көрнекіліктер: доп, заттардың суреттері, әртүрлі төртбұрыштар салынған карточкалар, түстері мен өлшемдері әртүрлі текшелер.
Достарыңызбен бөлісу: |